Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология


-сурет. Медициналық және экологиялық токсикологияның зерттеу



Pdf көрінісі
бет5/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   122
Байланысты:
ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ-1

1-сурет. Медициналық және экологиялық токсикологияның зерттеу 
нысандары. 
(М.С.Панин, В.С.Безельден алынған 2008 ж.) 
 
Токсикология  мен  гигиенаны  қоса  алғанда,  медицина 
ғылымының  барлық  бағытының  зерттеу  жұмыстарының 
ортасында  адамның  басты  орын  алатыны  белгілі.  Ал 
антропогендік ластанумен қатар, өндірістік немесе коммуналдық 
факторлардың  қоршаған  ортаға  қауіп  төндіретін  факторлар 
екенін  басты  назардан тыс қалдыра алмаймыз. Солай бола тұрса 
да,  бүгінде  экологиялық  токсикологияға  анықтама  беруде 
биологиялық  түр  ретіндегі  –  Адамның  және  ең  ақырында 
әлеуметтік 
құбылыс 
ретіндегі 
– 
Адамзаттың 
тікелей 


 
 
 
7
 
антропогендік  факторлардың  қолайсыз  әсерлерінен  ғана  емес, 
сондай-ақ тұтас алғанда, жекелеген биогеоценоздар мен биосфера 
жағдайының  қайтымсыз  бұзылуынан  зардап  шегетінін  де 
басшылыққа 
алуға 
тиіс 
боламыз. 
Бұл  жерде 
ғалым 
Н.В.Тимофеев-Ресовскийдің 
мынадай 
тұжырымы 
орынды 
айтылған:  «Біздің  басты  міндетіміз  –  биосфераның  дәл  бүгінгі 
күйін  сақтап  қалу,  өйткені  биосфераның  күрделі  жүйе  екендігі 
сондай,  оның  орнықтылығы  шекарасының  бұзылуы  мүлде  жаңа 
жағдайға  душар  етуі  ғажап  емес.  Бұл  жағдай  міндетті  түрде 
нашар  болмаса  да,  ол  өзгеше  әрі  тосын  жағдай  болып  шығуы 
мүмкін,  ал  адам  баласы  өзі  болжай  алатын  болашақта  өмір 
сүруі тиіс»
     Өркениеттің  барынша  дамыған  қазіргі  кезеңінде  әлемде 
ядролық жанжалдың орын алуы табиғатқа да, бүкіл адамзатқа да 
апат  әкелетінін  мектеп  оқулықтарынан  бастап  кез  келген 
деректерден  оқып  білудеміз.  Хиросима,  Нагасаки,  Чернобыль, 
Фукусима апаттары бүгінгі  ұрпақтың көз алдында өтіп, жан түр-
шіктіруде.  Олар  жергілікті  сипатта  емес,  ғаламдық  трагедияға 
айналды. 
Жапониядағы 
жер 
сілкінуі 
мен 
цунамидің 
зардаптарынан  ол  елден  қашық  орналасқан  Ресей, Қытай  секілді 
мемлекеттердің де қауіптеніп отыруы баршамызды ойландырады. 
Ядролық  апаттың  көптеген  елдерде  дайын  көздері  сақталуы  – 
шұғыл шаралар қолдануға мәжбүр етеді. Байқап қарасақ, адамзат 
іс  жүзінде  ядролық  апаттар  тұсында  қызмет  етіп,  өмір  сүруде. 
Сөйте  тұра,  адамзат  өзінің  табиғатпен  қатынасында  ұзақ  уақыт: 
жер  шарыың  бүкіл  халқына  молшылықта  тұрмыс  кешудің 
жоғары  деңгейін  қамтамасыз  ете  алатын  әлеуметтік  жүйе 
қалыптастыруға  болады;  бұл  жағдайда  Жер  шарында  тұратын 
халықтың  санын  шектеудің  қажеті  жоқ;  осындай  жағдайда 
табиғатты  сақтауға  болады  деген  қиял  құшағында  өмір  сүріп 
келеді. 
Сөйтіп, 
табиғат 
зілзаласының, 
антропогендік 
құбылыстардың  қауіп-тілігін  тиісінше  бағалай  алмайды,  кейде 
тіпті өзінің «қосатын үлесін» де естен шығарып алады. 
     Айналамызда болып жатқан трагедиялық құбылыстар бұлайша 
жалған  үмітке  сенушілік  пен  тоқмейілсудың  орынсыз  екенін 
дүркін-дүркін  алдымызға  тартуда.  Демек,  мұндай  қауіп-қатердің 


 
 
8  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
күн  тәртібінен  түспей  отыруы  барша  жұртшылықты  алаңдатуы 
тиіс. 
     Біздің алаңдауымызға себепші болатын деректер бүгінде жетіп 
артылады.  Каспий  теңізінде  итбалықтың  қырылуының  қандай 
себептері  болды?  Сорбұлақ  секілді  зиянды  нысандар  қалайша 
өмірге  келді?  Пестицидтердің  қолданылуынан  құстардың 
қырылуына  кім  кінәлі?  Жабайы  табиғаттың  бейнесі  өзгермеген 
аймақтары  қалды  ма?  Химиялық  соғысқа  қалай  тосқауыл  қоя 
аламыз?  Баспасөз  беті  осындай  қауіп-қатерлерді  жариялаудан 
босамайды.  Т.Колборн  бастаған  шетелдік  ғалымдардың  «Біздің 
қолда болған болашағымыз» атты кітабында: «Адамның қолымен 
жасалып,  қоршаған  ортаға  шығарылған  толып  жатқан 
химиялық  заттар  іс  жүзінде  адамды  қоса  алғанда, 
жануарлардың  бүкіл  эндокриндік  жүйесін  бұза  алады»  деп 
жазған.  Мұндай  жарияланымдар  жұртшылықты  терең  ойға 
жетелейді. Сөйтіп, қоршаған ортаны қорғау қоғамдары, үкіметтің 
заң актілері пайда болуда. 
 Табиғат  ортасының  токсикалық  ластануы  проблемасын 
шешуге 
бағытталған 
биологиялық, 
медициналық 
және 
техникалық пәндер арасында экология пәні жетекші орын алады. 
     Адамның  тұрмыстық  және  өндірістік  әрекетінің  шектелген 
кеңістігі  бастапқыда  химиялық  ластанудан  зардап  шекті. 
Химиялық  ластануды  қоса  алғанда,  уландырғыш  фактор  – 
сүтқоректі  организмдерге  зиянды  әсер  ету  проблемалары  жалпы 
және  жеке  токсикология,  өнеркәсіптік  және  коммуналдық 
гигиена, тамақтану гигиенасы секілді медициналық-биологиялық 
бағыттағы  пәндердің  көмегімен  шешіле  бастады.  Мұнда 
уыттылық ұғымы химиялық затқа тән зиянды әсер ету қасиетімен 
түсіндірілді,  ол  заттардың  тірі  организмдерге  әсер  етуі  кезінде 
ғана  байқалады.  Ал  токсикология  ұғымы  медицина  ғылымының 
улы  заттардың  қасиеттерін,  тірі  ағзаларға  әсер  ету  тетіктерін, 
олардан туындатын патологиялық процестерді, емдеу және алдын 
алу әдістерін зерттейтін бөлімін қамтиды. Мұнда әңгіме ортаның 
химиялық  және  физикалық  факторларының  уландыра  әсер  етуі 
жағдайында  адам  үшін  қауіпсіз  жағдайларды  қамтамасыз  ету 
жөнінде болмақ. 


 
 
 
9
 
     Біздің  заманымыздан  1500  жыл  бұрын жазып  қалдырған  Эбер 
папирусы  ежелгі  адамдардың  улар  туралы  білімдері  болғанын 
дәлелдейтін  ертедегі  құжаттардың  біріне  жатады. Мәселен,  онда 
күшән  (мышьяк)  тәрізді  бізге  бүгінде  кеңінен  таныс  кейбір  улар 
туралы  мағлұматтар  келтірілген.  Металдар  буының  қанқа 
ұлпаларына зиянды әсер ететіні адамға ертеден-ақ мәлім болған. 
Бір  қызығы,  бүгінде  токсикология  тұрғысынан  алғанда,  адам  – 
неғұрлым  зерттелген  нысан  болып  отыр,  сондықтан  оны  белгілі 
бір  мағынада  кез  келген  өзге  тірі  организмнің  моделі  ретінде 
қарастыруға болады. 
     Улы  факторлардың  адамға  әсер  етуінің  қауіпсіз  деңгейін 
анықтау 

экотоксикологиялық 
зерттеулердің 
маңызды 
мақсаттарының  бірі  болып  табылады.  Өнеркәсіптік  жағдайдағы 
ауа құрамындағы хлорлы сутектің шекті рауалы концентрациясы 
(ШРК)  ұғымын  бұдан  100  жыл  бұрын  енгізген  ғалым  Хирт 
болған. 1922 жылы Кеңес Одағында үш химиялық затқа алғашқы 
ШРК  бекітілсе,  1941  жылы  –    80  ШРК  енгізілген,  ал  қазір 
олардың саны 1000-нан асып отыр. 
     Бүгінде  заттардың  шекті  рауалы  концентрациясы  (ШРК)  деп 
олардың  атмосферадағы,  су,  топырақ,  азық-түлік  өнімдеріндегі 
денсаулыққа  зиян  келтірмейтіндей  және  ауру  туғызбайтыңдай 
концентрациясын  түсінеміз.  Ал  олар  осы  заманғы  зерттеу 
әдістерімен анықталады. 
      Мұндай  шектеулер  мәңгілікке  қатып  қалған  догмалар  емес. 
Біздің  патологиялық  процестерге  қатысты  танымдарымыздың 
кеңеюіне,  диагностика  әдістерінің  жақсаруына,  улы  заттардың 
әсеріне  душар  болатын  тірі  ағзалар  мөлшерінің  артуына  қарай 
ШРК оқтын-оқтын қайта қаралып отырады (1-кесте). 
      Гигиенашы-медиктердің 
ШРК  жүйесі  арқылы  адамды 
қорғауға  бағытталған  ұсыныстары  улы  заттардың  тағам 
тізбектері  арқылы  енетінін  зерттеуді  көздейді.  Мәселен, 
топырақтағы  химиялық  заттардың  мөлшерін  реттеу  олардың 
азық-түлік өнімдеріне өту мүмкіндігіне негізделген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет