12 ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ
Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағдарланған
принциптер
біздің
антропоцентристік
көзқарасымызды
бейнелейтіні анықталған. Алайда адам үшін белгіленген
нормативтердің тірі табиғаттың өзге нысандарын қорғауды үнемі
қамтамасыз етуі даулы мәселе болуда. Себебі түрлер құрамының
ке-дейленуі, экожүйелер тұрақтылығының кемуі және тіпті
олардың ішінара азып-тозуы есебінен табиғат ортасы сапасының
өзгеруі - адамның тіршілік жағдайлары нашарлауының
зардаптары болып шығады.
Антропоцентристік көзқарас тұрғысынан қарағанда қоршаған
ортаның тұрақты жағдайларын сақтаудың екі жолын жүзеге
асыруға болады. Оның алғашқысының басшылыққа алатын
қағидасы – адамзат ғаламдық көлемдегі геохимиялық циклдердің
тұрақтылығына қатысты реттеушілік қызметін өз қолына алуға
тиіс. Бұл жағдайда қолдан жасалған резерваттарды сақтай
отырып, табиғи бірлестіктердің іс жүзінде толығымен
бұзылатынын
мойындауға
тура
келеді.
Екінші
бағыт
биосфераның реттеушілік қызметін қолдау қажеттігі туралы
түсінікке сүйенеді, яғни түрлі дәрежедегі экологиялық
жүйелердің табиғи күйін сақтау қажеттігі алда тұрады.
Бүгінде организмнен тыс деңгейдегі биологиялық жүйелерге
қатысты нормалар теориясының жеткілікті зерттелмегенін атап
көрсеткен жөн. Іс жүзінде адамзаттың алдында оның табиғатпен
қарым-қатынасында қайда, нені және қаншалықты істеуге болады
деген проблема тұрды. Айталық, егін-шілікпен айналысу үшін
тиісті дақылдарды таңдап алу, агротехниканы, дақылдарды себу
және олардың нормасын сақтау, суару жиілігін, жайылымның
пайдаланылуын реттеп отыру және т.с.с. қажет болады. Бұларға
қазір
кең
таралған
орман
және
аң
шар-уашылығын
ұйымдастыруды, кесілетін ағаштарды пайдалану шараларын, аң
және балық аулау нормаларын белгілеуді қосайық.
Ғалымдардың ұсынысы бойынша норма және оны дәлелдеу
мәселелері экологиялық зерттеулерде басты орында тұруға тиіс.
Экологиялық нормалау
проблемасы мынадай түбегейлі екі
мәселені шешуге бағытталуы қажет: нормалауға нелер жатады
және мұндай реттеу рәсімін қалай жүзеге асыру керек.
13
Кез келген деңгейдегі биологиялық жүйенің жағдайына
диагноз қою тәжірибесі мұнда орташа статистикалық
шамалардың
қарапайым
жиынтығына
ғана
сүйенуге
болмайтынын көрсетеді. Біріншіден, уландырғыш заттардың әсер
ететін деңгейі олардан туындайтын өзгерістер статистикалық
норманың шегінен аспайтын жағдайда ғана зиянсыз деп
танылады. Екіншіден, норманың шекарасын статистикалық
тұрғыдан
анықтау
ғана
мұндағы
айырмашылықтар
маңыздылығының статистикалық өлшемдерін таңдауда кейбір
еркіндіктердің кездесетінін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: