Казақстан республикасының денсаулық сақтау



бет66/76
Дата25.11.2023
өлшемі1,73 Mb.
#127467
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   76
Байланысты:
ЭНЗИМОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ (каз)-15

Аминотрансферазалар
Аминотрансферазалар- амин тотоптарын амин қышқылдарынан кетоқышқылдарға тасымалдауды катализдеуші ферменттер және алмастырылатын амин қышқылдарының биосинтезін қамтамасыз етеді.


Коферменттің құрылымы
Аминотрансфераза апофермент пен коферменттен тұратын екі компонентті фермент. Коферменті пиридоксальфосфат(Н3РО4 + В6витамині ) және құрылысы төмендегідей:





Биологиялық рөлі
Кофермент амин тобын тасымалдайды, қайта аминдену (трансаминдену) реакциясы қайтымды процесс. Кофермент амин қышқылдарының декарбоксилденуіне де қатынасады. Бұл трансаминазалардың катаболизм процестеріне және алмастырылатын амин қышқылдарының синтезі процестеріне де қызмет ете алатындығын көрсетеді. Аминотрансферазалар алмастырылатын амин қышқылдарының синтезін ғана жүргізіп қоймай, көмірсулары мен амин қышқылдарының арасындағы зат алмасу байланысында да үлкен рөл атқарады.


Реакцияларға мысалдар
Амин тобының көздері амин қышқылдары болады, әсіресе глутамин қышқылы. Қайта аминдену кезінде жаңадан алмастырылатын амин қышқылы мен кетоқышқыл түзіледі:



Глутамин қышқылы

Аспарагин
қышқылы


Аспарагин қышқылы мен α- кетоглутарат арасындағы реакцияны катализдейтін фермент АсТ-аспартатаминотрансфераза деп аталады.



Аланин мен α- кетоглутарат арасындағы реакцияны катализдейтін фермент АлТ- аланинаминотрансфераза деп аталады.


Аминотрансферазалар ағзалық талғамдылық көрсетеді, сондықтан диаг-ностикалық маңызы бар болғандықтан, олардың белсенділік шамасын қан сарысуынан анықтайды (теориядағы 2.11. бөлімді қараңыз).


де Ритис коэффициенті
де Ритис коэффициенті( АсТ/АлТ) - қан сарысуындағы АсТның (аспартатаминотрансфераза) АлТға (аланинаминотрансфераза) қатынасының белсенділігін көрсетеді.
де Ритис коэффициентінің дені сау адамдағы қалыпты мөлшері (0,91-1,75). Бірақ АсТның жоғарылауынан коэффициент қатынасының 2ден жоғары болуы жүрек ауруын көрсетеді(миокард инфарктысы) , ал коэффициент қатынасының 1ден төмен болуы бауыр ауруын көрсетеді.


Сіздің назарыңызға бір, екі, үш және одан да көп дұрыс жауаптары бар тапсырмалар ұсынылады. Дұрыс жауаптардың нөмірлерін түгел қоршаңыздар

1. NH2 -ТОБЫН ТАСЫМАЛДАУШЫ ФЕРМЕНТ


1) лиаза
2) изомераза
3) нитрогеназа
4) аминотрансфераза

2. АМИНОТРАНСФЕРАЗА ФЕРМЕНТІНІҢ ҚҰРАМЫНА КІРЕТІН ВИТАМИН


1) В1 – тиамин
2) Вс – фоль қышқылы
3) РР – никотин қышқылы
4) В6 – пиридоксаль

3. АМИН ТОБЫН ТАСЫМАЛДАЙТЫН КОФЕРМЕНТ


1) ПФ (пиридоксальфосфат)
2) ФМН (флавинмононуклеотид)
3) КоА (коэнзим А)
4) ТПФ (тиаминпирофосфат)

4. АМИНОТРАНСФЕРАЗАЛАР КАТАЛИЗДЕЙТІН РЕАКЦИЯ


1) молекулаішілік дезаминдену
2) декарбоксилдену
3) тотықсыздана аминдену
4) қайта аминдену

5. ҚАНҒА БӨЛІНЕТІН ФЕРМЕНТТЕРГЕ ЖАТАДЫ


1) АсТ
2) АлТ
3)ЛДГ
4) ФП
5) ПФ

6. де РИТИС КОЭФФИЦИЕНТІ ДЕГЕН


1) АсТ/АлТ қатынасы
2) АсТ/амилаза қатынасы
3) АлТ/амилаза қатынасының активтілігі
4) АлТ/АсТ қатынасының активтілігі

7. АлТ НЫҢ АКТИВТІЛІГІ ҚАНДАЙ АУРУДА АРТАДЫ


1) алкогольдік бауыр циррозы
2) миокард инфарктысы
3) өкпе инфарктысы
4) инсульт

8. АСПАРТАТАМИНОТРАНСФЕРАЗА ЖИНАҚТАЛҒАН


1) лизосомада
2) цитозолде
3) митохондрияда
4) микросомада
5) жасуша мембранасында

9. ЭЛЕКТРОФОРЕТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ КЕЗІНДЕ ҚАН САРЫСУЫНДА ЛДГ1 МЕН ЛДГ2 НІҢ ШАМАЛАРЫ ЖОҒАРЫ БОЛҒАН. БҰЛ ҚАНДАЙ АҒЗАНЫҢ


ПАТОЛОГИЯСЫН КӨРСЕТЕДІ:
1) өкпенің
2) жүректің
3) бауырдың
4) бұлшық еттің
5) көкеттің

10. ТІЗБЕКТІ ТАПСЫРМАНЫ ОРЫНДАҢЫЗ ЭНЗИМОДИАГНОСТИКА АРҚЫЛЫ МИОКАРД ИНФАРКТІСІНІҢ ДИАГНОЗЫН ҚОЮ ҮШІН АНЫҚТАЛАТЫН ФЕРМЕНТ


1) қышқылдық фосфатаза
2) аспартатаминотрансфераза
3) амилаза
БҰЛ ФЕРМЕНТТІҢ ЖАТАТЫН КЛАСЫ:
4) гидролаза
5) трансфераза
6) оксидоредуктаза
ОСЫ ФЕРМЕНТТІҢ КЛАСЫНЫҢ КОФЕРМЕНТІ:
7) пиридоксальфосфат
8) биотин
9) NAD+
СОЛ КОФЕРМЕНТТІҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ВИТАМИН:
10) никотин қышқылы
11) ТГФК
12) В6

21 квантталған мәтін тест тапсырмасымен






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет