Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология


  Қоршаған  орта  мен  адам  ағзасындағы  макро-  және



Pdf көрінісі
бет24/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   122
  3.  Қоршаған  орта  мен  адам  ағзасындағы  макро-  және 
микроэлементтер.  Адам  ағзасында  кездесетін  химиялық 
элементтерді  топтау  жүйесі  әр  түрлі  болып  келеді.  Негізінен 
мына төмендегі топтау жүйесі қабылданған. 
  1.  Макроэлементтер.  Бұл  элементтерге  ағзадағы  мөлшері  10
-2
 
пайыздан жоғары элементтер жатады. Олардың қатары: 
 оттек,  көміртек,  сутек,  азот,биогенді  элементтер,  фосфор, 
күкірт, кальций, магний, натрий және хлор. 
  2. Микроэлементтер. Ағзадағы массалық үлесінің мөлшері 10
-
3
  −10
-5
%  аралығында  болатындар  микроэлементтер  деп  аталады. 
Оларға  жататындар:  йод,  мыс,  мышьяк  (күшән),  фтор,  бром, 
стронций, барий және кобальт. 
  3.  Ультрамикроэлементтер.  Мөлшері  10
-5
  %-дан  төмен 
элементтер  осы  топқа  жатады.  Олар  сынап,  алтын,  уран,  торий, 
радий  және  т.б.  Қазіргі  кезде  ультрамикроэлементтер  мен 
микроэлементтерді  бір  топқа  жатқызады.  Ағзаның  өмір  сүру 
ерекшеліктеріне  (маңызына)  байланысты  химиялық  элементтер 
3-топқа бөлінеді. 
  1.  Өмір  сүруге  қажетті  (ауыстыруға  болмайтын)  элементтер. 
Бұл  элементтер  өсімдіктерде,  жануарлар  ағзасында,  адам 
денесінде  тұрақты  түрде  болады  және  олар  ферменттердің, 


 
 
58  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
гормондардың,  дәрумендердің  (витамин)  құрамына  кіреді:  Н,  О, 
Са,  N,  K,  P,  Na,  S,  Mg,  CI,  C,  J,  Mn,  Cu,  Co,  Fe,  Zn,  Mo,  V. 
Ағзадағы  бұл  элементтердің  жетіспеушілігі  ағзаның  қалыпты 
өмір сүруін бұзады. 
  2.  Қоспалы  элементтер.  Бұл  элементтер  жануарлар  мен  адам 
ағзасында әрқашан да кездеседі: Ga, Sb, Sr, Br, F, B, Be, Li, Si, Sn, 
Cs, Al, Ba, Ge, As, Rb, Ra, Bi, Cd, Cr, Ni, Ti, Ag, Th, Hg, U, Se. Бұл 
элементтердің  ағзадағы  биологиялық  ролі  аз  зерттелген, 
сондықтан олардың атқаратын қызметі де белгісіз. 
Бұл  элеметтер  тобы  да  адам  мен  жануарлар  ағзасынан 
табылған.  Олардың  мөлшері  мен  биоло-гиялық  рөлі  толық, 
зерттелмеген. Оларға жататындар: Sn, Ti, Jn, La, Pr, Sm, W, Re, Tb 
және т.б. 
  Көптеген  жасушалар    мен  ағзалардың  өмір  сүруіне  қажетті 
элементтер биогендік элементтер деп аталады. 
  Қазіргі кезде ағзадағы барлық биогендік элементтерді, әсіресе 
концентрациясы  өте  төмен  микроэлементтерді  анықтау  және 
олардың  биологиялық  рөлін  зерттеу  мүмкін  болмай  отыр.  Осы 
кезеңде  ағзадағы  24  биогенді  элементтердің  мөлшері  мен 
биологиялық қызметі толықтай зерттелді деп айтуға болады. 
  Жер  қыртысындағы  пайдалы  қазбалардың  орнын  анықтауда 
геохимия  ғылымы  зор  химиялық    маңызы  бар  химиялық 
заңдылықтарға  сүйенеді.  Геохимияның  ғылыми  сала  болып 
қалыптасуына  орыс  ғалымы  В.И.Вернадский  өлшеусіз  үлес 
қосты. 
  Химиялық  заттардың  тірі  организмдер  мен  қоршаған  ортаға 
тигізетін  әсеріне  өте  көптеген  мысалдар  келтіруге  болады. 
Айталық,  ауаға  болмашы  мөлшерде  таралған  хлор  элементі 
атмосфераның 
жоғарғы 
қабаттарындағы 
озонның 
концентрациясына  айтарлықтай  әсер  ететіні  анықталған.  Біз 
озонның  жер  бетін,  ондағы  тіршілік  атаулыға  қауіп  төндіретін 
Күннің  ультракүлгін  сәулесінен  қорғайтын  экран  түзетінін 
білеміз. 
  Әртүрлі отынды – мұнай мен мұнай өнімдерін, тас көмір мен 
қоңыр  көмірді,  жанғыш  тақтатасты,  газ  бен  шымтезекті 
пайдаланудан атмосфераға оны ластайтын антропогендік ластану 


 
 
 
59
 
өнімдері  таралып,  экотоксикологиялық  проблеманы  күшейте 
түседі.  Бұлар  жанған  кезде  көптеген  мөлшерде  минералдық 
бөлшектер  түзіледі.  Мұндай  қазба  байлықтарды  пайдаланудан 
қоршаған орта айтарлықтай ластанады, кейде тіпті уланады. 
  Зиянды  қоспалардың  концентрациясын  азайту  үшін  жылу 
электр 
стансалары 
мен 
ірі 
өнеркәсіп 
орындарының 
қазандықтарын  биіктігі  100-200  метрден  асатын  түтін  шығару 
құбырларымен жабдықтайды. 
   Қазіргі  өнеркәсіп  орындары  мен  көліктер  ауаға  табиғи 
қоспаларда  мүлде  кездеспейтін  көптеген  заттарды  бөліп 
шығаруда. 
Ал 
тірі 
организмдерде 
мұндай 
заттарды 
зарарсыздандыратын  эволюциялық  иммунитеттер  жоқ.  Олардың 
кейбіреулері,  мысалы,  химиялық  өндірістердің  көптеген  аралық 
өнімдері аса улы болады. 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет