39
көрсеткіштеріне әсер етеді. Жүректің минуттық көлемі 3 – 5 л-
ден 20 – 40 л-ге дейін артады. Оның жиырылу жиілігі минутына
140 – 180-ге жетуі мүмкін. Максимум артериялық қан қысымы
180 – 200-ге дейін өседі.
Ой еңбегі кезінде жүктеме ең алдымен орталық жүйке
жүйесіне әсер етеді, өйткені ой еңбегімен айналысатын
қызметкерлердің миы реттеуші ғана емес, сондай-ақ ой еңбегін
атқарушы мүше болып табылады. Қарқынды ой еңбегі кезінде
мидың энергияны қажетсінуі артады. Мысалы, көпшілікке дәріс
оқыған кезде энергия шығыны 94 % жоғарыласа, отырып да-
уыстап оқыған кезде тек 48 %-ға көтеріледі.
Ой
еңбегінде айтарлықтай жүйкелік-сезімдік жүктеме
болмайды. Мысалы, кітап оқу, дене еңбегіндегі сияқты жүрекқан
тамыр жүйесі мен сыртқы тыныс алу жағынан өзгерістер
туғызбайды. Мысалы, әуежай диспетчерлері, ұшқыштар,
хирургиялық дәрігерлер күрделі мәселелерді шешу кезінде
олардың жүрегінің жиырылу жиілігі минутына 160 – 180-ге дейін
өсуі мүмкін, артериялық қан қысымы жоғарылап, жүрек қыспасы
да байқалуы мүмкін. Өкпеде ауа алмасуы және оттегін тұтыну
артады, дене қызуы көтеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: