5. Өндірістік шаң-тозаңның қолайсыз әсерінің алдын алу.
Өндірістік шаң-тозаң – ең кең таралған зиянды және қауіпті
өндірістік факторлардың бірі. Мұндай шаң-тозаң өндірістердің
басым көпшілігінде кездеседі. Оларға пайдалы қазбалар өндірісі,
41
машина жасау және металлургия өнеркәсібі, тоқыма өнер-кәсібі,
ауыл шаруашылығы және т.с.с. жатады.
Өндірістік шаң-тозаң ауада қалқып жүретін, жер бетіне баяу
шөгетін, өлшемі бірнеше ондаған мкм-ден жүздеген мкм-ге дейін
жететін қатты бөлшектер, яғни аэрозоль болып табылады.
Өндірістік шаң-тозаңды шығу тегі, түзілу әдісі мен бөлшектерінің
өлшемі бойынша жіктейді.
Шығу
тегі
бойынша
шаң-тозаңды
бейорганикалық,
органикалық және аралас шаң-тозаң деп бөледі. Органикалық
шаң-тозаң жануар немесе өсімдік текті табиғи (ағаш, мақта,
сүйек, жүн шаң-тозаңы және т.б.) және жасанды – пластикалық
массалар, резеңке, шайыр, бояғыш заттардың және т.с.с. шаң-
тозаңдары болуы мүмкін. Бейорганикалық шаң-тозаң минерал
(кварц, силикат, асбест, цемент шаң-тозаңы және т.с.с.), сонымен
қатар, металл (мырыш, темір, мыс, қорғасын, марганец және т.б.)
шаң-тозаңы болуы мүмкін. Металлургия кәсібінде химия және
басқа өндірістерде әр түрлі органикалық және бейорганикалық
шаң-тозаңдардан тұратын аралас шаң-тозаңдар түзілуі мүмкін.
Шаң-тозаңның адам ағзасына әсер етуі оның қасиеттеріне –
химиялық
құрамына,
физикалық-химиялық
қасиеттеріне,
қаттылығына, адсорбциялық қасиетіне байланысты болады. Шаң-
тозаңның химиялық құрамы оның ағзаға түрліше әсер етуіне
себепші болады. Оның уландыратын, тітіркендіретін түрлерін
ажыратады. Құрамында бос күйіндегі кремнийдің қос тотығы,
силикаттар, металдар мен олардың тотықтары кездесетін шаң-
тозаңдар айқын фиброгенді қасиетке ие болады. Усыз шаң-
тозаңның ерігіштігі оның өкпеден бөлінуін тездетеді және
фиброздың дамуын тежейді, ал нашар еритін фиброгенді шаң-
тозаңдар өкпеде жиналып, фиброздың дамуына себепші болады.
Егер шаң-тозаң улы болса, онда оның ерігіштігі ағзаға тез түсуіне
және улы әсерінің нәтижесі дамуына ықпал етеді. Нашар еритін
улы шаң-тозаң өкпеге қонып, уландыратын әсері азаяды.
Шаң-тозаңның ауада қалқып жүру ұзақтығы мен тыныс алу
жолдарына ену тереңдігі оның бөлшектерінің өлшеміне
байланысты болады. Көзге көрінетін шаң-тозаң тез қонады,
тыныс алғанда жоғарғы тыныс жолдарында қалып, түшкіргенде
42 ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ
және жөтелгенде сыртқа шығады. Өте ұсақ шаң-тозаң бөлшектері
ауада қалқыған күйінде ұзақ сақталады және өкпеге терең енеді.
Шаң-тозаң
бөлшектерінің пішіні мен құрылымы да
айтарлықтай маңызды. Жұмыр пішінді бөлшектер өкпеге тезірек
енеді, қырлары үшкір бөлшектер ұлпаларды зақымдайды.
Меншікті беті үлкен шаң-тозаңдар көптеген улы газдарды
сіңіріп алады, оның мұндай улы әсері шаң-тозаңды айтарлықтай
қауіпті етеді. Кейде шаң-тозаң оттегін сіңіре отырып, тез
тұтанады да, жарылыс туғызуы мүмкін. Шаң-тозаң ауаның
микробтармен және саңырауқұлақтармен ластануын күшейтеді.
Шаң-тозаңның әсерінен пайда болатын кәсіптік аурулардың
ішінде пневмокониоздар ерекше орын алады. Бұл өнеркәсіптік
шаң-тозаңның ұзақ уақыт әсер етуі нәтижесінде пайда болатын
және өкпеде фиброздың дамуынан байқалатын өкпенің
созылмалы ауруы. Бұл аурудың мынадай бес тобы белгілі:
минералдық шаң-тозаңнан, металл шаң-тозаңынан, құрамында
көмір бар шаң-тозаңнан, органикалық шаң-тозаңнан, аралас
құрамды шаң-тозаңнан пайда болатын пневмокониоздар.
Шаң-тозаңнан туатын аурулардың алдын алу шаң-тозаңды
гигиеналық
нормалаудан,
технологиялық,
санитарлық-
техникалық шаралардан, жеке басты қорғайтын құралдарды
пайдаланудан және алдын ала емдеу шараларынан тұрады.
Шаң-тозаңның
түзілуімен
күресуде
оның
түзілуін
болдырмайтын (металдар өңдеудің электрлік-химиялық әдістері,
қысыммен құю, заттың бетін ультрадыбыспен өңдеу және т.б.)
немесе оның деңгейін төмендететін (ұнтақ тәрізді заттардың
орны-на брикеттерді, түйіршіктерді, ерітінділерді қолдану)
технологияларды қолдану шешуші фактор болады. Атап
айтқанда, жер асты кен орындарында, жыныстарды өндіретін,
тиейтін және түсіретін жерлерде тозаңдатып сулау әдісі
қолданылады.
Шаң-тозаң шығаратын жабдықтарды герметикаландыру және
жабу, қаптама астынан ауаны сорып алу, материалдарды
сығылған ауаның көмегімен тасымалдау әдістері шаң-тозаң
шығуын төмендетудің міндетті шарттарына жатады. Қосымша
43
шаң-тозаң түзілуімен күресу үшін бөлмелерді тазартудың
вакуумдық әдісін қолданады.
Шаң-тозаңы бар өндірістерде туберкулезбен, тыныс алу
мүшелерінің
созылмалы
ауруларымен,
жүрек-тамырлар
жүйесінің, көзбен тері ауруларымен ауыратындарды жұмысқа
қабылдауға рұқсат етілмейді. Мұндай өндірістерде кезеңдік
медициналық тексеруді өндірістің қауіптілігіне қарай 6, 12 және
24 айда 1 рет жүргізеді, бұл кезде міндетті түрде өкпені
рентгенографияға түсіреді, сыртқы тыныс алу қызметін тексереді,
жалпы қан талдауы мен туберкулез микробактерияларына талдау
жасалады. Мұндай ауруға шалдыққандар басқа жұмыстарға
ауыстырылуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |