Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология


 Қоршаған ортаны өнеркәсіп қалдықтарының ластауы  –



Pdf көрінісі
бет45/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   122
     6. Қоршаған ортаны өнеркәсіп қалдықтарының ластауы  – 
экотоксикологиялық  проблема.  Осы  заманғы  өнеркәсіп 
орындары  урбандалған  ландшафтардағы  қоршаған  ортаның 
экологиялық 
күйіне 
айтарлықтай 
әсер 
ететін 
негізгі 
факторлардың бірі болып табылады. Өндіріс процесінде, сондай-
ақ  сарқынды  суларды  және  шығарылатын  ауаны  шаң-тозаң  мен 
газ  тәрізді  қоспалардан  тазартуда  қатты  немесе  жоғары 
концентрациялы  сұйық  қалдықтар  пайда  болады.  Мұндай 
қалдықтар бүгінде жүздеген және мыңдаған тонналап жиналуда. 
     Бүгінгі 
өнеркәсіп 
пен 
өндіріс 
орындарында 
сұйық 
қалдықтарды  шығару  және  зарарсыздандыру  күн  тәртібінде 
тұрған  өткір  проблемаға  айналған.  Канализация  қолданылатын 
жағдайда  сұйық  қалдықтар  тұйық  желіге  өтетіндіктен,  олар 
топырақты  да,  суды  да,  ауа  мен  аулаларды,  ғимараттарды  да 
ластамайтыны  қуантады.  Ал  қатты  қалдықтар  мәселесі  барша 
жұртты алаңдатуда. 
     Өндіріс  қалдықтары  –  бұл  өнім  өндіру  барысында  түзілген 
және  толығымен  немесе  ішінара  өзінің  бастапқы  тұтынушылық 
қасиеттерінен  айырылған  шикізаттардың,  материалдардың,  шала 
фабрикаттардың, 
химиялық 
қосылыстардың 
қалдықтары. 
Мысалы,  бастапқы  қалпына  келтіруге  жарамайтын  химиялық 
өнімдер,  адсорбенттер,  химиялық  талшықтар  өндірісінде 
сарқынды суды, маталардың қиындыларын өңдеуден кейін пайда 
болатын  күл  мен  қатты  өнімдер,  химиялық  заттар  сіңген  ескі-
құсқы заттар. 
     Тұтыну  қалдықтары  –  пайдалану  мезгілі  өтіп,  тозудан  өзінің 
тұтынушылық 
қасиеттерінен 
айырылған 
бұйымдар 
мен 
материалдар.  Тұрмыстық  қатты  қалдықтардан  санитарлық 
тазарту  –  қазіргі  елді  мекендердің  алдында  тұрған  өзекті 
экологиялық  проб-лемалардың  бірі.  Бұл  проблеманың  өзектілігі 
сондай,  қазір  бүкіл  әлемде  бір  адамға  шаққанда  келетін 
тұрмыстық қалдықтардың мөлшері артып барады. 
     Қоғамның  тіршілік  мәдениеті  мен  абаттану  деңгейі  қаншама 
жоғарыласа, бір адамға есептелетін қалдықтар мөлшері соншама 
көп болады. Біздің өмір салтымыз үздіксіз жақсаруда, оған сәйкес 
тұрмыстық қатты қалдықтардың жылдық өсімі де артып барады. 


 
 
98  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
Бүкіл әлемде осындай қалдықтардың меншікті нормалары ұдайы 
қайта  қаралуда.  Ғалымдардың  зерттеуінше,  ірі  қалаларда  1 
тұрғынға  келетін  тұрмыстық  қатты  қалдықтар  мөлшері  225  кг 
шамасында  көзделген.  Ал  АҚШ-та  1  адамға  келетін  тұрмыстық 
қатты  қалдық  мөлшері  900  кг,  Францияда  –  300  кг-дай  екен. 
Әлемнің  барлық  елдерінде  тұрмыстық  қатты  қалдықтарды  зар-
арсыздандырудың  негізгі  әдісі  –  қоқыс  орындары  болуда,  ал 
қазіргі  урбандалу  тұсында  және  тұрмыстық  қалдықтардың  өсу 
қарқыны  үдеп  тұрған  кезеңде  мұндай  орындарды  табу  да 
қиындап барады. 
     Өндіріс  пен  тұтыну  қалдықтары  қайталама  материалдық 
ресурстарға 
жатады, 
оларды 
қазіргі 
уақытта 
халық 
шаруашылығында қайталап пайдалануға болады. 
     Жалпы алғанда, қалдықтар улы және қауіпті заттарға бөлінеді. 
Бұл  екеуі  құрамында  адамдардың  денсаулығы  мен  қоршаған 
ортаға  тікелей  және  жанама  қауіп  төндіретіндей  мөлшердегі 
ластаушы заттары бар қалдықтар болып табылады. 
     Қоршаған 
орта 
жағдайларын 
тұрақтандырудың 
және 
жақсартудың  кейбір  бағыттарына  қалдықсыз  өндірісті  енгізу, 
қоршаған  ортаны  ластау  көздері  болып  табылатын  өндірістік 
және  басқа  нысандарға  экологиялық  төлқұжат  беру  шаралары 
жатады. 
     Қалдықсыз  технология  дегеніміз  –  бұл  қазіргі  уақытта 
көптеген  жағдайларда  толық  көлемде  емес,  ішінара  ғана  (аз 
қалдықты  технология)  жүзеге  асырылатын  өндірістің  өте  оңды 
моделі.  Мұндай  техологияны  енгізуден  бірқатар  ұйымдық, 
технологиялық, техникалық, экономикалық және басқа міндеттер 
шешіледі. 
     Қоршаған  ортаны  қорғауға  және  табиғат  қорларын  ұтымды 
пайдалануға байланысты жұмыстардың жиынтығында қалдықсыз 
өндірісті  ұйымдастырудың  басты  бағыттарына  мыналарды 
жатқызуға болады: 
     −  шикізаттық  және  материалдық  ресурстарды  кешенді 
пайдалану; 


 
 
 
99
 
     −  қолда  бар  өндірістерді  жетілдіру  және  мүлде  жаңа 
технологиялық  процестер  мен  өндірістерді,  құрал-жабдықтарды 
енгізу; 
     − су және газ айналымын енгізу; 
     −  бір  өндірістің  қалдықтарын  келесі  өндіріс  үшін  шикізат 
ретінде пайдалану арқылы өндірісті серіктестіру. 
 
 
Бақылау сұрақтары 
 
1.  Қоршаған ортаның ластануы дегеніміз не? 
2.  Қандай қауіпті ластану түрлерін ажыратады? 
3.  Қоршаған ортаны ластаушы заттарды қалайша сипаттауға 
болады? 
4.  Табиғаттың ластану деңгейі ұғымына нелер жатады? 
5.  Алматы қаласының экологиясы қалай сақталуда? 
6.  Ксенобиотиктер дегеніміз не? 
7.  Химиялық  заттардың  адам  организміне  қандай  улы  әсері 
белгілі? 
8.  Қоршаған  орта  мен  организмге  әсер  ететін  қандай  ошақ 
көздері бар? 
9.  Өнеркәсіп 
қалдықтарының 
 
экотоксикологиялық  
проблема аталуы неліктен? 
10. Қалдықсыз технологияны қалай түсіндіруге болады? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет