Ферменттердің активтілігіне әсер ететін факторлар
Температураның әсері
Ферменттің ең жоғарғы активтілігіне сәйкес келетін температураны (37°—45°С), ферменттердің әсер етуінің оптималды температурасы деп атайды. Температураның 37°-тан төмен түсуі немесе 45°С-тан жоғарылауы ферменттерді инактивацияға ұшыратады. Инактивация қайтымды және қайтымсыз болып бөлінеді. Қайтымды инактивация температура төмендегенде байқалады, фермент өз активтілігін қалпына келтіре алады. Температураны төмендету хирургиялық практикада кеңінен қолданылады (шәуетті(сперма), бастапқы бөліну сатысында ұрықты, ауыстырып қондыруға арналған ағзаларды мұздату және т.б.).
Қайтымсыз инактивация температура 450С-тан асқанда байқалады және фермент өз активтілігін қайта қалпына келтіре алмайды. Температураның 70°С-тан жоғарылауы ферменттерді денатурацияға ұшыратады.
Орта рНның әсері
Ферменттер амфотерлік қасиетке ие және фермент молекуласының заряды, ферменттің орналасқан ортасына байланысты. Кез-келген ферменттің ерекше активті болатын, өзіндік оптималды рН ортасы болады. Көптеген ферменттер үшін оптималды рН ортасы 4 пен 7 арасында. Оптималды аралықта ферменттің субстратқа деген ынтықтығы жоғары болады. рН оптималды мағынасына салыстырмалы біршама өзгерсе ферменттің конформациясы өзгереді, активті орталық, комплементарлылық және реакция жылдамдығы бұзылады.
Субстрат концентрациясының әсері
Субстрат концентрациясының жоғарылауынан реакция жылдамдығы алғашында пропорционалды өседі, бірақ толық қаныққаннан кейін субстрат концентрациясы жылдамдықты өзгертпейді немесе реакция тежеліп қалады.
Фермент концентрациясының әсері
Фермент концентрациясы мен реакция жылдамдығы арасындағы байланыс – тура сызықтық.
Фермент әсерінің активаторлары мен ингибиторлары
Жасушада ферменттердің активтілігін жоғарылататын (активаторлар) немесе тежейтін (ингибиторлар) эффекторлар әсер етеді.
Активаторлар бөлінеді:
1. Арнайылығы жоқ— бір топ ферменттердің активтілігін арттырады. Көбіне бұны иондар орындайды. Мысалы, магний ионы барлық фосфатазаларды активтендіреді.
2. Арнайылығы бар — тек бір ғана ферментті активтендіреді. Мысалы, Mn тек изоцитратдегидрогеназаны активтендіреді, өт қышқылының тұздары ұйқы безі сөлі липазасын. Ішек жасуша эпителийінде түзілетін энтеропептидаза трипсинннің активаторы болып табылады: ол гексапептидті бөліп шығарады да трипсиногенді трипсинге айналдырады.
Сіздің назарыңызға бір, екі, үш және одан да көп дұрыс жауаптары бар тапсырмалар ұсынылады. Дұрыс жауаптардың нөмірлерін түгел қоршаңыздар
1. КАТАЛИТИКАЛЫҚ РЕАКЦИЯ ЖЫЛДАМДЫҒЫ БАЙЛАНЫСТЫ
1) рН
2) фермент концентрациясына
3) изоферменттердің болуына
4) активті орталықтың жайына
5) субстрат концентрациясына
2. ФЕРМЕНТТІҢ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫН ЖОҒАРЫЛАТҚАНДА ФЕРМЕНТАТИВТІК РЕАКЦИЯ ЖЫЛДАМДЫҒЫ:
1) төмендейді
2) жоғарылайды
3) өзгермейді
4) жоғарылайды, сосын тұрақтанады
5) төмендейді, сосын тұрақтанады
3. АКТИВАТОРЛАР БОЛАДЫ
1) арнайлығы бар
2) абсолюттік
3) арнайлығы жоқ
4) салыстырмалы
5) стереоарнайылықты
4. ҚАНДАЙ РН МӘНІНДЕ КӨПТЕГЕН ФЕРМЕНТТЕР МАКСИМАЛДЫ АКТИВТІЛІК КӨРСЕТЕДІ
1) қышқылдық рН=1.5-2.0
2) сілтілік рН=8.0-9.0
3) бейтарапқа жақын рН= 5-7
4) тек қана рН=7.0
5. ФЕРМЕНТАТИВТІК РЕАКЦИЯ ЖЫЛДАМДЫҒЫ ТӘУЕЛДІ ЕМЕС
1) фермент концентрациясына;
2) субстрат концентрациясына;
3) орта рН-на;
4) реакция өнімінің шығуына
5) ферменттің молекулярлы массасына
6. ФЕРМЕНТТЕРДІҢ АКТИВАТОРЛАРЫ - БҰЛ
1) ферменттік реакциялардың жүруін реттейтін заттар
2) ферменттік реакциялардың жүруін тездететін заттар
3) ферменттік реакциялардың жүруін баяулататын заттар
4) заттар – ферменттердің денатураторлары
5) ферменттердің концентрациясын ұлғайтатын заттар
7. ТЕМПЕРАТУРАЛЫҚ ОПТИМУМ – БҰЛ ТЕМПЕРАТУРАДА
1) қайтымды инактивация байқалады
2) фермент минималды активтілікке ие
3) фермент тұнбаға түседі
4) фермент максималды активтілік көрсетеді
5) фермент активсіз
8. ФЕРМЕНТТІҢ ҚАЙТЫМДЫ ИНАКТИВАЦИЯСЫ ҚАНДАЙ ТЕМПЕРАТУРАДА БАЙҚАЛАДЫ
1) 00 С
2) -100 С
3) 370 С
4) 700 С
5) 1000 С
9. ФЕРМЕНТТІҢ ҚАЙТЫМСЫЗ ИНАКТИВАЦИЯСЫ ҚАНДАЙ ТЕМПЕРАТУРАДА БАЙҚАЛАДЫ
1) 00 С
2) 500 С
3) -400 С
4) 400 С
5) 1000 С
10. ТРИПСИНННІҢ СПЕЦИФИКАЛЫҚ АКТИВАТОРЫ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ
1) магний ионы
2) өт қышқылының тұздары
3) энтеропептидаза
4) тұз қышқылы
5) химотрипсин
Толықтырыңыз:
11. АРНАЙЫЛЫҚ АКТИВАТОРЛАР ТЕК ҚАНА ________________________________________________ ӘСЕРІН КҮШЕЙТЕДІ
12. АРНАЙЫЛЫҚ ЕМЕС АКТИВАТОРЛАР ТЕК ҚАНА _________ _______________________________ ӘСЕРІН КҮШЕЙТЕДІ
№ 6 квантталған мәтін тест тапсырмасымен
Достарыңызбен бөлісу: |