Казақстан республикасының денсаулық сақтау


ТРАНСФЕРАЗАЛАР - Ферменттердің II класы



бет63/76
Дата25.11.2023
өлшемі1,73 Mb.
#127467
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   76
Байланысты:
ЭНЗИМОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ (каз)-15

ТРАНСФЕРАЗАЛАР - Ферменттердің II класы


Анықтамасы
Трансферазалар – атомдарды немесе атомдар тобын бір молекуладан (донор) екінші молекулаға (акцептор)тасымалдауды катализдейтін ферменттер класы. Трансферазалардың көмегімен жасушаларда алкилдену, фосфорлану, белоктың, нуклеин қышқылдарының биосинтезі жүреді. Трансферазалар негізінен екі компонентті ферменттер (фосфотрансферазалардан басқалары).


Каталитикалық әсерінің механизмі
A—X + B ↔ A + B—X


A молекуласы(X) атомдар тобынаың доноры болады, ал В топтың акцепторы болады. Мұндай тасымалдау реакцияларында донордың рөлін жиі кофермент атқарады. Көптеген трансферазалардың катализдейтін реакциялары қайтымды болады.


Трансферазалардың топтары
Трансферазалар класына 450 фермент кіреді, олар тасымалдайтын топтарының химиялық табиғатына қарай 8топқа бөлінеді: бір көміртек тобын тасымалдауды катализдейтін топ- метилтрансферазалар; қанттың қалдығын тасымалдаушы топ-гликозилтрансферазалар; азоты бар топты тасымалдайтын топ- аминотрансферазалар; фосфат тобын тасымалдаушылар топ- киназалар(фосфотрансферазалар) деп аталады.


Систематикалық аталуы
Трансферазалардың аталуы схемада көрсетілгендей құрастырылады: «донор: акцептор — топ —трансфераза» [мысалы, фосфат тобын аденозинтрифосфорқышқылынан (АТФ) креатинге тасымалдауды катализдей-тін фермент АТФ: креатинфосфотрансфераза деп аталады].


Сіздің назарыңызға бір, екі, үш және одан да көп дұрыс жауаптары бар тапсырмалар ұсынылады. Дұрыс жауаптардың нөмірлерін түгел қоршаңыздар

1.ТРАНСФЕРАЗАЛАР


1) химиялық табиғаты жағынан екікомпонентті ферменттер
2) жасушалық ферменттер
3) атомдарды бір субстраттан екіншісіне тасымалдайды
4) атом топтарын бір субстраттан екіншісіне тасымалдауды тездетеді
5) белоктардың гидролизін тездетеді

2. ТАСЫМАЛДАЙТЫН ТОПТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ҚАРАЙ ТРАНСФЕРАЗАЛАР ЖІКТЕЛЕДІ


1) метилтрансферазалар
2) аминотрансферазалар
3) фосфотрансферазалар
4) глюкозилтрансферазалар
5) ацилтрансферазалар
6) липазалар
3. ТРАНСФЕРАЗАЛАР КАТАЛИЗДЕЙДІ
1) топтарды субстрат молекуласының ішінде тасымалдайды
2) топтарды бір молекуладан екіншісіне тасымалдайды
3) фосфор қышқылының қалдығын АТФтен глюкозаға тасымалдайды
4) метил тобын субстратқа тасымалдайды
5) төменгі молекулалық қосылыстарды субстратқа қосады

4.ТРАНСФЕРАЗАЛАРДЫҢ КӨМЕГІМЕН ЖАСУШАЛАРДА ЖҮРЕДІ


1) алкилдеу
2) фосфорлау
3) метилдеу
4) аминдеу
5) ацилдеу
6) тотығу
5.АЦИЛТРАНСФЕРАЗАЛАРДЫҢ ЖАТАТЫН ТОБЫ
1) лиазалар
2) каталаза
3) цитохромдар
4) трансферазалар
5) оксидоредуктазалар

6. ҚАНТТЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ТРАСФЕРАЗАЛАР АТАЛАДЫ


1) ацилтрансфераза
2) глюкозоксидаза
3) гликозилтрасфераза
4) метилтрансфераза
5) глутатионпероксидаза

7. АҒЗАДА ФЕРМЕНТТІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІНІҢ ТӨМЕНДЕУІ ЖӘНЕ ДЕНАТУРАЦИЯСЫ БАЙҚАЛАДЫ


1) қан қысымының жоғарылауында
2 ) адамның температурасының жоғарылауында
3) стресс жағдайында
4) қан қысымының төмендеуінде
5) онкотикалық қысымның төмендеуінде

8. ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ФРАГМЕНТТІ БІР СУБСТРАТТАН ЕКІНШІСІНЕ ТАСЫМАЛДАУ АРҚЫЛЫ ЕКІ ӨНІМНІҢ ТҮЗІЛУІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН ФЕРМЕНТТЕРДІҢ КЛАСЫ


1) оксидоредуктазалар
2) изомеразалар
3) трансферазалар
4) лигазалар
5) гидролазалар

9. КАТАЛИЗДЕЙТІН РЕАКЦИЯЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІНЕ ҚАРАЙ КОФЕРМЕНТТЕРДІ ӘРТҮРЛІ КЛАССҚА БӨЛЕДІ


1) электрондарды тасымалдайтын коферменттер
2) әртүрлі химиялық топтарды тасымалдайтын коферменттер
3) сутек атомдарын тасымалдайтын коферменттер
4) пептидтік байланыстарды үзетін коферменттер
5) метил тобын тасымалдайтын коферменттер

10. ФОСФАТ ТОБЫН ТАСЫМАЛДАЙТЫН ТРАНСФЕРАЗАЛАР


1) ацилтрансферазалар
2) фосфотрансферазалар
3) киназалар
4) аминотрансферазалар
5) метилтрансферазалар

19 квантталған мәтін тест тапсырмасымен






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет