137
арнаулы препараттармен өңдейді. Сонда бұлардың атмосферадан
азот сіңіруі күшейеді. Сонымен қатар, жасыл тыңайтқыштардың
құрамында фосфор және калий элементтері жоқтың қасы
болғандықтан, топырақты өңдемес бұрын оған фосфор мен калий
тыңайтқыштарын енгізу тиімді болып табылады.
Бұршақты дақылдарды тыңайтқышқа арнап өсіру үшін күздік
бидай, сүрлемдік жүгері, тағы басқа алғы дақылдарды жинап
алғаннан кейін егістік танап суарылады, содан 3 – 4 күн өткен соң
(топырақтың кебуіне байланысты) егістікті бір мезгілде тырмалай
отырып, 24 – 26 см тереңдікте жыртады. Асбұршақтың және
сиыржоңышқаның тұқымын гектарына 80 – 100 кг, ал
ноғатықтың тұқымын 100 – 120 кг мөлшерінде себеді. Ескеретін
жайт – бұршақ дақылдардың біртегіс өніп-өсуінің шешуші шарты
– негізгі дақылды жинап алысымен, танапты суарып, жырту, жер
жырту мен тұқым себу арасында мүмкіндігінше алшақтық
болдырмау керек.
Достарыңызбен бөлісу: