Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология


  Өндірістік  діріл  –  зиянды  және  қауіпті  фактор



Pdf көрінісі
бет21/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   122
  7.  Өндірістік  діріл  –  зиянды  және  қауіпті  фактор.  Діріл  – 
техникадағы 
(машиналардағы, 
механизмдердегі, 
конструкциялардағы және т.с.с.) механикалық тербелістердің бір 
түрі.  Пайдалы  діріл,  мысалы  дірілдеткіш  машиналардың  жұмыс 
органдары  арқылы  арнайы  жасалып,  құрылыста,  машина  жасау 
саласында пайдаланылады. Ал зиянды діріл көлік құралдарының 
жүрісінен,  двигательдердің,  турбиналардың  жұмыс  істеуінен 
және т.с.с. пайда болады және жұмыс режимін, әлде нені бүлдіруі 
мүмкін.  Зиянды  дірілден  қорғану  үшін  дірілдерді  оқшаулауыш 
пайдаланылады.  Діріл  адам  организміне  пайдалы  да,  зиянды  да 
әсер етуі мүмкін. 
  Механикалық  тербелістердің  адамға  берілу  жолы  бойынша 
діріл мынадай түрлерге бөлінеді: 
  −  жалпы  діріл  –  отырған  немесе  тұрған  адам  денесінің  тірек 
бөліктері арқылы берілетін діріл; 
  − жергілікті діріл – адамның қолы арқылы берілетін діріл. 
  Пайда  болу  көзіне  қарай  жергілікті  діріл  (балға,  перфоратор, 
бұрғылау машиналары, электр және бензоаралар), машиналардың 
қолмен  басқаратын  тетіктері  арқылы  адамға  берілетін  діріл; 
жалпы діріл – көлік дірілі; технологиялық діріл (станок, агрегат, 
ұста жабдықтары) болуы мүмкін. 
  Жиілігіне  қарай  –  төмен  жиілікті  (1  –  4  Гц),  орташа  жиілікті 
(8-6 Гц), жоғары жиілікті (31 – 63 Гц) діріл анықталған. 
  Сақталу  уақытына  қарай  тұрақты  және  тұрақсыз  дірілді 
ажыратады. 


 
 
 
47
 
  Дірілдің адам ағзасына зияны. Ағзаға әсер ету нүктеріне қарай 
жергілікті  (пневматикалық  шойбалғамен  жұмыс  істеу)  және  бір 
мезгілде бүкіл ағзаға әсер ететін жалпы діріл белгілі. Оның ағзаға 
ұзақ уақыт әсер етуінен діріл ауруы пайда болады. 
  Жергілікті  дірілдің  әсерінен  5  –  7  жылдан  кейін  діріл  ауруы 
біртіндеп  дамиды.  Мұнда    қан  тамырларында,  бұлшық  ет 
жүйесінде, мида, жұлында өзгерістер туады. 
  Дірілге  байланысты  аурулар  алдыңғы  орындардың  бірінде 
тұр. Дірілдің шамасы да нормаланады. Мысалы, діріл деңгейі  12 
дБ-ден артқанда қол  аспаптарымен жұмыс істеу уақыты            30 
минутқа дейін қысқартылады. Қауіпті діріл сақталатын жағ-дайда 
жұмыс  істейтіндер  үшін  арнайы  жұмыс  режимі  белгіленген. 
Оларға  жұмыс  ауысымы  басталған  соң  1-2  сағаттан  кейін 
ұзақтығы  20  минуттық  және  түскі  үзілістен  кейін 2  сағаттан  соң        
30 минуттық үзіліс беріледі. Дірілдің бір реттік үзіліссіз әсер ету 
ұзақтығы  10-15  минуттан  аспауы  тиіс.  Сондықтан  дірілдің  әсер 
ету  уақытын  азайту  үшін  жұмысшылары  бірнеше  мамандықты 
меңгерген,  бірін-бірі  ауыстыра  алатын  жұмыс  бригадалары 
құрылады. 
  Мұндай  салада  еңбек  ететіндерге  жеке  басты  қорғайтын 
құралдарды  қолдану  міндетті  болып  табылады.  Оларға  дірілге 
қарсы  қолғаптар,  аяқ  киім,  ұлтан,  тізеліктер,  кеудешелер, 
белбеулер мен арнайы костюмдер жатады. 
  Діріл  пайда  болатын  жұмысқа  жасы  18-ге  толмағандар 
жіберілмейді,  гипертония,  артерия,  стенокардия,  неврит, 
омыртқа,  остеохондроз,  есту  мүшесі  аурулары  бар  адамдар 
мұндай жұмысқа қабылданбайды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет