Казақстан республикасының денсаулық сақтау



бет69/76
Дата25.11.2023
өлшемі1,73 Mb.
#127467
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   76
Байланысты:
ЭНЗИМОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ (каз)-15

Б. Қайтымды реакциялар


1) Аденилаткиназа катализдейтін реакция:
АТФ + АМФ ↔ 2АДФ


2) Креатинкиназа (КК) :
Креатин бұлшық еттердегі жоғарыэнергетикалық креатинфосфаттың түзілуіне қажет. Бұл реакция қайтымды және креатинкиназа ферментімен катализденеді (А схемасы). Фермент цитозоль мен митохондрия жасушаларында жинақталған, ағзалық таңдамалы. Қалыпты жағдайда оның қандағы мөлшері төмен. Ферменттің қатысынсыз креатинфосфат дефосфорланады да креатининге айналады, ол зәрмен шығып кетеді(Б схема-сы). Оның тәуліктік шығу мөлшері бұлшық ет массасына пропорционал болады. Қандағы креатинкиназаның және оның изоферменттерінің белсенділігін анықтау микард инфарктісін, миопатияны, бұлшықет дистрофиясын анықтаудағы диагноз қоюдың бір түрі (теориядағы 22.11. тарауын қараңыз).





A схема

Б схема


3.Субстрат- фосфор қышқылының көзі


А. Субстраттан фосфорлану Фосфоры бар қосылыстардан АДФке фосфор қышқылы беріліп АТФ түзіледі. Мұндай реакцияларды субстраттан фосфорлану деп атайды. Бұл жағдайда реакцияны катализдейтін ферменттің аты жоғары макроэнергиялық байланысы бар өнімнің атымен аталады.
Мысалы гликолиз реакцияларындағы субстраттан фосфорлану реакцияларындағы фосфоэнолпируваттан фосфор қышқылының қалдығы АДФке беріледі, ферменттің аты пируваткиназа деп аталады :



Б. Субстраттан фосфорланудың қайтымды реакциясы. Энергияға бай 1,3-дифосфоглицераттан фосфор қышқылының АДФке беріліп АТФтің түзілуі. Фермент фосфоглицераткиназа деп аталады:





Сіздің назарыңызға бір, екі, үш және одан да көп дұрыс жауаптары бар тапсырмалар ұсынылады. Дұрыс жауаптардың нөмірлерін түгел қоршаңыздар

1. КИНАЗА ФЕРМЕНТТЕРІ ЖАТАТЫН КЛАСС


1) оксидоредуктазалар
2) трансферазалар
3)гидролазалар
4) лиазалар

2. КИНАЗАЛАР ЖҮРГІЗЕТІН ТҮРӨЗГЕРІСТЕР


1) С-N – байланысын үзеді
2) С-О – байланысын түзеді
3) метил тобын тасымалдайды
4) молекулаішілік топтарды тасымалдау
5) фосфат тобын донордан акцепторға тасымалдайды
3.ТРАНСФЕРАЗАЛАРҒА ЖАТАДЫ
1) уреаза
2) пероксидаза
3) гексокиназа
4) креатинкиназа
5) пируваткиназа

4. ГЛЮКОКИНАЗА ҚАЙТЫМСЫЗ ФОСФОРЛАЙДЫ ТЕК


1) глюкозаны
2) креатинді
3) креатинфосфатты
4) фосфоэнолпируватты
5)1,3-дифосфоглицератты


5. Mg ИОНЫ АКТИВАТОР БОЛАТЫН ФЕРМЕНТТЕР
1) фосфорилаза
2) амилаза
3) гексокиназа
4) креатинкиназа
5) карбоксипептидаза

6. ХИМИЯЛЫҚ ТАБИҒАТЫ ЖАҒЫНАН ФОСФОТРАНСФЕРАЗАЛАР


1) біркомпонентті
2) екі компонентті
3) аллостерикалық орталығы бар
4) төртіншілік құрылымды

7. ЗАТҚА ФОСФОР ҚЫШҚЫЛЫНЫҢ ҚОСЫЛУЫН АТАЙДЫ


1) дефосфорлану
2) фосфорлану
3) субстратты фосфорлану
4) субстратты дефосфорлану

8. ФОСФОР ҚЫШҚЫЛЫНЫҢ ДОНОРЫ БОЛАДЫ


1) АТФ
2) креатинфосфат
3) АДФ
4) фосфоэнолпируват
5) 1,3-дифосфоглицерат

9.ПРОТЕИНКИНАЗА А-НЫҢ АКТИВАТОРЫ БОЛАДЫ


1) ц- ГМФ
2) Са2+
3) ц- АМФ
4) инозитолтрифосфат

10. Киназалар катализдейді және олардың құрамында болады:


1) субстратта молекулаішілік топты тасымалдау, В2 витамині
2) АДФке субстраттан фосфор қышқылының қалдығын тасымалдау
3) АТФтен фосфор қышқылының қалдығын глюкозаға тасымалдау
4) субстраттан кішімолекулалық заттардың үзілуі, В1витамині
5) субстратқа кішімолекулалық заттардың қосылуы, Н витамині

23 квантталған мәтін тест тапсырмасымен






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет