90 ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ
өзгертуі мүмкін. Мұндай қосылыстар бөгде заттар немесе
ксенобиотиктер
(қоршаған
ортада
қалыпты
мөлшерде
кездеспейтін бөгде химиялық заттар, мысалы, пестицидтер) деп
аталады.
Экологиялық жүйенің биологиялық нысандарымен химиялық
және физикалық жолмен әрекеттесетін қоршаған ортаның
осындай заттарының жиынтығы биогеоценоздың ксенобиотиктік
профилі – саласы ретінде қарастырылады. Ксенобиотиктік
профильді температурамен, жарықпен, ылғалдылықпен қатар,
сапалық және сандық сипаттамалары бар аса маңызды фактор деп
түсінуіміз керек. Қоршаған ортаның біздің ғаламшарда бұдан
миллиондаған жыл бұрын өткен эволюциялық процестердің
барысында
қалыптасқан
осындай
сипаттамасын
табиғи
ксенобиотиктік профиль деп анықтауға болады. Ол Жер
шарының түрлі өңірлерінде түрліше болады.
Әр түрлі қолайсыз әсерлердің қауіптілігін сипаттау үшін
экологиялық қауіптің шамасын көрсететін стресс-индекстер
қолданылады:
Достарыңызбен бөлісу: