2.Абай-ағартушы ақын.Әлемдік тану Абай Құнанбаев — ұлы ақын, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. Шын есімі — Ибраһим, бірақ Зере әжесі Абай (қаз. Абай – «ұқыпты», «сақ») деп атаған.
А. Құнанбаев 1845 жылы 10 тамызда Семей облысының Шыңғыстау баурайындағы Қасқабұлақ ауылында (Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы) дүниеге келді. Абайдың арғы тегі билер мен ақсүйектердің руы – Тобықтыдан басталады.
Абайдың сөз өнеріне ерте баулуына әжесі Зере әсер еткен. Әжесі халық ауыз әдебиетін жетік меңгеріп, немересіне білімге деген құштарлық пен сүйіспеншілікті сіңіре білген, Абайдың алғашқы тәрбиешісі және ұстазы десе де болады.
Абай Құнанбаев қазақтар арасында орыс және еуропалық мәдениеттің таралуына өз үлесін қосқан.
Абайдың дүниетанымының қалыптасуына гуманистік идеяларды ұстанған шығыс ақындары мен ғалымдары (Фирдауси, Әлішер Науаи, Низами, Физули, Ибн Сина және басқалары), сонымен қатар орыс классиктерінің шығармалары және солар арқылы жалпы Еуропа әдебиеті әсер етті. Крыловтың, Лермонтовтың, Пушкиннің, Гете мен Байронның шығармаларын аударған.
Абай 170 астам өлең жазды. 56 аударма мен философиялық трактаттар стилінде жазылған 45 «Қара сөздің» авторы. Қара сөздері тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды. Бұл шығармаларында этникалық қазақтардың тарихы, педагогикасы, адамгершілігі және заңы мәселелері көтерілген. Абай қазіргі кезде танымал болып табылатын жиырма шақты әуен шығарып, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз.
3.20 ғ басындағы Қазақстан өміріндег і өзерістер
4. 1905-07 жж Револиюция және Қз
5.Қазақтардық Мемлекеттік Дума жұмысына қатысуы
6.Столыпин аграрлық реформасы және Қазақстан
7.Бірінші дж соғыс және Қазақстан Бірінші дүниежүзілік соғыс (28 шілде, 1914 жыл – 11 қараша, 1918 жыл) — адамзат тарихындағы алғашқы және кең ауқымды соғыстардың бірі. Бірінші дүниежүзілік соғысына Ресей, Франция, Британия, АҚШ сияқты державалар қатысқан. Ол ең жойқын салатын соғыстардың бірі, шамамен 9 миллион адам шайқас фронттарда қырылса, 5 миллион азаматтар оккупация, бомбалау, ашаршылық немесе ауру әсерлерінен өлген. Онымен бірге Осман империясы өткізген геноцидтер мен 1918 жылы басталған испан грипп пандемиясы одан да көп адамдардың өмірлерін алған.
1914 жылы державалар екі қарсы тұрған альянстарға бөлінген, Франция, Ресей және Британиядан тұратын Антанта және Германия, Аустрия-Мажарстан және Италиядан тұратын Үштік одақ.
Соғыстың сипаты- басқыншылық, агрессиялық, империалистік соғыс болды.
Соғыстың себептері:
Империализмнің барлық қайшылықтарының күрт шиеленісуі.
Капиталистік өндіріс тәсілінің әркелкі және секірмелі болуы.
Империалистік державалардың бөлініп қойған дүние жүзінің шекараларын қайтадан бөлуге тырысуы.
Бірінші дүниежүзілік соғысқа Россия дайындықсыз, әскери - өнеркәсіптік әлеуеті (потенциал) төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді.
Бұл соғыс (империалистік) барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін ірі өңірлердің біріне айналды. Соғыс қажетіне жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді. Россияның дүниежүзілік империалистік соғысқа кірісуі Қазақстанды тонауды күшейтті. Соғыс қажетіне деп өлке еңбекшілеріне 10-ға жуық салығы енгізілді:
1. 40899244 пут мақта
2. 38 мың шаршы аршын киіз
3. 3 млн. пут мақта майы
4. 229 мың пут сабын
5. 300 мың пут ет
6. 473928 пут балық
7. 70 мың жылқы
8. 12797 түйе алынды
9. 14 мың киіз үй салынды
Осы жылдары (соғыс жылдары) жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Бір күндік орташа жалақы – 20 тиын. Жұмыс күнінің ұзақтығы – 12-14 сағат. Қымбатшылық артты: ұн-70%, қант-50%, сабын-200%-ға өсті. Кен өндіру, мұнай, көмір өндіру құлдырады. Өндірістегі мамандығы бар жұмысшылар үлесі күрт азайды. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының құлдырап күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты, өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді.
Көтерілістің негізгі себептері:
1. Жердің тартып алынуы (қоныстандыру саясаты);
2. Салықтар мен алымдардың кобеюі;
3. Еңбекшілерді үстем феодал-байлар тобының қанауының күшеюі;
4. Ұлттық араздықтың өршітілуі;
5. Соғысқа байланысты бұқара жағдайының күрт нашарлауы;
6. Орыстандыру саясаты.
Көтерілістің қозғаушы күші - өлкенің жекелеген жерлерінде ғана феодалдар мен клерикалық элементтер көтеріліске басшылықты өз қолдарына түсіріп алды. Тұтас алғанда Қазақстандағы 1916 жылғы көтерілістің қозғаушы күші ауылдың еңбекшілер бұқарасы жұмысшылар, кол-онершілер болды.
Көтерілістің барысы. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы халықтың шыдамын тауысып, оларды отарлау езгісі мен ортағасырлық қанауға қарсы көтерілуіне түрткі болды