2.23 сурет. Лактатдегидрогеназамен (ЛДГ) катализденетін реакция
Жүрек
Бүйрек
Бауыр
Бұлшық ет
гепатит
Миокард инфактісі
Сау адам
2.24 – лактатдегидрогеназаның изоформалары:
А –ЛДГ-нің әртүрлі изоформаларының құрылысы;
Б –әртүрлі мүшелердегі ЛДГ изоформаларының салыстырмалы мөлшері мен таралуы;
В –ЛДГ изоформаларының қан плазмасындағы қалыпты және патология жағдайларындағы мөлшері (оң жақта– электрофореграммалар және сол жақта – фотометриялық сканерлеу) сау адамның, миокард инфарктісімен ауырған, гепатитпен ауырған қан плазмалары. Диагностикалық тест ретінде қан плазмасындағы ЛДГ-нің тін арнайылық изоформаларын анықтау кең қолданылады.
Басқа мысалы ретінде креатинкиназаны атауға болады. Креатинкиназа (КК) креатинфосфаттың түзілу реакциясын катализдейді (2.25 сур.bioximija.ru.2012). КК молекуласы екі түрлі суббірліктерден тұратын димер – М (ағылш. muscle – бұлшық ет) және В (ағылш. brain - ми). Бұл суббірліктер изоферменттің үш түрін түзеді: ВВ, МВ, ММ. ВВ изоферменті – бас миында, ММ –қаңқа бұлшық еттерінде және МВ – жүрек бұлшық етінде орналасқан. КК изоформалары әртүрлі электрофоретикалық қозғалғыштыққа ие болады (2.26 сур.bioximija.ru.2012). Қан плазмасында КК белсенділігін анықтау миокард инфарктісін анықтауда маңызды (МВ-изоформасының деңгейі артады). ММ изоформасының мөлшері қаңқа бұлшық еттері жарақаттанғанда және зақымданғанда артады. ВВ изоформасы гематоэнцефалитикалық тосқауылдан өте алмайды, сондықтан, қанда инсульт кезінде анықталмайды және диагностикалық маңызы жоқ.
2.25 сурет. Креатинкиназа (КК) ферментімен катализденетін реакция
2.26 сурет. Креатинкиназаның әртүрлі изоформаларының электрофоретикалық қозғалғыштығы және құрылысы
Энзимодиагностика әртүрлі мүшелердің ауруларында диагноз қоюда қолданылады. Анализдер жиынтығы нақты биохимиялық зертхананың мүмкіншілігіне байланысты және ылғи жетілдіріліп отырады. Келесі энзимодиагностикалық тесттер жиі қолданылады:
- жүрек ауруларында (миокард инфарктісі) - лактадегидрогеназа, креатинкиназа, аспартатаминотрансфераза, аланинаминотрансфераза. Миокард инфаркітісінде қанда еңбірінші тропонин белогі пайда болады;
- бауыр ауруларында - аланинаминотрансфераза, аспартатаминотрансфераза, ацетилхолинэстераза, гамма-глутамилтранспептидаза.
- ұйқы безі ауруларында – панкреатиттік амилаза, липаза;
- ер адамдардың жыныс ауруларында –қышқылды фосфатаза.
Достарыңызбен бөлісу: |