Казақстан республикасының денсаулық сақтау


сурет. Ферментативті катализ сатылары



бет8/76
Дата25.11.2023
өлшемі1,73 Mb.
#127467
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   76
2.3.сурет. Ферментативті катализ сатылары


2.5.2.Ферменттердің кинетикалық теориясы 2 маңызды шарттарға негізделген:
1). Химиялық реакция молекулалар соқтығысқанда өтеді, яғни молекулалар байланыс түзуге мүмкіндік туғыза алатын ара қашықтақта болуы керек.
2). Соқтығысу нәтижелі болу үшін (реакция жүруіне әкелетін), әрекеттесетін молекулаларда энергетикалық кедергіні жеңетіндей жеткілікті энергия болуы қажет. Энергетикалық кедергі – бұл барлық молекулалар белсенді болу үшін жұмсалатын энергияның ең төменгі мөлшері. Активтендіру энергиясы (Еа, кДж/моль) - бұл бастапқы заттардың орташа энергиясына молекулалар арасындағы соқтығысу белсенді болу үшін қосымша берілетін энергия мөлшері (2.4.сур.В.П.Комов,Биохимия,68б.). Мұндай энергиясы бар молекуланы активті(белсенді) молекула деп атайды. Активті молекулалардың саны барлық молекулалардың санынан аз болады. Температураны көтергенде активті молекулалардың саны артады да олардың бір-бірімен соқтығысу саны да артады.
Фермент активтендіру энергиясын Еа төмендетеді, яғни энергетикалық кедергінің биіктігін төмендетеді; нәтижесінде белсенді молекулалардың үлесі артады, реакция жылдамдығы да тездейді.

уақыт

Соңғы өнім

Бастапқы субстраттар

Бос энергия

Сурет 2.4. Еа - ферментсіз және Еа1- ферментпен катализденетін химиялық реакция барысында бос энергияның өзгеруі.
2.6. КОФАКТОРЛАР ЖӘНЕ КОФЕРМЕНТТЕР

Барлық ферменттер глобулярлы белоктарға жатады, әрбір белок өзіне тән глобулярлы құрылымы арқылы ерекше қызметін атқарады. Бірақ көптеген фер-менттердің белсенділіктері құрамындағы белок емес кофактор деп аталатын заттарға тәуелді болады. Белок (апофермент) пен кофактордан тұратын белсен-ді молекулалық комплекс холофермент деп аталады:





,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет