159
Көмір мен мұнай жағатын электр стансалары. Көмір мен
мұнайды жағудан Жер бетіне жыл сайын 1600 т сынап, 3600 т –
қорғасын, 2100 т – мыс, 7000 т – мырыш шығарылады.
Отының барлық түрлерінің ұшпа күлі ауыр металдарға бай
келеді. Әсіресе мазуттың, никель мен мырыштың күлінде
олардың концетрациясы жоғары болады.
Автокөліктер.
Автомобильді
пайдаланудан
этильденген
бензиннің құрамына кіретін қорғасының 25 – 75 %-ы
атмосфераға шығарылып, су мен жер бетіне қонады екен.
Автокөліктердің
пайдаланылған
газдарынан
атмосфераға
шығарылатын қорғасын бөлшектерінің мөлшері жанартау
атқылауы кезіндегіден 60 – 130 есе артық шамаға жететіні
анықталған.
Американың,
Еуропа
мен
Жапонияның
кейбір
автомобильдерге толы ірі қалаларында атмосферадағы қорғасын
мөлшері қазір адамның денсаулығы үшін қауіпті концентрацияға
жеткен немесе соған жуықтаған. Қала ауасымен тыныс алуда
қорғасын аэрозольдары кеңірдек тарамдары мен жұтқыншақта
тежеледі, ал диаметрі 1 мк-ден кішілері (олар шамамен 70 – 80 %)
өкпеге, одан қан капиллярлары мен эритроциттеріне өтеді. Оның
үстіне, «қорғасынды ауаның» «қорғасынды судан» зияны артық
екені мәлім. Қан аздық, ұдайы бастың, бұлшық еттердің ауруы –
қорғасынмен уланудың белгілері.
Дамушы елдерде немесе өтпелі кезең елдерінде көп
қолданылатын қорғасын үстемелері қосылған бензин балалардың
ақыл-ойы дамуына зиянды әсер етеді. Мұндай фактілер әсіресе
Бангкоктегі, Латын Америкасы елдеріндегі балалардан жиі
байқалған. Сондықтан Еуропаның көптеген елдері әлемдегі
эколо-гиялық жағдайға жақсы әсерін тигізетін этильденбеген
бензинді пайдалануға толығымен көшуді жоспарлап отыр.
Достарыңызбен бөлісу: