Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология



Pdf көрінісі
бет53/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   122
 
 
 
 
 
 


 
 
 
111
 
VІІ. ЭКОУЫТТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘСЕРІ (ТИІМДІЛІГІ) 
 
     1.  Уыттылық  дозалары.  Жалпы  алғанда,  уыттылық  
дегеніміз  –  бұл  кейбір  заттардың  тірі  организмдердегі 
биохимиялық 
процестердің 
және 
оның 
физиологиялық 
қызметінің  бұзылуына  әкеп  соқтыратын  қасиеті.  Сондықтан 
уыттылықтың  өзі  зақымдаушы  әсері  бар  заттардың  мөлшерімен, 
олардың  адам  немесе  жануар  организміне  уытты  әсер  ету 
көрінісімен  сипатталады.  Зиянды  заттардың  уытты  әсер  етуінің 
мынадай сипаттары бар: 
1. Уытты әсер ету механизмі. 
2. Зақымдаудың  патофизиологиялық  процестері  мен    негізгі 
белгілерінің сипаты.  
3. Белгілі уақыт ішінде уытты әсердің даму үрдісі. 
4. Заттың организмге уытты әсер етуінің басқа қырлары. 
Ал  уыттылық  дозасының  (мөлшерінің)  мынадай  үш  түрлі 
ұғымы қолданылады: 
     1.  Терапевтік  емдік  дозасы  –  бұл  белгілі  бір  емдік  әсер  ететін 
зат мөлшері. 
     2.  Уыттылық  дозасы  –  бұл  организмді  өлімге  душар  етпейтін 
патологиялық өзгерістер туғызатын зат мөлшері. 
     3.  Өлімге  душар  ететін  доза  –  бұл  зиянды  заттың  организмді 
өлімге душар ететін мөлшері. 
     Зиянды  заттардың  уыттылығы  организмді  белгілі  дәрежеде 
уландыратын  заттардың  мөлшерімен  сипатталады.  Егер  массасы  
G (кг) адам концентрациясы С (мг/л) ауамен тыныс алатын болса, 
ондағы зиянды зат – удың белгілі уақыт t (мин) ішінде қарқынды 
тыныс  алуда  V  (л/мин)  сіңірген  зиянды  зат  мөлшері  D=CtV/  G 
болады. 
     Уыттылықтың  мынадай  параметрлерін  ажыратады:  орташа 
қауіпті  дозасы  –  тәжірибеге  алынған  организмдердің  50  %-ын 
өлімге душар етеді; өте қауіпті дозасы – эксперимент жүргізілетін 
ағзаларды түгел өлімге ұшыратады. Организмдерді өлімге душар 
ететін  дозасы  ЛД  аз  заттардың  барлығы  уытты    заттар  болып 
есептеледі.  Мәселен,  классикалық  у  –  цианды  калий  мен 
стрихнинде ЛД100 және 0,5 мг/кг болады; жуық (пороговая) доза 


 
 
112  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
–  организмнің  тіршілік  әрекеті  көрсеткіштерінің  айқын,  бірақ 
қайтымды өзгерістерін туғызатын мөлшер. 
     Уытты 
заттардың 
мөлшерін 
токсодозамен 
көрсетеді. 
Уыттылық – 1/токсодоза болады. 
     Зиянды  немесе  улы  заттар  екі  топқа  бөлінеді:    барлық 
химиялық  заттарға  дерлік  тән  болатын  ортақ  бағалауға 
негізделген  жалпы  зиянды  заттар  және  заттардың  физикалық-
химиялық  белгілері  мен  олардың  уыттылығы    арасындағы 
байланысты көрсететін арнаулы зиянды заттар. 
     Организмдердің  улануының  алдын  алу  үшін  уытты  заттарды 
практикалық  жіктеудің  маңызы  зор.  Оларды  қолданылу 
мақсаттарына қарай мынадай түрлерге бөледі:  
     1)  өнеркәсіпте  немесе  өндірістік  ортада  пайдаланылатын 
өнеркәсіптік  зиянды  заттар  (улар).  Олардың  қатарына 
органикалық  еріткіштерді  (дихлорэтан),  отынды  (метан,  пропан, 
бутан), 
бояғыштарды 
(анилин), 
хладагенттерді 
(фреон), 
химиялық реагенттерді (метил спирті), пластификаторларды және 
т.б. жатқызады; 
     2)  ауылшаруашылық  дақылдарының  арамшөптерімен  және 
зиянкестерімен  күрес  жүргізу  үшін  пайдаланылатын  улы 
химикаттар:  хлорорганикалық  пестицидтер  –  гексахлоран, 
полихлорпинен  және  т.б,  фосфорорганикалық  инсектицидтер  – 
карбофос,  хлорофос,  фосфамид  және  т.б.;  сынапорганикалық 
заттар  –  гранозан;  карбамин  қышқылдарының  туындылары  – 
севин және басқалары. 
     Пестицидтер 
мақсатына 
қарай 
былайша 
жіктеледі: 
инсектицидтер  –  жәндіктерді;  акарицидтер  –  кенелерді; 
зооцидтер  –  кемірушілерді;  фунгицидтер  –  саңырауқұлақ 
микроорганизмдерін; 
бактерицидтер 
– 
бактерияларды; 
гербицидтер – өсімдіктерді  жою үшін қолданылады. 
3)  өзінің  фармакологиялық  жіктелуі  бар  дәрі-дәрмектік 
заттар; 
4)  тұрмыстық  химиялық  заттар: тағамдық  үстемелер (сірке 
қышқылы); 
санитария,  жеке  бас  гигиенасы  мен  косметика  құралдары; 
киімді, жиһазды, автомобильді күту құралдары және т.с.с.; 


 
 
 
113
 
     5)  әр  түрлі  өсімдіктер  мен  саңырауқұлақтарда  (аконит,  цикут 
және  т.б.),  жануарлар  мен  жәндіктерде  (жылан,  балара,  шаян) 
кездесетін биологиялық улар адам организмін уландырады; 
     6)  әскери  уландырғыш  заттар  (зарин,  иприт,  фосген  және 
т.с.с.). 
     Уыттылығы  жөнінен  барлық  химиялық  заттарды  төрт  класқа 
бөледі: 
     1)  төтенше  уытты  заттар  (әскери  уландырғыш  заттар,  кейбір 
барынша  қауіпті  өнеркәсіптік  зиянды  заттар  (улар)  мен 
инсектицидтер,  көгерткіш  қышқылдың  туындылары,  күшәнді 
ангидрид,  күшәнді  сутек,  сынаптың  органикалық  және 
бейорганикалық қосылыстары, стрихнин және т.с.с.;) 
     2)  жоғары  уытты  заттар  (көптеген  өнеркәсіптік  және 
ауылшаруашылық  улары  –  метил  спирті,  төртхлорлы  көміртек, 
гексахлорбутадиен, дихлорэтан және т.б.); 
     3)  орташа  уытты  заттар  (өнеркәсіптік  улар  –  бензол,  фенол, 
инсектицидтер  –  хлорофос,  карбофос,  метилнитрофос,  севин, 
гербицидтер 
– 
2.4-дихлорфен-оксисірке 
қышқылының 
туындылары және т.с.с.); 
     4)  шамалы  уытты  заттар  (метан  қатарының  көптеген 
көмірсутектері, 
кейбір 
жай 
эфирлер 
(диэтил 
эфирі), 
фосфорорганикалық  пестицидтер,  гербицидтер  –  мочевинаның 
туындылары және т.б.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет