Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология



Pdf көрінісі
бет33/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   122
 
5-кесте 
 
Биосферадағы тірі организмдердің атқаратын қызметі 
(В.И.Иванов, О.В.Васильева, Н.В.Иванова. Общая и медицинская 
экология.  2010 ж.) 
 
Қызметі
 
Қысқаша сипаттамасы
 
Энергетикалық
 
Фотосинтездің 
және 
химиялық 
өзгерістердің нәтижесінде күн энергиясын 
сіңіру;  әр  текті  тірі  ағзалардың  қоректік 
тізбегі бойымен энергияның таралуы
 
Концентрациялық
 
Тірі  ағзалардың  сыртқы  ортада  шашырап 
таралған 
химиялық 
элементтерді 
жинақтауы;  организмдер  өз  денесі  мен 
қаңқасына 
азот, 
фосфор, 
кремний, 
кальций,  магний  секілді  элементтерді 
сіңіреді
 
Тотықтыру-
тотықсыздандыру
 
Fe,  Mn  секілді  айнымалы  валенттікті 
атомдары  бар  заттарды  өзгерту;  мысалы, 
көмірсулардың 
көмірқышқыл 
газына 
дейін тотығуы және оның көмірсуға дейін 
тотықсыздануы
 
Ыдырату
 
Биогендік 
және 
биогендік 
емес 
органикалық  заттардың  минералдануы; 
жансыз, 
бейорганикалық 
заттың 
ыдырауы; 
пайда 
болған 
заттардың 
биологиялық айналымға қатысуы
 
Орта түзуші
 
Ортаның 
физикалық-химиялық 
параметрлерін өзгерту
 
Тасымалдау
 
Заттарды  ауырлық  күшіне  қарсы  және 
горизонталь бағытта тасымалдау
 


 
 
 
75
 
3.  Биосферадағы  биогендік  элементтер  мен  судың 
биогеохимиялық  циклдері.    Тірі  организмдердің  белсене 
қатысуымен  химиялық  элементтердің  орын  ауыстыруы  мен 
өзгеруін Вернадский биогеохимиялық цикл деп атаған. 
     Заттар  айналымы  мен  энергия  ағыны  жөніндегі  түсінік 
биосфера туралы ілімнің түйінді бөлімі болып саналады. Осыған 
орай бірнеше заттар айналымына  тоқталуға тура келеді. 
     Геологиялық заттар айналымы Күн энергиясының қатысуымен 
өтетін  геологиялық  үрдістердің  нәтижесінде  жер  бедерінің  түрлі 
формаларының  түзілуі  мен  бұзылуын  білдіреді  (тау  түзілуі,  тау 
жыныстарының  үгілуі,  жаңа  материктердің  пайда  болуы  және 
т.с.с.).  Геологиялық  заттар  айналымы  тірі  организмдердің 
қатысуынсыз  өтеді  және  биосферадан  тыс  жатқан  арасан  зор 
алқапты қамтиды. 
     Биологиялық 
немесе 
биогеохимиялық 
айналымының 
қозғаушы  күші  –  тірі  организмдердің  тіршілік  әрекеті,  ал  басты 
энергия  көзі  –  күн  радиациясы  болып  табылады.  Бұл  айналым 
био-сфераның  шегінде  жүзеге  асады,  ал  оның  қарқындылығы  ең 
алдымен  қоршаған  ортаның  температурасына  және  судың 
мөлшеріне  байланысты  (айналым  жылдамдығы  тундрамен 
салыстырғанда тропиктерде жоғары болады). 
     Антропогендік  заттар  айналымының  қозғаушы  күші  – 
адамның шаруашылық әрекеті, ол табиғи қорлардың сарқылуына 
және табиғат ортасының ластануына әкеп соқтырады. 
     Биосферадағы  су  айналымы  геологиялық  және  биотикалық 
айналымдарды байланыстыруда басты рөл атқарады. 
     Су биосферада үздіксіз бір күйден екінші күйге ауыса отырып, 
үлкен  және  кіші  су  айналымын  жүзеге  асырады.  Буланған  суды 
ауа  ағындары  жүздеген  километр  алқапқа  таратады.  Ол  жер 
бетіне  жауын-шашын  түрінде  түсіп,  тау  жыныстарынын 
бұзылуына  себепші  болады,  оларды  өсімдіктер  мен  организм-
дердің  пайдалануына  жарамды  етеді,  топырақтың  беткі  қабатын  
шайып  кетеді,  онда  еріген  химиялық  қосылыстар  мен 
органикалық бөлшектер мұхиттар мен теңіздерге ағып барады (8-
сурет). 


 
 
76  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет