Термин
TRANSPARENCY
INTERNATIONAL
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оны дүниежүзілік деңгейде
зерттеуге қатысты бейүкіметтік халықаралық ұйым. Transparency
International
халықаралық
қозғалысы
1993
жылы
Берлинде
қалыптасты.
АКТИВТЕРДІ ҚАЙТАРУ
Мемлекеттің жеке компаниялар мен жеке адамдардан сыбайлас
жемқорлық арқылы жымқырылған мүлкін қайтаруға байланысты заңды
үдеріс.
АШЫҚТЫҚ
Transparency International:
Үкіметтің, кәсіпкерлік, қоғамдық ұйымдар
мен жеке адамдардың өз қызметі, ережелер мен жоспарлар, үдерістер
туралы
ақпаратты
ашық
көрсетуі.
Басқа да анықтамалар:
ашықтық – ұйымның қыржысы мен өндірістік
қызметі, корпоративті басқару тәжірибесі туралы қажетті ақпаратты
дер кезінде ашып көрсетуі. Сондай-ақ ашықтық қаржыға қатысты,
қаржыдан тыс та ақпаратты, қауіпсіздік, басқа ұйымдарға қатысты
ережелер, әлеуметтік жауапкершілігі туралы ақпаратты да қамтиды.