Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология



Pdf көрінісі
бет36/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   122
Байланысты:
ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ-1

10– сурет. Алматыдағы тұман (смог) 
 
     Тағы  бір  айта  кетерлік  жайт  –  экологияның  улануына, 
ластануына «үлес» қосатын бір фактор – бұл күкірт айналымынан 
туындайтын қышқыл жаңбырлардың зияны болып отыр. Күкірт – 
бұл  топырақта  сульфаттар    түрінде  кездесетін  биогенді  элемент, 
400-ден  астам  минералдың  түзілуіне  қатысатыны-ақ  оның 
маңыздылығын көрсетеді. 
     Фосфор  айналымы  –  бұл  жер  қыртысында  айтарлық  қоры  бар 
шөгінді циклге мысал болады. Ол әр түрлі минералдың құрамына 
кіреді.  Оны  өсімдіктер  сіңіреді,  органикалық  қосылыстардың 
құрамында  қоректік  тізбек  арқылы  экологиялық  жүйенің  басқа 
организмдеріне  өтеді.  Клеткалардың  тыныс  алуы  нәтижесінде 
қоршаған  ортаға  шыққан  фосфорды  қайтадан  өсімдіктер  сіңіріп, 
жаңа  цикл  басталады.  Су  қоймаларына  түскен  фосфор  онда 
жинақталып, қанығады. 
     Барлық химиялық элементтердің ішінде тірі заттың құрамында 
кездесетін көміртек, оттек, азот, фосфор, күкірт секілді биогендік 
элементтер айналымы биосфера үшін аса маңызды фактор болып 
табылады.  Мәселен,  жасыл  өсімдіктер  фотосинтез  процесі 
нәтижесінде  1  жылда  480  млрд  т  затты  тұтынады,  атмосфераға 


 
 
 
81
 
250 млрд т бос оттек шығарылады. Биосфера қалыптасқан уақыт 
ішінде  атмосферадағы  бос  оттек  кемінде  миллион  рет  жаңарған, 
ал  Дүниежүзілік  мұхит  суы  кемінде  300  рет  биогендік  циклден 
өткен. 
 
Бақылау сұрақтары 
 
1.    Биосфераның  құрылысы,  типтері,  тіршілік  шекаралары 
туралы қандай ғылыми деректер бар? 
2.    Биосфера  эволюциясында  тірі  организмдер  қандай  рөл 
атқарады? 
3.  Биогеохимиялық цикл деп нені түсінеміз? 
4. Биосферадағы заттар мен энергия айналымы (зоологиялық, 
биологиялық, антропогендік, су, көміртек, азот айналымы) қалай 
өтеді?  
5.  Тұман (смог) дегеніміз не? 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет