Казақстан республикасының денсаулық сақтау


Кофактор (кофермент) + Апофермент ↔ Холофермент



бет9/76
Дата25.11.2023
өлшемі1,73 Mb.
#127467
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   76
Кофактор (кофермент) + Апофермент ↔ Холофермент
Белок (белсенді емес) белсенді
Кофактордың рөлін метал иондары (Zn2+, Mg2+, Mn2+, Fe2+, Cu2+, K+, Na+ , Са2+) немесе күрделі органикалық қосылыстар да атқаруы мүмкін. Органикалық ко-факторларды коферменттер деп атайды, олардың кейбіреулері витаминдер-дің туындылары, пептидтер және нуклеотидтер бола алады.
2.6.1. Металл иондары фермент қызметіне әртүрлі тәсілдер арқылы қатысады: ● Mg2+, Mn2+, Zn2+, Co2+, Mo2+ иондары ферменттердің негізгі каталити-калық белсенді орталықтарына кіреді, олар ферменттің каталитикалық әсерін қамтамасыз ету үшін белок молекулаларының белгілі бір ыңғайлы құрылымын туғызады немесе тұрақтандырады.Мысалы, α-амилаза өзінің құрамына Са2+ иондарын енгізеді, олар ферменттің кеңістіктік құрылымын тұрақтандыра-ды.
●Метал иондары субстраттың электрондық құрылысын өзгерте отырып әсер етеді де олардың ферментативтік реакцияға қатысуын жеңілдетеді. Кейде металл субстратпен байланысып шын субстратты түзеді де оған фермент әсер етеді. Мысалы, Mg2+ иондары шын субстрат – АТФ магний тұзын түзу арқылы креатинфосфокиназаны белсендіреді.

● Металл фермент пен субстат арасында көпірше түзу арқылы олардың аралық қосылысын тұрақтандырады. Мысалы, Mg2+ иондары теріс зарядты фосфат тобы арқылы органикалық заттардың монофосфатты эфирлерін оларды гидро-лиздейтін фосфатазаның белсенді орталығына байланысуын қамтамасыз етеді.


●Кейбір жағдайларда металл иондары (Со2+ , Mg2+ , Zn2+ , Fe2+ ,Cu2+) простети-калық топтың қызметін атқарады, немесе әрекеттесетін топтардың дұрыс ба-ғыттарын сақтай отырып электрондардың акцепторы мен донаторлары, неме-се электрофил, нуклеофил ретінде қызмет атқара алады.


Цитохромдарда (гемі бар ақуыздар) темір ионы бір электронды қосып және беруі мүмкін. Осы қасиеттерінің арқасында цитохромдар тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет