167
үйінділерінде бұдан да көп сынап жинақталады, оларға жылына 5
тоннаға дейін сынап жеткізіледі екен. Осындай деректер
экологияға зиянды мұндай элементтердің қоршаған ортаға және
ондағы тірі организмдердің денсаулығына зиянды әсерін азайтуға
бағытталған шаралар қабылдауды және оларды мүлтіксіз жүзеге
асыруды қажет етеді.
Орталық Қазақстанда да ауыр металдардың ластаушылық
зардаптары жойылмаған, мұнда сынап элементі Теміртау
қаласының едәуір аумағын, Самарқан су бөгенінің жағалық
алқабын, Нұра өзені аңғарының едәуір бөлігін «жаулап» алған
(М.А.Илющенко, С.Хевен, 1997). Мәселен, «Карбид» өндірістік
бірлестігі мен оның айналасындағы өнеркәсіп алаңы (1,1 км
2
)
топырағының үстіңгі қабатындағы сынаптың мөлшері 375 мг/кг
болған.
Оңтүстік Қазақстанда мырышпен ластанған және жер-жерде
фторидтік аномалия байқалатын, батысында – хроммен ластаған
аймақтар пайда болған.
Ақтөбе өңірінде қаладан 20 км-ге дейінгі қашықтыққа
таралған фондық деңгейден ондаған және жүздеген есе асатын
хроммен, никельмен, ванадиймен ластану фактілері тіркелген.
Шымкент
қаласының
қорғасын
зауытына
жанасатын
аумағында қорғасын мен өзге де ауыр металдардың жоғары
концентрациясы анықталған. Мұнда қорғасынның мөлшері
рұқсат етілген шекті мамадан 36 есе, мырыш – 1,3, мыс – 2,1,
кадмий – 14,7 есе артық болған.
Кентауда топырақтың қорғасынмен ластануы оның ластану
көзінен 300 – 400 км қашықтықта қалыпты шамадан ондаған
және жүздеген есе; Теміртауда – сынап – 20 км қашықтықта
ондаған есе, Жезқазғанда – мыс 15 – 20 км қашықтықта ондаған
есе; Текелі мен Талдықорғанда – қорғасын, мырыш, кадмий 2 – 3
есе артық таралған. Алматы қаласында топырақтағы мырыш
мөлшері рұқсат етілетін шекті шамадан 1,8 – 15,2 есе, қорғасын –
3,1 – 18,6, мыс – 3,0 – 14,9, кадмий – 100 еседен астам болған
(М.С.Панин, 2002).
Достарыңызбен бөлісу: