Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология


  Биосфера  эволюциясындағы  тірі  заттың  рөлі



Pdf көрінісі
бет32/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   122
Байланысты:
ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ-1

2.  Биосфера  эволюциясындағы  тірі  заттың  рөлі.  Вернадский 
биосфераны  жанды  және  жансыз  нәрседен  тұратын  біртұтас 
геологиялық  қабықша  ретінде  қарастыру  керек  деп  жазды. 
Жанды  зат  бүкіл  сфераны  қамтиды,  оны  түзеді  және  өзгертеді. 
Ғалым күллі тірі организмдерді «тірі зат» деп атап көрсетті. 
     Осы  заманғы  зерттеулер  бойынша  тірі  зат  массасының  жалпы 
көлемі  2420  млрд  т.  құрайды.  Ал  тірі  заттың  қарапайым 
құрамында  жер  қыртысының  құрамына  қарағанда  көміртек 
мөлшері жоғары деп есептеледі. Тірі зат өзінің ұлпасын түзу үшін 
қажетті  элементтерді  талғап  сіңіреді.  Көміртек  атомдары  басқа 
атомдармен  қосылып,  полимерлер  мен  басқа  да  жоғары 
молекулалы күрделі органикалық қосылыстар түзеді. 
     Түрлі  ғылыми  деректер  бойынша  биосфера  бұдан  4,5  млрд 
жыл  бұрын  қалыптасқан.  Оның  эволюциясы  ұзақ  уақыт  ішінде 
мынадай басты екі фактордың ықпалымен ж1үзеге асқан: 
1)  ғаламшардағы 
геологиялық 
және 
климаттық 
өзгерістердің; 
2)  тірі  организмдердің  мөлшері  мен  түрлерінің  алуан 
түрлілігі әсерінен. 
     Ерте  палеозойда  көп  клеткалы  өсімдіктер  мен  жануарлар  бір 
мезгілде дерлік қатар пайда болған. Үштік дәуірдің басына қарай 
жануарлар  құрлық  бетіне  шығып,  материктерді  «жаулай» 
бастаған. Оларда денесінің қатты бөлігі – қаңқаның пайда болуы 
химиялық  элементтердің  миграциясын  жеделдеткен.  Кальций, 


 
 
74  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
фосфор,  фтор,  көмір  қышқылының  химиялық  айналымы 
күшейген. Кайнозойдың соңында омыртқалылар эволюциясының 
ақырғы кезеңінде адам пайда болады. 
     Ғаламшардағы  тірі  ағзалар  эволюция  барысында  бірқатар  аса 
маңызды  биогеохимиялық  қызмет  атқарған,  олардың  бәрі  дерлік 
осы заманда да биосфераның қалыпты құрылысының сақталуына 
қызмет етуде (5-кесте). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет