Казақстан республикасының денсаулық сақтау



бет10/76
Дата25.11.2023
өлшемі1,73 Mb.
#127467
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   76
2.6.2. Коферменттер- органикалық заттар, жиі витаминдердің туындылары, олар ферменттердің белсенді орталықтарында орналасқандықтан ферментативтік реакцияларға тікелей қатысады. Фермент пен кофермент арасындағы байланыс түрі әртүрлі болуы мүмкін.кейде олар бөлек өмір сүреді, тек реакция кезінде байланысады. Басқа бір жағдайларда кофермент пен фермент бірге байланыста болады және кейде ковалентті мықты байланыс түзеді. Соңғы жағдайда ферменттің белок емес бөлігі простетикалық топ деп аталады. Коферменттің қалған бөлігі апоферментпен белгілі бағытта ерекше байланыс түзу қызметін қамтамасыз етеді. Адамдарда тағамда витаминнің жетіспеушілігінен туатын аурулар, зат алмасуының бұзылуын, яғни коферменттердің концентрацияларының жетіспеушілігінен ерекше жүретін ферментативтік реакцияларының бұзылуын тудырады. Кең тараған витаминдердің-коферменттердің туындылары және олардың ферментативтік реакцияларға қатысуы туралы мысалдар 2.1. кестеде келтірілген:




2.1. кесте. Кейбір коферменттер

Кофермент

Жалпы рөлі

Алғы заты-витамині

НAD+ , НADФ+

Сутекті (электрондарды ) тасымалдайды

Никотин қышқылы - РР витамині

ФAD

Сутекті (электрондарды ) тасымалдайды

Рибофлавин - В2 витамині

Кофермент А

Ацил тобын белсендіреді және оларды тасымалдайды

Пантотен қышқылы

Биотин

СО2 ні байланыстырады

Биотин

Пиридоксальфосфат

Амин тобын тасымалдайды

Пиридоксин - В6 витамині

Тетрагидрофоль қышқылы

Бір көміртекті топтарды тасымалдайды

Фоль қышқылы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет