Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология



Pdf көрінісі
бет67/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   122
9-кесте 
 
Органикалық тыңайтқыштардың әр түрінің құрамындағы 
қоректік заттардың мөлшері (1 тоннаға кг есебімен) 
(К. Жанабаев т.б. алынған 1994ж.) 
 
Тыңайтқыштардың 
түрлері
 
1 тоннадағы мөлшері (кг)
 
N
 
P
2
O
5
 
K
2
O
 
CaO
 
Шала шіріген көң
 
Көң садырасы
 
Шымтезек
 
Құс саңғырығы
 
5,0
 
2,5
 
3,0
 
15 – 20
 
2,5
 
0,6
 
0,3
 
10 – 20
 
6,0
 
3,6
 
0,3
 
10,0
 
7,0
 
0,6
 
0,9
 
30,0
 
 
     Кестеде 
келтірілген 
деректерге 
қарағанда, 
көңнің 
құрамындағы  қоректік  заттың  мөлшері  олардың  қалай 
дайындалуына  және  сақталуына  байланысты.  Шала  шіріген 
аралас  көңнің  құрамында  0,5  %  азот,  0,25  %  фосфор  және  0,6  % 
калий  болады.  Өсімдікке  керек  заттар  тұрғысынан  қарастырсақ, 
көңнің  құрамында  минералдық  қоректің  барлық  элементтері 
кездеседі. 
     Көңнің  құрамына  малдың  астына  төселген  шөп,  сабан  және 
тағы  басқа  заттар  кіреді.  Ол  төсеніштер  көңнің  физикалық-
химиялық  қасиеттерін,  оның  биологиялық  әрекетін  күшейтеді, 
сапасын жақсартады және азот шығынын азайтады. 
     Қорада  ұсталатын  малдан  алынатын  көңнің  мөлшері  оның 
түріне  байланысты.  Мысалы,  200  –  240  күн  шамасындай  қолда 
бағылса,  бір  сиырдан  6  –  9  тонна,  шошқадан  1,5  –  2  тонна  көң 
алынады. 
     Көңге  қойылатын  негізгі  талап  –  оны  дұрыс  дайындау  және 
сақтау,  өйткені  оның  пайдалылығы,  құрамында  қоректік 
заттардың  молдығы  және  өсімдіктерге  тиімділігі  осыған 
байланысты.  Егер  көң  дұрыс  сақталмаса,  оның  құрамындағы 
қоректік заттар шайылып кетеді. 
     Көң  сақтаудың  аэробты  (көңнің  арасына  ауа  еніп  тұратын) 
және  анаэробты  (арасына  ауа  еңбей  тұратын)  әдістері  бар. 


 
 
134  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
Аэробты  әдіс  бойынша  көңді  сақтау  кезінде  ол  тез  ыдырап 
шіриді,  сөйтіп  азот  көп  шығын  болады.  Ондағы  жалпы 
органикалық  азот  шығыны  40  %  шамасына  жетеді.  Сондықтан 
көң  сақтаудың  мұндай  әдісі  сирек  қолданылады.  Көбінесе  көң 
сақтаудың анаэробты әдісі қолданылады. 
     Мұндай  әдіспен  дайындалған  көң  3  –  4  айда  жартылай  шіріп 
үлгіреді, 7 – 8 ай шамасында мүлде шіріп, дайын болады. Көңнің 
шіріп дайын болуын тездету үшін аэробты және анаэробты әдісті 
үйлестіріп  жүргізеді.  Көңді  негізінен  танапты  жырту  алдында 
шашады.  Шіру  дәрежелері    әр  түрлі  көңді  пайдалану  топырақ, 
климат  жағдайына,  дақылдардың  биологиялық  ерекшеліктеріне 
және  жерді  негізгі  өңдеу  әдісіне  тығыз  байланысты. 
Республикамыздың 
оңтүстік 
және 
оңтүстік-шығысындағы 
қуаңшылық  басым  аудандарда  толық  шіріген  көң  қолданылады. 
Ылғалы  жеткілікті  аудандарда  пар  танабына  және  сүдігерге 
жартылай  шіріген  көңді  де  шаша  береді.  Ал  жеңіл  құрамды 
топырақта  жас  көңді  пайдалануға  болады.  Көңді  топырақты 
жыртып,  тұқым себер алдында шашады. 
     Көңнің  аса  жақсы  қасиеті  –  оның  құрамындағы  қоректік 
заттарды  өсімдіктер  ұзақ  жылдар  бойы  пайдалана  алады,  яғни 
көп мөлшерде (40 – 60 т) топыраққа бірден берілген көңнің әсері 
кемінде  5  –  6  жылға  дейін  жоғалмайды.  Көңнің  тиімділігі  оны 
минералдық тыңайтқыштармен қосып пайдаланғанда арта түседі. 
Органикалық  тыңайтқыштар  топырақтың  физикалық-химиялық 
қасиеттерін  жақсартады,  қышқылдығын  азайтады,  ондағы 
көмірқышқыл 
газын 
көбейтеді. 
Олар 
минералдық 
тыңайтқыштарды  үнемді  де  тиімді  пайдалануға  көмектеседі, 
өйткені  көңнің  құрамында  біршама  мөлшерде  негізгі  қоректік 
заттар:  азот,  фосфор,  калий,  сонымен  қатар  бор,  мыс,  йод, 
марганец,  молибден,  кобальт,  темір,  т.б.  микроэлементтер 
болады. 
     Органикалық  тыңайтқыштар  топырақтағы  микроорганизмдер 
үшін  аса  қажетті  қорек  болып  табылады.  Мұнымен  қатар, 
көптеген органикалық тыңайтқыштардың өзімен бірге топыраққа 
микроорганизмдер  келеді.  Садыра,  негізінен,  жануарлардың 
сұйық  қалдығы  және  қидың  ыдырауы  нәтижесінде  бөлініп 


 
 
 
135
 
шыққан  заттардан  құралады.  Оның  құрамында  0,2  %  азот  және 
0,6  %  калий  бар.  Дайындалған  қи  неғұрлым  бос  сақталса, 
соғұрлым одан қи садырасы да көп бөлінеді және керісінше. 
     Қи  садырасы  азот,  калий  тыңайтқышы  ретінде  тез  әсер  етеді. 
Бұл  тыңайтқышты  мал  қоралары  маңындағы  арнаулы  орынға 
жинап алады. Әр малдан алынатын қи садырасының мөлшері оны 
қолда баққан мерзімнің ұзақтығына және түріне байланысты. 
     Қи  садырасы  құрамындағы  қоректік  заттар  тез  сіңетін 
қалпында  болады.  Олардың  пайдалану  тиімділігі  60  –  70  % 
шамасындай.  Осы  қасиеті  жөнінен  қи  садырасы  минералдық 
тыңайтқышқа жақын. 
     Қи 
садырасы  негізгі  тыңайтқыш  ретінде  де,  үстеп 
қоректендіру  үшін  де  қолданылады.  Негізгі  тыңайтқыш  ретінде 
әр  гектар  егістікке  10  –  30  тонна  қи  садырасын  шашады.  Қи 
садырасын  қолданудағы  негізгі  шарттың  бірі  –  оны  танапқа 
шашқан соң топырақ ізінше жыртылады. 
     Қи  садырасын  мал  қораларына  тақау  жерге  жинап,  сақтау 
керек,  ал  жинау  кезінде  оған  аздап  нашар  ертитін  фосфор 
тыңайтқышын 
қосады. 
Құрамындағы 
қоректік 
заттар 
өсімдіктерге  жақсы  сіңімді  болғандықтан,  мұны  дақылдарды 
үстеп қорек-тендіруде пайдаланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет