Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология



Pdf көрінісі
бет9/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   122
Байланысты:
ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ-1

   4.  Полимерлердің  қасиеттері.  Полимерлердің  жалпы  ортақ 
қасиеттері  болады.  Бірақ  оларды  классикалық  үлгідегі  химия 
тұрғысынан  түсіндіру  қиын.  Сондықтан  мұнда  тиісті  жаңа 
түсініктер қолданылады. 
  Жоғары молекулалы қосылыстардың молекулалық массалары 
үлкен  болған  сайын  әр  түрлі  полимерлердің  қасиеттеріндегі 
айырмашылықтар да азая береді, тіпті жеке зат ретінде айырмасы 
болмай қалады. 
  Полимерлердің 
молекулалық 
массасы 
артқан 
сайын 
физикалық қасиеттерінің өзгеруінде тағы бір ерекшелік – оларды 
қыздырғанда  ерекше  булану  құбылысы  –  ұшқыштығы 
байқалмайды. Одан әрі қыздыра берсе, белгілі бір температурада 
термиялық  айырылу  процесі  жүреді.  Жоғары  молекулалы 
қосылыстар – мүлде ұшпайтын, газ күйіне ауыспайтын заттар. 
  Полимерлер  көпшілік  жағдайда  ерімейді.  Дегенмен,  түзу 
құрылымды  полимерлерді  кейбір  еріткіштерде  аздап  ерітуге 
болады.  Ал  кеңістіктік  полимерлер  ерімейді.  Кейбіреулері, 
мысалы, резеңке еріткіштерде тек ісінеді. 


 
 
 
17
 
  Полимерлердің  келесі  маңызды  қасиеті  –  олар  механикалық 
берік  болып  келеді.  Беріктік  қасиет  полимерлердің  тармақталу 
дәрежесі  мен  түріне  байланысты.  Молекулааралық  байланыстар 
үлкейген сайын заттың қаттылығы да арта түседі, серпімділігі де 
артып, салыстырмалы деформациялығы азаяды. 
  Полимерлердің  электр  өткізгіштігі  өте  нашар  болады. 
Олардың  электрлік  қасиетіне  электр  өрісін  бергенде  көрсететін 
қасиеттері  жатады.  Электрлік  қасиеттеріне  қарай  полимерлер, 
барлық  денелер  сияқты,  диэлектриктер,  жартылай  өткізгіштер 
және электр өткізгіштер болып бөлінеді. 
   Көптеген 
полюсті 
және 
полюссіз 
полимерлер 
диэлектриктерге жатады. Диэлектриктерге өте ұсақталған электр 
өткізгіш  толтырғыштар  (техникалық  көміртек  –  графит, 
ұсақталған  металдар)  енгізілсе,  электр  өткізгіш  материалдар 
алынады. 
Полимерлердің  электрлік 
қасиеттеріне 
электр 
өткізгіштік,  электр  беріктілік,  диэлектрлік  шығын,  диэлектрлік 
өтімділік,  термополюссіздену  жатады.  Осындай  қасиеттеріне 
қарай  полимер  материалдар  техниканың  маңызды  салаларында 
қолданылады. 
  Полимерлердің  жылу  өткізгіштігі  нашар.  Жылу  өткізгіштік 
дегеніміз  –  бұл  жылудың  полимердің  жылырақ  бөлігінен 
суығырақ  жағына  тасымалдануынан  температураның  теңесу 
процесі. 
  Полимерлердің  қолдану  аясын  кеңейте  түсуге  мүмкіндік 
беретін  қасиеттерінің  қатарына  олардың  жеңілдігін,  химиялық 
тұрақтылығын, әсемдігін және т.б. жатқызуға болады. 
  Қазіргі  кезеңде  жобаланған  қасиеттері  бар  синтездік  полимер 
материалдар алу үшін ғылыми негізделген өңдеу тәсілдері қажет, 
яғни  олардың  беріктігін  арттыратын,  морттығын  төмендететін, 
созылғыштығын 
жоғарылататын 
молекуланың 
қолайлы 
құрылымын қалыптастыру әдістері керек. Полимерлердің қызмет 
ету  мерзімін  арттыру  үшін  оларға  жылуға  төзімділігін, 
динамикалық  беріктігін  және  басқа  негізгі  қасиеттерін 
арттыратын арнайы қоспалар қосады. 


 
 
18  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
  Полимерлердің маңызы зор болғандықтан, оларды өндіру мен 
тиімді  пайдалану  –  халық  шаруашылығын  дамытудағы  негізгі 
бағыттардың бірі. 
  Жоғары молекулалы қосылыстар екі түрлі – қатты және сұйық 
күйде болады. 
  Пластмассалар  –  иілгіштік  қасиеті  болғандықтан,  белгілі  бір 
жағдайларда  тиісті  пішінге  келтіруге  болатын,  жоғары 
молекулалы 
органикалық 
заттар 
негізінде 
жасалатын 
материалдар.  Иілгіштік  қасиет  дегеніміз  –  бұл  дененің  сыртқы 
күштердің  әсерінен  пішінін  өзгертіп,  мұндай  әсер  тоқталғаннан 
кейін  де  сол  өзгерген  пішінін  сақтап  қалу  қасиеті.  Иілгіштік 
қасиет  пластмассалардан  басқа  заттарда  да  болады.  Мысалы, 
саздың  иілгіштік  қасиеті  оны  түрлі  пішінге  келтіріп,  бұйымдар 
(қыш  ыдыстар  және  т.с.с.)  жасауға  мүмкіндік  береді.  Оларды 
сондай-ақ түрлі мүсіндер жасауға пайдаланады. 
  Пластмассалар  жасауға  қолданылатын  полимерлер  көбінесе 
шайырлар  деп  аталады.  Пластмассалар  кейде  шайырдан  ғана 
жасалады,  басқаша  айтқанда,  жоғары  молекулалы  заттың  өзінен 
ғана  құралады.  Мысалы,  полиэтилен  тек  этиленнің  полимерлену 
бөлімінен  тұрады.  Қазіргі  уақытта  құрамындағы  толықтырғыш-
тарға,  тұрақтандырғыштарға  және  басқа  құрауыштарына 
байланыстырушы  ретінде  қай  полимердің  қолданылатынына 
қарай  пластмассалардың  әр  түрлі  сорттары  мен  түрлері 
шығарылады. 
  Пластмассалардың 
құрамына 
кіретін 
заттарға 
қарай 
қасиеттері  де  алуан  түрлі  болады.  Мысалы,  ағаш  ұнтағы,  мата, 
асбест және басқалары пластмассалардың механикалық беріктігін 
арттырады.  Егер  өте  жай  кебетін  органикалық  сұйық  заттар 
қосса,  материалдың  иілгіштігін  арттырып,  морттығын  жоюға 
болады, бояғыштар материалға тиісті рең береді. 
  Пластмассалар 
өңдірілу 
ауқымы 
жөнінен 
полимер 
материалдар 
арасында 
бірінші 
орын 
алады. 
Олардың 
механикалық  беріктігі  жоғары,  тығыздығы  төмен,  химиялық 
төзімді, жылу және электр оқшаулауыштығы жақсы болады. 
  Пластмассаларды  тиімді  шикізаттардан  өндіреді.  Олар 
механикалық өңдеуге оңай, олардан әр түрлі бұйымдар жасалады. 


 
 
 
19
 
  Әр алуан материалдардың жақсы қасиеттері пластмассалардан 
байқалады. Сондықтан көптеген техникалық мәселелерді шешуде 
олар  ең  керекті,  тіпті  баламасы  жоқ  материалдар  бола  алады. 
Мысалы,  болат  өте  берік,  меншікті  салмағы  ауыр,  мөлдір  емес, 
электрден  қорғай  алмайды.  Ағаш  –  жеңіл,  берік  емес  және 
шіритін  материал.  Ал  пластмассалар  осындай  күрделі 
талаптардың  барлығын  өтей  алады.  Мысалы,  химиялық 
төзімділігі  алтын  мен  платинадан  жоғары,  үйкелу  коэффициенті 
өте төмен немесе өте жоғары және т.с.с. материалдар да бар. 
  Әр 
түрлі 
қосымша 
құрауыштар 
қосу 
арқылы 
пластмассалардың қасиетін өзгертуге болады. Мысалы, өте жеңіл 
пластмассалар  –  пенопластар  құрамына  газ  түзе  айырылатын 
заттарды  қосып  қыздыру  арқылы  алынады.  Бөлінген  газ 
жұмсарған  пластмассаны  үрлеп  кеуектендіреді.  Мұндай 
пластмассалар  болаттан  100  есе  жеңіл  және  жылу  мен  дыбыс 
өткізбейтін  тамаша  материалдар  болып  шығады.  Олардан  суға 
батып  кетуден  сақтандыратын  құралдар,  жеңіл  жиһаздар,  дыбыс 
пен  жылу  өткізбейтін  материалдар,  тұрғын  үй  қабырғаларын 
жасайды, сондай-ақ ұшақ, вагондар жасалады. 
  Толықтырғыш 
ретінде 
шыныталшықтар 
қолданылған 
пластмассалар  өте  берік  болып  келеді.  Оларды  күш  түсетін 
конструкцияларды 
жасау 
үшін 
пайдаланады. 
Мысалы, 
автомобильдердің,  катерлердің  қораптарын,  ұшақтар  мен 
зымырандар жасауда да пайдаланылады.  
  Қазірде 
пластмассалар 
медицинада 
тіс 
протездерін, 
сынықтарға  протездер  жасауда  қолданылуда.  Олардың  тіпті  қан 
тамырлары  мен  өңешті  алмастыратындары  да  бар.  Хирургиялық 
күрделі  операцияларда  тігу  үшін  қолданылатын  материалдар 
ешқандай із қалдырмай организмге тарап, сіңіп кетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет