168
ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ
11-кесте
Алматы қаласының топырағындағы ауыр
металдардың жалпы мөлшері, мг/кг
(К.Сәрсенбаев, У.Есназаровтан алынған, 2000 ж.)
Алаң
Zn
Pb
Cu
Cd
І Алматы саябағы
«Шұғыла кинотеатры»
Көк базар
«Атакент» көрмесі
Райымбек даңғылы
«Поршень» зауыты
Ботаника бағы
Рұқсат етілетін шекті
концентрациясы
219
102,7
128,3
279,9
296,3
843,02
100
55,5
119,96
106,9
126,2
212,9
180,3
595,8
100
32,0
67,77
53,55
62,56
90,76
102,8
490,75
100
33,0
98,6
100,7
97,2
111,1
97,2
40,9
100
1,0
Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен, Риддер (Лениногор),
Зырян қалалары мен Глубокое елді мекенінің топырағындағы
қорғасынның рұқсат етілетін шекті концентрациясы ластану
көзінен ондаған және жүздеген есе, кадмий мен мырыш – 8 – 14
есе, мыс – 100 есе артық болған. Өскемен қаласының аумағы мен
айналасындағы ластанған топырақта 9 мың т қорғасын, 32,5 т
мыс кездеседі.
М.С.Паниннің зерттеулері (2000) бойынша Семей қаласы
топырағының мырыш, қорғасын, мыс, кадмиймен күшті
ластанғаны анықталған. Мұнда қаладан 80 км қашықтықта
алынған шамадан мырыштың концентрациясы 7,4 есе, қорғасын –
9,9, мыс – 3,8, кадмий 12,0 есе артық болған.
Қаланың
ірі өнеркәсіп орындары мен жылу электр
стансаларынан 2,5 – 5,0 км радиуста орналасқан топырақ
техногендік әсерге күшті ұшыраған. Бұл аймақтағы топырақтың
49 %-ында ауыр металдардың мөлшері рұқсат етілген шекті
шамадан 30 %-ға дейін артық болған.
Осындай экотоксикологиялық жағдайларға байланысты қазіргі
кезде ауыр металдардың қалалар топырағын ластауын азайтуға
және оны болдырмауға бағытталған ғылыми негізделген
бағдарламалар жасалуда. Мұндай элементтердің ластауын жоюға
169
арналған технологиялық шаралар қабылдануда. Мысалы,
өнеркәсіп алаңдары көлеміндегі топырақтан ауыр металдарды
бөліп алу үшін фиторемедиация тәсілдері, яғни ауыр металдарды
бойына сіңіре жинақтайтын өсімдіктер отырғызу әдістері
пайдаланылуда.
Достарыңызбен бөлісу: