Казақстан республикасының денсаулық сақтау



бет44/76
Дата25.11.2023
өлшемі1,73 Mb.
#127467
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   76
Байланысты:
ЭНЗИМОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ (каз)-15

Ферменттердің жіктелуі

Реакция арнайлықтарына қарай барлық белгілі ферменттер 6 класқа жіктелінеді:


1. Оксидоредуктазалар – тотығу-тотықсыздану реакцияларын тездетеді.
2. Трансферазалар – атомды немесе атомдар тобын бір заттан екінші затқа тасымалдайды.
3. Гидролазалар – судың қатысуымен күрделі заттардың жай заттарға дейін ыдырауын катализдейді.
4. Лиазалар – күрделі заттарды судың қатысуынсыз ыдыратады.
5. Изомеразалар – изомерлену реакцияларын катализдейді.
6. Лигазалар немесе синтетазалар– АТФ-ті пайдалану арқылы синтездеу процестерін жүргізеді.
Ферменттердің әрбір класы топтарға, топтар топшаларға бөлінеді.
Ферменттердің номенклатурасы

Алғашында фермент ашылғаннан кейін, оларды жай пепсин, трипсин деп атаған. Сосын оларды жүйелеуге қажеттілік туды. 1896 жылы Эмиль Дюкло ферменттерді олардың әсер ететін субстратына және реакцияға қарап «аза» жалғауын қосуды ұсынды. Мысалы: мальтаза – мальтозаға әсер ететін фермент, сахараза – сахарозаға, гидролаза- гидролизді тездететін фермент, дегидрогеназа- дегидрлейді. Бір реакцияны катализдейтін, бірақ әртүрлі субстраттарға әсер ететін кейбір ферменттерге субстрат аты кірді, реакция аты және жалғау –аза. Мысалы: лактатдегидрогеназа, малатдегидрогеназа. 1961 жылдан бастап әрбір ферментке 4 цифрдан тұратын шифр берілді. Бірінші сан қандай класқа жататынын ,екінші сан –топты, үшінші сан- топшаны, ал соңғысы - ферменттің топшадағы орналасқан орнын көрсетеді.


Сіздің назарыңызға бір, екі, үш және одан да көп дұрыс жауаптары бар тапсырмалар ұсынылады. Дұрыс жауаптардың нөмірлерін түгел қоршаңыздар

1. РЕАКЦИЯ ТИПІ бойынша ферменттер бөлінеді:


1) оксидазалар, трансферазалар, гидролазалар, каталазалар, изомеразалар, эстеразалар;
2) оксидоредуктазалар, изомеразалар, гидролазалар, эстеразалар, пероксидазалар, лиазалар;
3) оксидазалар, оксидоредуктазалар, каталазалар, гидролазалар, эстеразалар, лиазалар;
4) оксидоредуктазалар, гидролазалар, лиазалар, карбоксилазалар, изомеразалар, лигазалар;
5) оксидоредуктазалар, гидролазалар, трансферазалар, изомеразалар, лиазалар, лигазалар.

2. Гидролазалар:


1) субстраттардың гидрлену реакцияларын жылдамдатады;
2) альдегидтердің спирттерге айналуын катализдейді;
3) субстрат молекуласы ішінде гидроксотоптарды тасымалдау реакциясын катализдейді;
4) субстраттардың гидролитикалық ыдырауын катализдейді;
5) субстраттардан суды бөліп шығару реакциясын катализдейді;

3. Молекула iшiндегi тасымалдауларды катализдейтiн ферменттер қай класка жатады:


1) оксидоредуктазаларға
2) лиазаларға
3) изомеразаларға
4) трансферазаларға
5) гидролазаларға


4. Фермент класы көрсетеді:
1) ферменттің конформациясын;
2) коферменттің типін;
3) берілген ферментпен катализденетін химиялық реакция типін;
4) ферменттің активті орталығының құрылуын.


5.АТФ энергиясын қолдану арқылы заттарды синтездейтін ферменттер қай класқа жатады:
1) лигазаларға;
2) лиазаларға;
3) оксидоредуктазаларға;
4) гидролазаларға;
5) трансферазаларға


6. фермент класы мен класс нӨмІрінің сәйкестігін көрсетіңіз
Кластың аты: кластың номері:

1) трансферазалар; 1) 1;


2) гидролазалар; 2) 2;
3) оксидоредуктазалар; 3) 3.


Толықтырыңыз:


7.Малатдегидрогеназа келесі реакцияны катализдейді_____________________________


8.Лактазаның Субстраты________________________________


9.Лактатдегидрогеназа _______________________дегидрлейді.


10.Фермент шифріндегі бірінші САН көрсетеді______________

8 квантталған мәтін тест тапсырмасымен




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет