БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ
(БҰҰ)
1945 жылы халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтып,
қолдау, мемлекетаралық ынтымақтастықты дамыту үшін құрылған
халықаралық ұйым. Қазіргі кезде Ұйымға 193 ел мүше болып отыр.
Біріккен Ұлттар Ұйымының міндеті мен қызметі БҰҰ Жарлығында
белгіленген мақсаттармен ұстанымдарға негізделген.
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ
ҚҰРАЛДАРЫ
(БАҚ)
мерзімді
баспасөз,
радио-
және
телебағдарлама,
кинодокументалистика, аудиобейнежазба т.с.с. бұқаралық ақпаратты
мерзімді және үздіксіз таратудың басқа да түрлері, көпшілікке
қолжетімді телекоммуникация тораптарындағы (ғаламтор т.б.) WEB-
сайттар.
ДЕМОКРАТИЯ
(көне грек δημοκρατία – «халық билігі», δῆμος – «халық» және κράτος –
«билік» сөздерінен құралған) – үдерістің не оның маңызды бөліктерінің
барысына қатысушылар бірдей ықпал ете алатын ұжымдық шешім
қабылдау әдісі негіз болған саяси режім. Бұл әдіс барлық қоғамдық
құрылысқа тән болғанмен, бүгінгі таңда ол негізінен тұтас мемлекетке
қатысты, себебі негізгі билік мемлекеттің құзырында.
Достарыңызбен бөлісу: |