61. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі кезеңдері. 1991 жылғы 16—желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Дүниеге жаңа мемлекет—Тәуелсіз Қазақстан Республикасы, дербес қазақ елі келді.
1992 жылы 2 наурызда БҰҰ—на кірді.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің Қарулы Күштерін құрды. БҰҰ—ның шешімімен тарихқа «Бейбітшілік миссиясы» ретінде енген.
1993 жылы 15—қарашада Ұлттық валюта—теңге айналымға шықты.
Алғашқы Конституцияны 1993 жылы 28 қаңтарда Республиканың Жоғарғы Кеңесі қабылдап, Конституция нормаларының тікелей әрекетін бекітті.
1994 жылдың 16 ақпанында Елбасы Н.Назарбаев Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қол қойды.
1995 жылғы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.
1996 жылдың 30—қаңтарынан бастап екі палаталы парламент жұмыс жасап келеді.
1996 жылы Қазақстанның араласуымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылды.
1997 жылы 20 қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның жаңа астанасы Ақмола қаласы болғанын ресми түрде жариялады. 1998 жылы елордамыз Ақмолаға Астана аты берілді.
1997 жылдың 11 қазанда «Қазақстан—2030» атты ұзақ мерзімді дамуы стратегиялық бағдарламасын қабылдады.
Ал 2005 жылы 18 қаңтарда әлемдегі ең ұзын шекаралық белдеу болған Қазақстан—Ресей шекарасы анықталып, БҰҰ тарапынан мойындалды.
2006 жылдың қаңтарында мемлекетіміздің жаңа Әнұраны қабылданды.
2011 жылы Қазақстанда алғаш рет қысқы Азия ойындары өтті.
2017 жылы Қазақстанда EXPO-2017 көрмесі ұйымдастырылды.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етті.
2021 жылы Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл толды.
62. Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) құрылуы. Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылды. Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында айтты. 1995 жылғы 1 наурызда оның мәртебесін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативті-кеңесші орган деп бекіткен Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлығы шықты. Республикада Қазақстанның барлық этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Ассамблея қызметі Қазақстанның этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешетін ел ретіндегі халықаралық беделін арттыруға ықпал етеді