Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология



Pdf көрінісі
бет3/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   122
Байланысты:
ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ-1

ӘОЖ 59:91(075.8) 
КБЖ 28.02Я73 
 


 
 
2  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
КІРІСПЕ 
Өркениеттің  барынша  дамыған  қазіргі  кезеңінде  Жер 
ғаламшарының  атап  айтқанда,  биосфераның  ластану  және  оның 
геохимиялық  параметрлерінің  өзгеруі  -  ғаламдық  экологиялық 
проблемалардың  маңызды  бөлігі  болып  саналады.  Өйткені 
Жердегі  тіршіліктің  сақталуы  тікелей  өзіне  байланысты  болып 
отырған  биосфераның  негізгі  қызметі  –  тірі  организмдер  мен 
абиотикалық 
процестер 
белсене 
қатысатын 
энергияның 
бағытталған  ағындарына  тәуелді  үздіксіз  заттар  айналымына 
негізделген.  Бұл  күрделі  өзара  әрекет  Жердің  ұзақ  геологиялық 
тарихы бойында қалыптасқан. Тек соңғы жүз жылдың өзінде ғана 
адамның 
шаруашылық 
әрекеті 
эволюция 
барысында 
теңестірілген биологиялық заттар айналымының бұзылуына әкеп 
соқтырды,  осының  нәтижесінде  қоршаған  ортаның  көптеген 
қасиеттері  нашарлай  бастады.  Айналадағы  ортаның  ластануы 
экологиялық  жүйенің  әр  түрлі  компоненттерінің  күйіне,  оның 
ішінде 
адамның 
денсаулығына 
теріс 
әсерін 
тигізуде. 
Экологиялық  жүйенің  кейбір  буындары  мен  деңгейлері,  кейде 
тіпті  кейбір  экожүйелер  тұтасымен  мұндай  «шабуылға»  төтеп 
бере алмай, мүлде бұзылуда. 
Қазіргі кезде жоғары оқу орындарындағы оқу процесін осы 
заманғы  мазмұнды  оқу  және  оқу-әдістемелік  әдебиеттермен 
қамтамасыз  ету  білікті  жоғары  білімді  мамандар  даярлаудың 
маңызды шарты болып отыр. 
Бүгінгі  өмір  талабына  сәйкес  республикамыздағы  бірқатар 
университеттердің  биология,  химия,  экология  мамандарын 
даярлайтын  факультеттерінде  «Экологиялық  токсикология»  деп 
аталатын  жаңа  пән  енгізілуде.  Бұл  пән  биология  ғылымының 
маңызды бағыттарының біріне айналып келеді. 
Осы  заманғы  экотоксикология  дегеніміз  экологиялық 
физиологиямен,  биогеохимиямен, геоэкологиямен шектес  дамып 
келе  жатқан  ғылым.  Оның  негізгі  мақсаты  –  жер  бетіндегі  тірі 
ағзалардың  әдеттегі  жағдайлармен  салыстырғанда  қоршаған  ор-
таға  шығарылатын  химиялық  заттарға  қалай  бейімделетінін 
түсіндіру  және  олардың  әсерімен  күрес  жүргізу  жолдарын 
көрсету.  Осыған  орай,  молекулалық-генетикалық  деңгейден 


 
 
 
3
 
биосфералық  деңгейге  дейінгі  тірі  материялар  құрылысының 
барлық  деңгейіне  назар  аудару  экотоксикологтардың  күнделікті 
айналысу нысаны болуда. 
Бұл  пән  экология  ғылымының  жаңа  ғылыми  бағыты  – 
экотоксикологияға,  атап  айтқанда,  химиялық  ластану  әсеріне 
ұшыраған  биологиялық  жүйедегі  организмдердің  популяция, 
биоценоз  секілді  жоғары  деңгейдегі  жағдайларын  түсіндіреді, 
сондай-ақ  сыртқы  ортадағы  улы  заттардың  құрамын  олардың 
әсер  ету  деңгейіне  сәйкес  қарастырады.Экотоксикология 
мәселелеріне  арналған  сүбелі  оқулықтың  аздығы,  нақтырақ 
айтсақ,  олардың  жоқтығы  біздің  осы  оқу  құралын  ана  тілімізде 
жазып,  студенттер  қауымына  ұсынуымызға  түрткі  болды. 
Алғашқы  қадамның  қашан  да  ауыр  болатыны  мәлім.  Біз  бұл 
еңбекте  экологиялық  токсикологияны    жан-жақты  әрі  толық 
баяндадық  деп  айта  алмаспыз.  Ендеше,  мұнда  баяндай  алмаған 
материалдарымызды  оқу  құралының  сәті  түссе,  келесі 
басылымында ұсынармыз деген ойдамыз. 
Оқу  құралының  айта  кетерлік  өзіндік  ерекшелігі  деп  оның 
мынадай құрылымын айтар едік: 
− құрал бірнеше тараудан тұрады; 
−  оқу  материалының  танымдық,  эстетикалық,  эмоциялық 
әсерін күшейте түсетін кестелер мен суреттердің берілуі; 
−  әрбір  тараудың  соңында  материалды  барынша  терең 
түсінуге септігін тигізетін бақылау сұрақтарының ұсынылуы; 
− мәтіндегі күрделі ұғымдарға түсінік берілуі; 
−  оқу  құралының  әрбір  тарауы  бойынша  пайдаланылатын 
әдебиеттер  тізімінің ұсынылуы. 
Кітап  авторлары  оқырмандардың  ұсыныстары  мен 
ескертпе-тілектерін 
ризашылықпен 
қабылдап, 
олардың 
айтарлықтай  маңыздыларын,  пайдалы  кеңестерін  алдағы 
басылымда міндетті түрде ескеретін болады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет