Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология


 Ауылшаруашылық токсикологиясына себепші болатын



Pdf көрінісі
бет22/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   122
  8. Ауылшаруашылық токсикологиясына себепші болатын 
факторлар. Қазіргі ауылшаруашылық өндірісіне дақылдар өсіру, 
мал  өсіру,  жөндеу  жұмыстары,  алғашқы  өңдеу  секілді  шаралар 
тән болып отыр. Олардың көпшілігіне далада еңбек ету, шектеулі 
жұмыс  уақыты,  еңбеккерлерге  әр  түрлі  улы  хими-каттардың, 
минералдық 
тыңайтқыштардың, 
әр 
түрлі 
биологиялық 
факторлардың әсер ету қаупі тән болуда. 
  Механизаторлардың  еңбек  гигиенасы.  Егіс  жұмыстары 
алдында топырақты өңдеу, тұқым себу, күтім жасау, өнім жинау 


 
 
48  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
секілді алуан түрлі шаралар дәнді дақылдарды, қызылша, картоп 
жинау  үшін  тракторлар  мен  комбайндарды  пайдалануды  қажет 
ете-ді.  Олар  түрлі  жанар-жағармайларды  пайдалана  отырып 
жүргізілетіндіктен,  қоршаған  ортаға  алуан  түрлі  қоспалар 
шығарады,  адам  ағзасына  көптеген  факторлардың  әсер  етуіне 
әкеп соқтырады. 
  Механизаторлардың  дала  жұмыстары  еңбектің  таза  түрі 
секілді  болып  көрінгенімен,  оларға  әсер  ететін  негізгі  өндірістік 
факторлардың  бірі  қолайсыз  микроклимат  деп  танылады. 
Техника 
 
кабинасындағы 
микроклимат 
көрсеткіштері 
метеорологиялық 
жағдайлармен, 
жұмыс 
істеп 
тұрған 
двигательден  бөлінетін  жылумен,  қатты  қызған  немесе  суық 
металл  бетіндегі  жылу  немесе  суық  факторлардың  болуымен 
экологияға өзіндік «үлесін» қосады. Жылдың жылы маусымында 
сыртқы  ауа  температурасының  25-30
0
С-ге,  ал  машина 
кабинасының  төбесінде  50-60
0
С-ге  дейін  қызуы,  кейбір 
аймақтарда  одан  да  асып  кетуі  механиза-торларға  қалай  әсер 
ететіні  айтпай-ақ  түсінікті  болар.  Ал  жылдың  суық  мезгілінде 
көктемгі  және  күзгі  дала  жұмыстарын  қауырт  жүргізу,  қар 
тоқтату  секілді  науқандық  шараларда  жылудың  жетіспеушілігі 
тағы  да  проблема  туғызады,  артық  жанар-жағармай  шығынын  
қажетсініп,  бұл  да  экологияға  теріс  әсерін  тигізеді,  ауаны, 
қоршаған ортаны тиісінше улайды. 
  Ауылшаруашылық  жұмыстарында  сыртқы  орта  мен  адам 
организміне тұрақты әсер ететін факторлардың бір тобы – тағы да 
шу  мен  діріл  болып  табылады.  Шу  мен  діріл  көздеріне  жұмыс 
істейтін  двигатель  жатады.  Техника  кабинасындағы  шудың 
деңгейі рұқсат етілген шамадан 20-25 дБ артық болып кетеді. Ал 
бұдан  механизаторлардың  денсаулығы,  есту  қабілеті  нашарлап, 
тез  шаршауы,  бас  айналуы,  жүйке  жүйесінің  бұзылатыны 
байқалады. 
  Ауылшаруашылық  машиналарымен  жұмыс  істейтіндерге 
ұдайы  теріс  әсер  ететін  фактор  –  бұл  аралас  діріл  проблемасы. 
Оны бір қарағанда көпшілік жұмысшылар байқап, елей бермейді. 
Двигательден  берілетін  діріл  жүргізушілердің  орны,  техника 
тетіктері  арқылы,  сондай-ақ  жер  бедерінің  кедір-бұдырлығынан 


 
 
 
49
 
туатын  жалпы  діріл,  жиі  дүмпу  адам  организміне  ұдайы  әсер 
етумен болады. Техника сағатына 11 км жылдамдықпен жүргенде 
ең  үлкен  дүмпулер  басталады.  Олар  көбіне  бірсарынды 
болғанымен, деңгейлері рұқсат етілген шамадан артып кетеді. 
  Техника  дірілінің  адам  организміне  әсер  етуінен  адамның 
түрлі  дене  мүшелерінің    қалыпты  қызмет  ету  режиміне  нұқсан 
келеді, тірек-қимыл аппаратында ауытқушылық байқалады, кейде 
олар  жарақаттанады,  бұлшық  еттердің  қажуы  дағдыға  айналады, 
әйел  механизаторларда  жыныс  мүшелерінің  қабынуы,  етек-кір 
келуінің  бұзылуы  кездеседі.  Мұндай  дірілдің  ұзақ  әсер  етуінен 
созылмалы аурулар пайда болады. 
  Ауылшаруашылық  экотоксикологиясына  ұдайы  душар  ететін 
факторларға  айнала  ортадағы  шаң-тозаң  мен  пайдаланатын 
техникалардан  шығатын  жанар-жағармай  газдарын  қосуға 
болады. Жер жырту, тұқым себу, топырақ өңдеу, культивациялау, 
өнім  жинау  науқандарында  ауаның  шаң-тозаңмен  және  улы  газ-
дармен  ластануы  тұрақты  құбылысқа  айналған.  Бұл  тіпті  бүкіл 
ғаламдық  проблема  болып  отыр.  Шаң-тозаң  мен  газдардың 
құрамында  түрлі  органикалық  қосылыстар,  алуан  түрлі 
бактериялар,  патогенді  микроорганизмдер,  гельминт  құрттардың 
жұ-мыртқалары, 
саңырауқұлақ 
споралары, 
агрохимиялық 
шаралар  ретінде  енгізілген  минералдық  тыңайтқыштар  мен  улы 
химикаттардың бөлшектері көптеп кездеседі. Дәнді дақылдарды, 
мақта,  картоп,  қызылша,  көкөністерді  жинау  кезінде  көп 
мөлшерде  минералдық  шаң-тозаң  түзіледі,  ауаға  шығарылатын 
газдардың мөлшері әдеттегіден әлде неше есе артады да, тиісінше 
экотоксикология 
проблемаларын 
туғызады. 
Ауыл 
шаруашылығында  ұзақ  жылдар  бойы  еңбек  ететін  адамдарда 
осындай  шаң-тозаң  мен  газдарды  сіңіруден  созылмалы  бронхит 
секілді  аурулар  пайда  болатыны  байқалады.  Шаң-тозаң  мен  улы 
газды  ортада  ұдайы  жұмыс  істеу  адамның  жоғарғы  тыныс 
жолдарының,  көз  бен  терінің  қабынуына  себепші  болады. 
Өсімдік  текті  компоненттер  аллергиялық  аурулардың  – 
поллиноздың дамуына әкеп соқтыруы мүмкін. 
  Ауылшаруашылық 
еңбеккерлерінің 
экотоксикологиялық 
жағдайларын  жақсарту  мақсатында  атқарылатын  шаралардың 


 
 
50  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
қатарына  нормаланған  жұмыс  күнін  енгізу,  дене  жүктемелерін 
сақтау,  шу  мен  діріл  деңгейі  азайтылған  машиналарды 
құрастыру,  олардың  кабиналарында  қолайлы  еңбек  ету 
жағдайларын  туғызу,  шаңдату  мен  тозаңдатуды,  газдануды 
төмендету  әдістерін  қолдану,  жақсы  желдету  қондырғыларын 
орнату, 
жанар-жанармайдың 
шығынына 
тосқауыл 
қою, 
кабиналарды  дыбыстан  оқшаулау,  діріл  көздерін  оңтайландыру 
секілді 
міндеттерді 
шешу 
жатады. 
Бұларға 
қоса, 
механизаторларды  шаң-тозаң  мен  улы  газдардан  қорғайтын 
комбинезондармен,  көзді  сақтандыратын  көзілдіріктермен  және 
тыныс  алу  мүшелерін  қорғайтын  респираторлармен  қамтамасыз 
ету қажет. 
  Мал  және  құс  шаруашылығындағы  экотоксикологиялық 
факторлардың  алдын  алу.  Бүгінде  қоғам  өмірінің барлық  саласы 
ауыл  шаруашылығымен,  оның  ішінде  мал  және  құс  өсіру 
шаруашылығымен  тығыз  байланыста  қызмет  етуде.  Қазіргі 
заманғы мал шаруашылығы – сүт өндіру, ірі қараны бордақылау, 
жылқы,  шошқа,  қой  және  құс  өсіру  ісі  ірі  өнеркәсіптік  жолға 
қойылған.  Олардың  барлығы  дерлік  мал  өсіру  кешендерінде 
күтіп-бағылады,  мұнда  осы  заманғы  автоматтандырылған  және 
механикаландырылған әр түрлі құралдар пайдаланылады. 
  Осы  заманғы  мал  және  құс  өсіру  шаруашылықтарында  алуан 
түрлі  технологиялар  мен  техникалардың  қолданылуы,  өндірістің 
жан-жақты  автоматтандырылуы  мен  механикаландырылуы,  сөз 
жоқ,  өзімен    бірге  бірқатар  экотоксикологиялық  жағдайларды 
туындатуда. Бүгінде ол кейде болмай қоймайтын құбылыс. 
  Айталық, ірі қара мал өсіру кешендерінде жануарларды күтіп-
баптайтын  сауыншылар,  бұзау  бағушылар,  малшылар,  жем-шөп 
дайындайтын  цех  жұмысшылары  еңбек  етеді.  Оларға  қоса, 
механизаторлар,  жабдықтаушылар,  тасымалдаушылар  секілді 
қосалқы  қызмет  иелері  де  бар.  Бұлар  еңбек  әрекеті  барысында 
өндірістік  орта  мен  әр  түрлі  еңбек  факторларының  әсеріне,  атап 
айтқанда,  атмосфера  ауасы  мен  айналадағы  ортаның  химиялық 
және  биологиялық  ластануына,  қолайсыз  микроклиматтың 
әсеріне,  шу  мен  дірілдің  түрліше  деңгейіне,  дене  еңбегі  мен 
жүйке-сезімдік  жүктемелердің  әсеріне  ұшырайды.  Сиыр  сауу, 


 
 
 
51
 
жемшөп  әзірлеу,  қоражайларды  қи-қоқыстардан  тазарту 
жұмыстарының 
өзіндік 
қиындықтарына 
қоса, 
экотоксикологиялық әсері болмай қоймайтыны даусыз. Бір кезде 
малды  қолмен  сауудың  ауырлығы  мәселесі  сөз  болса,  мұндай 
еңбектің  адам  ағзасына  қандай  салдары  болатынын  сала 
еңбеккерлері  өз  басынан  кешетін.  Мұндай  жұмыстан  адамның 
білек  және  иық  бұлшық  еттері  шаршайды,  тендовагинит, 
нейромиялгия,  шынтақ  және  орталық  жүйке  невриттері, 
саусақтың  бүгілмелі  контрактурасы  секілді  сырқаттар  пайда 
болады.  Ал  қазіргі  кезде  малды  машиналармен  сауу  үрдісі 
сауыншылардың  қол  еңбегін  әлдеқайда  жеңілдетіп,  оларға 
түсетін  дене  еңбегінің  жүктемесін  азайтуы  санитарлық-
гигиеналық жағдайларды да жақсарта түсуде. 
  Бүгінде 
мал 
шаруашылығы 
айтарлықтай 
механикаландырылып  отырған  кезеңде  бір  оператор  сауу 
қондырғыларымен    80  –  100  сиырды  түрегеп  тұрып  саууға  қол 
жеткізген.  Мұнда  ол  сиырдың  желінін  жуады,  уқалайды,  
емшекке  сауын  аппараты-ның  саусақтарын  кигізеді,  ал  мұндай 
операциялар 
санитарлық-гигиеналық 
талаптардың 
қатаң 
сақталуын  қажет  етеді.  Мұндай  әрекеттер  жиі  қайталанып 
отыратын, бірсарынды үрдіс болғандықтан, адамның қол бұлшық 
еттеріне күш түсіреді. 
  Еліміздегі  қора-жайлардың  ішін,  ауасын  жануарлардың 
тіршілік  өнімдері  –  аммиак,  күкіртсутек,  көмірқышқыл  газы, 
ұшпа  және  май  қышқылдары  ластайды,  жеткілікті  желдету 
жүйесінің  жоқтығынан  олардың  концентрациясы  белгіленген 
нормативтерден  әлде  неше  есе  артық  болуы  мүмкін.  Мұндай 
қосы-лыстар  адамның  киіміне,  шашына,  терісіне  сіңіп,  ұзақ 
сақталатындықтан,  ағзаны  уландырады,  адамда  жағымсыз  иіс 
пайда  болады.  Зиянды  заттар  концентрациясының  артуы  тыныс 
жолдарын зақымдайды, көру мүшесіне күш түсіреді. Сөйтіп, эко-
токсикологиялық проблемаларды туындатады. 
  Қоршаған  орта  мен  ауа  көбіне  әр  түрлі  патогенді 
бактериялармен, 
вирустармен, 
микроскопиялық 
саңырауқұлақтармен  ластанады.  Мұндай  экотоксикологиялық 
ластану  көздері  –  сұйық  тезек,  ағын  су,  сарқынды  су,  жемшөп, 


