Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология



Pdf көрінісі
бет12/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   122
Байланысты:
ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ-1

 
3 – сурет.  Талшықтардың жіктелуі 
 
Талшықтар  мен  мата  дайындау  –  халық  шаруашылығында 
синтездік  жоғары  молекулалық  қосылыстарды  қолданудың 
пластмассалардан  кейінгі  кең  салалы  аймағы.  Себебі  жасанды 
талшықтар  өндірісі  табиғи  полимерді  өңдеуге  негізделгендіктен, 
халықтың өскелең мұқтажын толық өтей алмайды. 
  Кейбір  синтездік  талшықтар  пластмассаларды  жасағанда 
пайдаланылатын полимерлерден де алынады. Олардың қасиеттері 
сәйкес  пластмассалар  тәрізді  химиялық  төзімді,  электрден 
қорғағыш  және  т.с.с.  болады.  Мысалы,  оларға  тефлон,  поли-
хлорвинил, полистирол талшықтары жатады. 
  Синтездік  талшықтар  алыну  әдісіне  қарай  екіге  бөлінеді: 
полиэфирлі  талшықтар  және  полиамидті  талшықтар  (капрон). 
Олардың  бұлайша  жіктелу  себебі  –  полиэфирлі  талшықтардың 
макромолекуласында  құрылымдық  буындар  эфирлік  байланыс 
арқылы  жалғасса,  полиамидті  талшықтарда  –  амидтік  байланыс 
түзіледі. Олардың бірнешеуін сипаттайық. 
  Капрон  талшығын  капронды  ε  алинкапрон  қышқылынан 
поликонденсация  реакциясы  арқылы  алады.  Полимер  шайыр 
түрінде  алынады.  Шайырды  балқыған  күйінде  сүзгіштен  өткізіп, 
салқындатады. Жіпке айналып, қатайған талшықты созып иіреді. 
Талшықтар
 


 
 
 
25
 
Капрон  талшығы  өте  берік  болумен  бірге  тозбайтын  және  су 
сіңірмейтін  материал.  Кемшілігі  –  қышқылдың  әрекетіне  және 
қызуға төзімсіз. 
  Капрон  қосылып  тоқылған  бұйымдар  тұрмыста  кеңінен 
қолданылады.  Одан  әсем  көйлектер,  жеңсіз  жейде,  кілем, 
шұлықтар  және  т.с.с.  жасалады.  Капрон  талшық  түрінде  ғана 
емес,  сондай-ақ  пластмасса  түрінде  машиналардың  тетіктерін 
(тісті доңғалақ, подшипник және т.с.с.) жасауға қолданылады. 
  Лавсан 
талшығы.  Полимерді  алу  этиленгликоль  мен 
терефталь  қышқылының  поликонденсациялану  реакциясы 
арқылы жүзеге асады. 
  Лавсан  талшығы  –  өте  берік,  жарық  пен  қызуға  төзімді, 
тозбайтын материал. Ол – жақсы диэлектрик, орташа қышқылдар 
мен  сілтілердің  әсеріне  төзімді.  Бұл  талшықтан  тоқыма 
бұйымдарын,  киімдер,  қаптама  маталар  жасайды.  Матасы 
жұмырланбайды  әрі  берік,  тозуға  төзімді  келеді.  Лавсан 
талшығынан  техникаға  қажетті  арқан,  таспа,  сүзгі  маталар  және 
басқа заттар дайындалады. 
  Синтездік  талшықтар  табиғи  материалдарды  алмастыруда 
маңызды рөл атқарады, бірақ гигиеналық тұрғыдағы кемшіліктері 
де  бар.  Олардың  гигроскопиялық  қасиеттері  төмен,  ауа  алмасуы 
нашар, сондықтан денені терлетіп, тері ауруларының туындауына 
себепші  болуы  мүмкін.  Синтездік  талшықтарды  көбіне  табиғи 
талшықтармен араластырып пайдаланады. 
  Синтездік талшықтардың сапасы табиғи талшықтардан артық. 
Олардың шірімейтін, күйе түспейтін, қышқылдар мен сілтілердің 
әсеріне  төзімді,  электр  оқшаулауыш  қасиеттері  бар.  Синтездік 
талшықтардың  беріктігі  де  табиғи  талшықтардан  әлде-қайда 
артық.  4-суретте  синтездік  талшықтардың  салыстырмалы 
беріктігі  көрсетілген  (көлденең  қимасы  1  мм
2
  т    талшықтардың 
беріктігі). 
 
 


 
 
26  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет