ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН ӨЗІ
БАСҚАРУ
Жергілікті орындардағы мәселелерді жергілікті өзін өзі басқару
орындары (институттар) арқылы шешуді мақсат еткен белгілі бір
аумақтағы мекенжайын бойынша азаматтардың өзіндік ұйымдасуы.
ЖОҒАРЫ БИЛІК ОРЫН-
ДАРЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС
ЖЕМҚОРЛЫҚ / АУҚЫМДЫ
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ
/
ЖОҒАРЫ ЖАҚТАҒЫ
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ
Қызметтік өкілеттіліктерін жеке басының немесе топтың, сондай- ақ
басқа да адамдардың пайдасына жұмсайтын жоғары лауазымды
мемлекеттік қызметкерлердің, оның ішінде сайланушылардың
әрекеттері: мысалы, мемлекеттік келісімдерді бергені үшін заңсыз
сый- сияпатқа ие болуы.
КЛИЕНТЕЛИЗМ
Көшбасшы мен серіктерінің – оған адал немесе тікелей бағынышты
жақтастарының – өзара қарым-қатынасының ерекше түріне
негізделген саяси құрылымды қоғам үлгісі. Жекелеген тұлғалардың –
жекелеген көшбасшылардың өз «тобы», сондай-ақ патронажды-
серіктік байланыстағы тұлғалық институттар, саяси, қаржылық топтар
(ірі кәсіпорындар мен қаржылық-экономикалық құрылымдардан
мемлекеттік билікке дейін). Мұндай топтарға негізінен томаға-
тұйықтық, құрылымның сатылай тізбегі тән, сондай-ақ қорды бақылау
құқығы үшін таласта өзара әрекеті де қалыпты бола бермейді.
|