 
 
52  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
төсеніш, санитарлық киім, ыдыс-аяқтар және т.с.с. Қора-жайдағы 
ортада  мал  ауруларын  емдеу  және  олардың  алдын  алу  үшін 
қолданылатын антибиотиктер, мал азақтық шөптер егісін өңдеуге 
пайдаланылатын 
улы 
химикаттар 
мен 
гербицидтер, 
микробиологиялық 
синтез 
өнімдері 
болып 
табылатын 
ашытқылар,  дәрумендік  заттар,  антиоксиданттар  және  т.б. 
кездесуі  мүмкін.  Мал  өсірушілер  мен  қоршаған  орта  сондай-ақ 
туберкулез,  сарып,  сальмонеллез,  сібір  жарасы,  листериоз, 
лептоспироз,  кандидоз,  токсоплазмоз,  кокцидиоз,  эхинококкоз 
секілді  инфекцияларды  жұқтырып,  нағыз  экотоксикологиялық 
дертке шалдығатын қатерге ұшырайды. 
  Экотоксикологиялық  проблемалардың 
бір  көзі  –  құс 
шаруашылығындағы  жағдайлардан  туындайды.  Бұл  саланың 
еңбеккерлеріне  де  көптеген  токсикологиялық  заттардың  әсер 
ететіні  белгілі.  Атап  айтқанда,  ұдайы  қолайлы  бола  бермейтін 
микроклимат  жағдайлары,  ауа  мен  қоршаған  ортаның,  үй-
жайлардың  ластануы,  жағымсыз  иістер,  физикалық  және 
эмоциялық  ауырт-палықтар  адамның  денсаулығына  әсер  етпей 
қоймайды.  Мұнда  қолданылатын  механизмдер,  жұмыртқаны 
жарып шығатын балапандарды ұстау, сұрыптау, жұмыртқаларды 
ұстау,  оларды  қораптар  мен  инкубаторларға  орналастыру,  жас 
балапандарды  күту,  қасапханада  құстарды  сою,  өңдеу,  ішек-
қарнын  ақтару  жұмыстарының  экологияға  және  адам  ағзасына 
зияны жоқ деп айтуға болмайды. 
  Құс  өсіру  саласының  да  өзіндік  экологиялық,  токсикалық 
жағдайлары  бар.  Мұндағы  үй-жайларда  да  шаң-тозаң,  газдар 
кездеседі.  Инкубатор  цехтарында  балапандардың  қауырсынынан 
шаң-тозаң көтеріледі. Мұндай шаң-тозаңның құрамында азықтық 
қоспалар,  антибиотиктер,  қауырсын,  мамық,  түрлі  микрофлора 
кездесіп,  ауаны  улайды,  аллергия  тудырады.  Ал-лергиялық 
ринопатия, созылмалы бронхит, демікпе, конъюктивит, дерматит, 
экзема секілді аурулар осындай факторлардан пайда болады. 
  Қой  өсірудің  де  бірінші  кезектегі  пайдасымен  қатар,  болмай 
қоймайтын  экотоксикологиялық  зардаптары  олармен  ұдайы 
күрес жүргізіп отыруды қажет етеді. Бұл сала еңбегінің өзіне тән 
қиындықтары  бар.  Мұнда  еңбек  ететін  шопандар  ұзақ  мерзім 


 
 
 
53
 
түзде  болады,  бүкіл  жұмыс  күнін  ашық  ауада  өткізеді,  алуан 
түрлі  ауа  райының  әсеріне  ұшырайды.  Жүн  қырқу,  қой  қоздату, 
сақпаншылық,  қауіпті  ауруларды  жұқтыру  секілді  проблемалар 
жыл  сайын  қайталанып  отырады.  Терінің  іріңді  зақымдануы  жиі 
кездеседі.  Ерлердің  түрлі  жарақаттарына  қоса,  шопандар 
әйелдерінің қынап пен жатырдың төмендеуі, жыныс мүшелерінің 
қабынуы  қой  шаруашылығының  әдеттегі  қосалқы  зардаптары 
болуда. 
  Қазіргі  нарықтық  заманда  кеңес  өкіметі  тұсындағы  көптеген 
нақты 
шаралардың 
қысқартылуы 
мал 
шаруашылығына 
айтарлықтай  нұқсан  келтіруде.  Малдардың  уақтылы  емделмеуі 
түрлі  қауіпті  ауруларға  ұшыратады.  Олардың  індетке  – 
эпидемияға  айналып  кету  қаупі  төніп,  елімізде  нағыз 
экотоксикологиялық  жағдайды  өршітеді.  Тек  пайда  табу 
мақсатымен  малдәрігерлік-санитарлық  жағдайларды  елемеудің 
салдары  қоршаған  ортаға,  адамдарға  қисапсыз  зиян  келтіруі 
мүмкін. 
  Өдірістік  үрдістерді,  әсіресе  ауыр  дене  еңбегін  –  мал  суару, 
оларды  азықтандыру,  қора-қопсыларды  тазарту  жұмыстарын 
автоматтандыру  мен  механикаландыру  жұмысшылардың  еңбек 
жағдайларын  жақсартудың  негізгі  жолдарына  жатады  және 
экотоксикологиялық  жағдайларды  жақсартуға  себепші  болады. 
Ауаның  ластануын  азайту  үшін  қораларды  қидан,  тезектен,  нә-
жістен,    жем  науаларын  оқтын-оқтын  зарарсыздандырып,  жем-
шөптің  қалдықтарынан  тазартып  отыру  керек.  Микробтармен 
ластанумен  күресу  үшін  бактерицидті  шамдардың  әсерін  пай-
далану  тиімді  болады.  Қора-жайларда  жасанды  желдетуді 
ұйымдастыру көп жағдайды жеңілдетеді. 
  Ауыл  шаруашылығында  кеңінен  қолданылатын  химиялық 
және  биологиялық  заттардың  қатарына  пестицидтер  жатады. 
Олардың  бір  тобы  өсімдіктерді  жәндіктерден,  кенелерден, 
микроскопиялық 
саңырауқұлақтардан, 
құрттардан, 
бактериялардан  қорғаса,  екіншілері  –  арамшөптерді,  ұсақ 
организмдерді 
жояды, 
үшіншілері 
– 
өсімдіктердің 
жапырақтарының түсуіне себепкер болады. 


 
 
54  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
  Өндірістік жағдайларда пестицидтер организмге көбіне тыныс 
алу  жолдары  арқылы  өтеді,  тері  және  шырышты  қабық,  ішек-
қарын жолдарымен де өтуі мүмкін. 
  Өндірісте  уланудың  бірқатар  алдын  алу    шаралары 
жүргізіледі.  Олардың  ішіндегі  ең  тиімдісі  –  аса  улы  заттарды 
улылығы  аз  және  тұрақтылығы  төмен  заттармен  алмастыру, 
тұқымдарды  дәрілеуде  жабдықтарды  герметизациялау  және 
сормалы  желде-туді  қолдану.  Егістікке  пестицидтер  қолдануда 
жұмысшыларға  арнайы  киім,  аяқ  киім,  қолғап,  көзілдірік, 
респиратор, кейбір жағдайларда – противогаз  беру қажет. 
  Адам  организмі  үшін  аса  улы  заттармен  жұмыс  істеу 
ұзақтығы 3 сағаттан аспауы, ал зиянды заттармен жұмыс істеуде 
6 сағаттан аспауы керек. Жасы 18-ге толмағандар мен жүкті және 
бала  емізетін  әйелдердің  мұндай  жұмыс  істеуіне  тыйым 
салынады. 
 
 
Бақылау сұрақтары 
 
1. Өндірістік факторлар деген не? 
2. Қауіпті, зиянды факторларға нелер жатады? 
3. Кәсіптік аурулар қалай пайда болады? Олардың қандай 
топтары бар? 
4. Өндірістік факторлардың қолайсыз әсерінің алдын алудың 
қандай  шаралары бар? 
5. Ой және дене еңбегі гигиенасының мақсаты неде? 
6. Ой және дене еңбегінің қандай айырмашылықтары бар? 
7. Өндірістегі қолайсыз ахуалдың алдын алудың қандай 
шаралары бар? 
8. Өндірістік шаң-тозаңның қолайсыз әсерімен күресу 
жолдары қандай? 
9. Өндірістегі шумен, ультрадыбыспен, дірілмен күрес 
жүргізу дегеніміз не? 
     10.Ауылшаруашылық токсикологиясына қандай факторлар 
себепші болады? 
 


 
 
 
55
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет