Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология



Pdf көрінісі
бет4/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   122
Байланысты:
ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ-1

 
 
 
 
 


 
 
4  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
І .  БИОСФЕРАНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІ ЖӘНЕ 
ТІРІ ОРГАНИЗМДЕРДІҢ ТЕҢДЕСТІГІ 
 
1.Экотоксикологияның дамуы және қалыптасуы. 
Экологиялық токсикология пәні. 
 
 Қоғамның  өндіргіш  күштерінің  сапа  жағынан  емес,  сан 
жағынан  жедел  дамуы  қоршаған  ортаның  жұтаңдануына  әкеп 
тірейді.  Бұл  әрекеттің  күрделілігі  табиғатты  қорғау  мәселелеріне 
қоғам мен жұртшылықтың жіті назар аударуын қажет етеді. Міне, 
нақ  осындай  оқиғаларды  біз  экологиялық  проблемалар  ретінде 
қабылдаймыз.  Белгілі  бір  аумақтағы  экологияның  нашарлауы 
осындай  жайттарды  аңғартады.  Демек,  өзіміз  білетін  экология 
(грекше  «oikos»  −  үй,  баспана,  орта  және  «logos»  −  ілім)  мен 
экологиялық  токсикология  табиғат  жүйелерінің  қызметін 
зерттейтін  биологиялық  ғылымдар.  Ендеше,  біз  бұл  жерде 
жекелеген ғылыми бағыттың нашарлығын емес, эколог-ғалымдар 
немесе  мамандар  қызметінің  кінәраттығына  назар  аударуға  тиіс 
боламыз. 
Осы  тұрғыдан  қарағанда,  экологияны  қазіргі  қоғамды 
барлық  қиындықтардан  құтқаратын  әмбебап  ғылым  ретінде 
қарастыру  көзқарасының  орынсыз  таратылу  үрдісі  алаңдатады. 
Ғылыми 
бағыттың 
өзіндік 
шекарасының 
бұлайша 
қарапайымдануы  табиғат  ортасын  сақтаудың  нақты  мәселелерін 
шешуге  көмектесуі  екіталай  болып  шығады.  Бұл  бағыттағы 
міндеттерді  шешу  үшін  экология  мен  оның  өзіндік  әдістерінің 
анықтамасына  да  реттілік  қажет  болады.  Ал  бұл  экологиялық 
ғылымның  жаңа  бағыты  –  экологиялық  токсикологияға  көп 
міндеттер жүктейді. 
Экологиялық  токсикология  ұғымы  1972  жылғы  Стокгольм 
конференциясынан бұрын пайда болған, өйткені адамның табиғат 
жүйелері  мен  адамның  өзіне  келеңсіз  әсер  етуі  жұртшылыққа 
дәлелдеусіз-ақ  аян  болатын.  Мәселен,  қазба  байлықтардың 
өңделуден 
кейінгі 
қалдықтарының 
орман 
экожүйелерін 
зақымдауы,  су  көздерінің  жаппай  ластану  жағдайлары,  осыларға 
байланысты  халықтың  түрлі  ауруларға  шалдығуы  күннен-күнге 


 
 
 
5
 
үдеп бара жатқаны - бұл мәселенің өте жауаптылығын алдымызға 
тарта  бастады.  Ауыл  шаруашылығында  тыңайтқыштар  мен 
пестицидтердің  кеңінен  қолданылуы  қоғамның  өміріне  белгілі  
дәрежеде  қауіп  төндіре  бастағаны  сезілді.  Тіпті  адамды 
уландырғыш  заттардың  өзінен  басқа  металдар  мен  бірқатар 
органикалық  қосылыстардың  уландыруы  мен  оларды  емдеу 
жолдарын  зерттеу  бағытында  да  әжептеуір  тәжірибелер 
жинақталды. 
Осы  ұғым  өмірге  келген  уақыттан  бергі  кезең  ішінде 
экологиялық  токсикологияның  химиялық  және  радиациялық 
мутагенез,  адам  мен  жануардың  эндемикалық  аурулары, 
радиобиология  секілді  бағыттары  жедел  зерттелуде.  Осыдан 
келіп,  ғалымдар  алдында  бір-бірінен  мүлде  алшақ  жатқан  екі 
ғылымды  –  экология  мен  токсикологияны  ұштастыра  зерттеу 
қажеттігі 
пайда 
болды. 
Ғалымдардың 
бір 
тобы 
экотоксикологияны  тірі  организмдерге  химиялық  агенттердің 
улы  әсерін  зерттейтін  ғылым  ретінде  қарастырды.  Олардың 
келесі  тобы  экотоксикологияны  экожүйелерге  химиялық 
заттардың зиянды әсерін болжайтын ғылым ретінде қарастыруды 
ұсынды.  Кейінірек  ғалымдардың  келесі  тобы  экотоксикологияға 
мынадай 
анықтама 
берді: 
экология 
дегеніміз 
– 
бұл 
поллютанттардың  қоршаған  ортада  тасымалдануын,  өзгеруін 
және  шығарылуын  қадағалай  отырып,  олардың  популяцияларға, 
бірлестіктер 
мен 
экожүйелерге 
экологиялық 
және 
токсикологиялық  әсерін  жинақтайтын  білім  саласы  болып 
табылады
Бұл жаңа ғылымның қалыптасуы барысында қоршаған орта 
проблемалары  жөніндегі  Халықаралық  ғылым  комитеті  ұсынған 
экологиялық  токсикологияның  ресми  анықтамасы  1978  жылы 
осы  комитеттің    конференциясында  мынадай  редакцияда 
қабылданды:  экотоксикология  дегеніміз  –  бұл  «химиялық 
заттардың  тірі  организмдерге,  негізінен  экожүйелердің 
құрамына 
кіретін 
организмдер 
мен 
биоценоздың 
популяцияларына  улы  әсерін,  зиянды  заттардың  қоршаған 
ортаға  түсу  көздерін,  олардың  айналаға  таралуын,  тірі 
организмдерге  әсерін  зерт-тейтін  пәнаралық  ғылыми  бағыт. 


 
 
6  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
Мұнда  адам,  сөз  жоқ,  биологиялық  нысандар  қатарындағы  ең 
жоғары саты болып есептеледі»
Беріліп 
отырған 
анықтамадан 
зерттелетін 
экотоксикологиялық (популяциялық, биогеоценоздық) әсерлердің 
организмнен  тыс  әсерлері  болатынын  да  байқау  қиын  емес. 
Мәселен, 
1-суретте 
медициналық 
токсикология 
мен 
экотоксикологияның  зерттейтін  нысандары  бөліп  көрсетілген 
(А.Д.Покаржевский, 2000). 
 
           Токсикология        Экологиялық токсикология 
 
              Организмдер             Өсімдіктер мен жануарлар 
                                                                 популяциялары 
 
             Экожүйелер                                   Экожүйелер 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет