Казақстан республикасының денсаулық сақтау



бет27/76
Дата25.11.2023
өлшемі1,73 Mb.
#127467
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   76
Байланысты:
ЭНЗИМОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ (каз)-15

2.21- сурет. Фосфорлану-дефосфорлану жолымен фермент белсенділігінің реттелу сызбанұсқасы
Ферменттердің фосфорлануы протеинкиназа ферментінің көмегімен жүреді. АТФ молекуласы фосфор қышқылының доноры. Ферментті фосфорлау оның және активті орталықтың конформациясының өзгеруіне әкеледі, бұл ферменттің субстратқа сәйкестігін өзгертеді. Кейбір ферменттер фосфорлануда активтенеді, ал кейбір ферменттер ингибирленеді. Кері процесс - дефосфорлану –фосфопротеинфосфатаза ферменттерінің әсерінен жүреді. Фосфопротеинфосфатазалар фофсфор қышқылы қалдығын ферменттен бөліп алып ферментті бастапқы күйіне алып келеді.






4. Ферменттердің каталитикалық белсенділігін шектеулі протеолизбен реттеу.
Жасушадан тыс кейбір ферменттер (асқазан-ішек жолдарында немесе қан плазмасында) активсіз алғы заттар ретінде синтезделеді, олар бір немесе бірнеше белгілі пептидтік байланыстардың гидролизі нәтижесінде активтенеді, ол молекуланың бір бөлігінің үзілуін тудырады. Белок молекуласының қалған бөлігінде құрылысы өзгеріп, одан ферменттің активті орталығы түзіледі (2.22 сур.bioximija.ru.2012). Шектеулі протеолиз фермент белсенділігі өзгерісінің реттелуінің мысалы болып табылады.

активті


активсіз




2.22- сурет. Шектеулі протеолиз көмегімен пепсиннің активтенуі

Пепсиногеннің бір немесе бірнеше пептидтік байланыстарының гидролизі нәтижесінде (активсіз молекула) молекуланың бір бөлігі ажырап, пепсин фнрментінің активті орталығы қайтымсыз түзіледі. Осындай ферменттер белок молекуласының өміршеңдігімен анықталатын аз уақыт ішінде қызметін атқарады. Шектеулі протеолиз асқорытудағы протеолитикалық ферменттердің (пепсин, трипсин, химотрипсин, эластаза), пептидтік гормондардың (инсулин), қан ұйыту жүйесіндегі белоктарының және басқа бірқатар белоктардың активтенуінің негізін салады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет