8-сурет. Биосферадағы су айналымы (В.И.Иванов, О.В.Васильева, Н.В.Иванова. Общая и медицинская экология. 2010 ж.)
Жер бетінен 1 минутта 1 млрд тоннадай судың буланатыны
есептеп шығарылған. Ал осыншама мөлшердегі судың булануына
жұмсалған энергия атмосфераға қайтып оралады.
Дүниежүзілік мұхит пен құрлық арасындағы су айналымы
Жердегі тіршіліктің сақталуындағы аса маңызды буын болып
есептеледі және өсімдіктер мен жануарлардың өлі табиғатпен
өзара әрекеттесуінің негізгі шарты болып табылады. Мұндай
әрекеттен литосфера біртіндеп бұзылып, оның бөлшектері
мұхиттар мен теңіздер тұңғиығына барып шөгеді.
Кіші
су айналымы экожүйенің шегінде өтетіндіктен,
гидросфера, топырақ, атмосфера, өсімдіктер, жануарлар мен
микроорганизмдер арасындағы айналым рөлін атқарады.
Көміртек айналымы жасыл өсімдіктер мен балдырлардың
фотосинтез кезінде көмірқышқыл газын сіңіруімен басталып,
оның әр түрлі органикалық қосылыстардың құрамында қоректік
тізбек бойымен өтіп, тыныс алу процесінде органикалық
заттардың тотығуынан түзілетін СО
2
түріндегі көміртекті бөліп
шығаруымен аяқталады (9-сурет).