Казақстан республикасының денсаулық сақтау


Витамин емес коферменттерге



бет11/76
Дата25.11.2023
өлшемі1,73 Mb.
#127467
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   76
Байланысты:
ЭНЗИМОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ (каз)-15

2.6.3. Витамин емес коферменттерге пептидті және и нуклеотидті коферменттер жатады.
Глутатион – табиғаты пептидті кофермент. Химиялық құрамы жағынан ол трипептид -γ–глутамил-цистеинил-глицин. Оның реакцияға түсу қабілеті цистеиндегі SH-топпен анықталады, ол топ тотығу-тотықсыздану реакцияларына жеңіл қатысады. Сондықтан глутатион тотықсызданған (Г-SH) және тотыққан (Г-S-S-Г) түрде бола алады. Жасушада глутатион негізінен тотықсызданған түрде болады. Мысалы глутатион -глутатионпероксидаза ферменті (глутатион:Н2О2 - оксидоредуктаза. КФ 1.11.1.9) рөлінде эритроциттердегі, бауырдағы және басқа да тіндердегі сутек пероксидін жоюға қатысады: 2Г- SH + H2O2 → Г -S-S- Г + 2H2O


Аденозинтрифосфат (АТФ) – табиғаты нуклеотидті кофермент. Оның құрамына пуриндік негіз- аденин, көмірсу- рибоза және фосфор қышқылының үш қалдығы кіреді. Бұл қосылыста энергияға бай (макроэргиялық) фосфатты байланыс бар болғандықтан олар күрделі заттардың синтезіне қатысады және фосфат тобының доноры бола алады. АТФтің қатысуымен жүретін реакция-лардың түрлері:

  1. АТФ биосинтездің энергия көзі:

Глутамат + NH3 + ATФ → Глутамин + АДФ + Н3РО4

  1. АТФ фосфат тобының доноры:

Глицерол + АТФ → Глицерол- 3-фосфат + АДФ


2.7. ФЕРМЕНТТЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ МЕН НОМЕНКЛАТУРАСЫ


2.7.1. Көптеген ферменттердің аталуында «аза» жалғауы бар, ол реакция субстратының аталуына қосылады (мысалы: уреаза, сахараза, липаза, нуклеаза) немесе белгілі бір субстраттың химиялық өзгерісінің аталуына қосылады (мысалы: лактатдегидрогеназа, аденилатциклаза, фосфоглюкомутаза, пируваткарбоксилаза). Дегенмен кейбір ферменттердің тарихи аталуы да сақталған, олар субстрат туралы да, олардың химиялық өзгеруі туралы да ешбір мәлімет бермейді (мысалы трипсин, пепсин, ренин, тромбин).


2.7.2. 1961 жылы биохимия және молекулалық биологияның Халықаралық одағы табиғатта кездесетін ферменттерді бір жүйеге келтіру үшін оларға жалпы номенклатураны дайындап шығарды. Бұл номенклатура бойынша ферменттер катализдейтін химиялық реакциялардың түріне қарай алты негізгі класқа бөлінді. Кез-келген фермент арасы нүктемен шектелген төрт саннан тұратын ерекше кодтық нөмірге ие болады. Бірінші сан класты- катализдейтін реакция түрін, екінші сан- топты- шабуылданатын химиялық топтың табиғатын, үшінші сан- топшаны- шабуылданатын байланыстың немесе акцептордың табиғатын,төртінші сан- топшадағы ферменттің орналасатын орнын көрсетеді.
Мысалы, крағмалды ыдырататын α-амилаза ферменті, былай белгіленеді: 3.2.1.1, мұндағы:
3 — жүретін реакцияның түрі (гидролиз);
2 — субстраттағы байланыс түрі (гликозидтік);
1 — байланыстың ерекше түрі (О-гликозидтік);
1 — топшадағы ферменттің реттік орналасу нөмірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет