Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология


    Қоршаған  ортаның  ластану  деңгейін  сандық



Pdf көрінісі
бет39/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   122
Байланысты:
ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ-1

3.    Қоршаған  ортаның  ластану  деңгейін  сандық 
бағалаудың өлшемдері – критерийлері ретінде ластану индексі, 
шекті,  фондық және  уыттылық  концентрациясы пайдаланылады. 
Ластану  индексі  дегеніміз  –  бұл  қоршаған  ортада  ластаушы 
заттың  болуын  және  оның  тірі  организдерге  әсер  ету  дәрежесін 
сапалық және сандық тұрғыдан көрсететін көрсеткіш. 
     Ластаушы  заттың  шекті  рауалы  концентрациясы  (ШРК)  –  бұл 
ұдайы  жанасуда  немесе  белгілі  бір  уақыт  ішінде  іс  жүзінде 
адамның денсаулығына әсер етпейтін қоршаған ортадағы зиянды 
заттың  мөлшері.  Мұндай  нормалаушы  концентрация  көптеген 
елдерде  енгізілген.  Олар  жер  бетіндегі  атмосфераға,  суға, 
топыраққа, өсімдіктерге, азық-түлік өнімдеріне белгіленген. 
     Фондық  концентрация   –  бұл  қоршаған  орта нысандарындағы 
ластаушы заттың мөлшері. 


 
 
86  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
     Уыттылық  концентрация  ретінде  зиянды  заттың  түрліше 
мерзім  әсер  етуде  тірі  организмдерді  өлімге  душар  ететін 
концентрациясын,  немесе  зиянды  заттың  әсер  етуі    нәтижесінде 
30  тәулік  ішінде  тірі  организмдердің  тіршілігін  жоятын 
концентрациясын түсінеміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет