Казақстандағы XX ғасырдың 80-90-шы жылдарындағы мәдени процесстер



бет2/10
Дата06.01.2022
өлшемі0,98 Mb.
#14743
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жалпы, рухани проблемаларға, оның ішінде

2

нақты мөдени процестерғе қатысты еңбектер айтарлықтай көп. Бұл тарихшылар мен басқа да мәдениет тарихын зерттеушілердің мәдени даму процестеріндегі жалпы мәселелерді де, нақты проблемаларды да, үнемі өз назарларында ұстап отырғандығынан хабар береді. Тақырыптың зерттелу деңгейіне байланысты шолуымыз бен талдауымызды аттары бұрынғы Одаққа кеңінен мәлім болған авторлардан бастағанымыз жөн. Өйткені олардың басым көпшілігі зерттеу обьектісі болып отырған кезеңнің алғашқы онжылдығына тән мәдени процестердің дамуына қатысты тұтас теориялық тұжырымдар мен тұғырнамалардың /копцепциялардың/ авторы болып есептелінеді. Ал екінші жағынан, аталмыш зерттеулердің бірсыпырасы бүгін де өз құндылығын білдіруде, әрі тақырыптың мазмұнына орай, зерттелу барысы турасында айтып отырған біздердің олардан теріс айналуға құқымыз жоқ, Әриие, зерттеуіміз обьективті негізде болсын десек.

КСРО-дағы рухани-мәдени проблемалар жөнінде кеңестік авторлар: М. П. Ким, А. И. Арнольдов, Т. А. Кудрина, Л. М. Зак, Э. А. Баллер, М. Т. Иовчук пен Л. Н. Коған, В. В. Горбунов, А. И. Манаенков, Г. А. Ремизова және т. б. еңбектерін атап өткеніміз жөн. Қазақстандық авторлар Р. Б. Сүлейменов пен X. И. Бейсеновтың орыс тілінде жарық көрғен: "Артта қалған халықтардың мәдени прогреске социалистік қадамы" атты еңбеғін де кеңестік тұрғыдағы "жалпытеориялық және методологиялық мәні зор" -осы топтамаға жатқызуға болады /2/.



Аталмыш авторлардың бәріне ортақ қасиет: олардың мәдениеттің "жаңа социалист типі", оның қалыптасу тарихы және кеңес қоғамындағы мәдени өмір салтын қарастырудағы "бірауыздылығы". Оның басты себебін тоталитарлық жүйенің марксистік-лениндік методологиядан басқаны қаламағандығымен түсіндірген лазым.

Мәдениет тарихы мен оның Кеңес заманындағы дамуына, ондағы жүріп жатқан процестерғе байланысты еңбектер, Одақтың басқа республикаларындағыдай, Қазақстанда да көптеп жарық көрді. X. Абжанов, Р. Әбсаттаров, Д. Дорж, С. Зиманов, О. Керімбеков, М. Қозыбаев, А. Қанапин мен А. Яндаров, Р. Сүлейменов, Т. Садықов пен В. Касаткин, А. Сейдімбеков, С. Түменова /3/ және т. б. еңбектерінде ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақ этносының тарихи-мәдени және мәдени-әлеуметтік мәселелерінен бастап, Кеңес заманындағы мәдени процестердің даму үрдістеріне дейінгі сан түрлі проблемалар турасында жазылды. Революцияның алдындағы қазақ мәдениеті мен "мәдени революциядан бастап", 80-ші жылдардың екінші жартысына дейін созылған "кемелденген социализм" дәуіріндегі Қазақстандағы ұлт мәдениетінің өрлеуіне дейінгі оқиғалар тізбегі тұтастай дерлік қамтылды. Мәдени процестердің жалпы даму үрдістеріне қатысты-саяси-экономикалық, әлеуметтік-қүқықтық, мәдениет пен дін немесе ұлтаралық қатынастар проблемалары да бұл авторлардың назарынан тыс қалмады.

Кеңестік Қазақстанда жарық көрген осы тәріздес еңбектердің бәріне ортақ қасиеттерін мейлінше бойына шоғырландырғаны немесе ең көп кездесетін "үлгісі" Р. Б. Сүлейменовтың орыс тілінде жарық көрген: "Мәдени революцияның

3

лениндік идеялары мен олардың Қазақстанда жүзеге асуы атты" көлемді ғылыми зерттеуі болып табылады /4/.

80-ші жылдардың екінші жартысына дейінгі кезеңде жазылған ғылыми диссертациялардың ішінде Қазақстандағы Кеңес заманындағы мәдени процестер дамуының жекелеген проблемаларына арналған М. Әбділқадырованың, А. В. Горелованың, В. С. Крайтерманның, Б. Өтемісовтың /5/ зерттеулерін атап өткіміз келеді. Бұл зерттеулерде жоғарыдағыдай, тоталитарлық қоғам идеологиясының ырқынан шыға қоймағандай.

КСРО қоғамында демократия мен плюрализмге жол ашылған 80-ші жылдардың соңы мен тоталитарлық империя күйреп, еліміз егемендік алған 90-шы жылдардың басынан бергі он жылдан астам кезевде рухани-мәдени проблемалар және Қазақстандағы мәдени процестердің жалпы даму үрдістеріне қатысты көптеген ғылыми еңбектер мен зерттеулер дүниеге келді. Қоғамдағы жаңа леп пен тәуелсіздікті және ұлттық сана-сезімнің қайта түрленуін негіз еткен еңбектердің құндылығы да арта түсті. Түрлі плюралистік көзқарастар өздеріне жол ашты. Елдің өткен тарихына қатысты талай "ақтаңдақтардың" беті ашылды, халыққа жария етілді. Бүл ретте X. М. Абжанов пен Л. Я. Гуревичтің, Қ. С. Алдажұмановтың, М. Қ. Қозыбаевтың, М, Қойгелдиевтің, К. Нүрпейісовтың, Т. Омарбековтың және басқалардың еңбектері мен ғылыми мақалаларын атап өткен орынды /6/. 70 жыл бойы аттарын атауға да тиым салынған қазақ зиялыларының есімдері қайта жаңғырды. Олардың қазақ халқының тарихы, әлеуметтік жағдайы мен рухани-мәдени дамуына байланысты құнды шығармалары көпшіліктің еншісіне айналды. Бір жағынан Д. Аманжолова, А. Богачев,* А.Х. Қасымжанов, К. Нүрпейісов, С.Зиманов пен К. Ыдрысов, А. Сейіимбеков, Ө. Озғанбаев, М. Қойгелдиев, Т. Омарбеков /7/ және баска да қазақстандық авторлардың тарихи мәні бар әркелкі бағыттағы зерттеулерінде XX ғасыр басындағы үлт зиялыларының қоғамдық-саяси қызметтеріне жан-жақты талдау берілсе, ал екінші жағынан Ә. Бөкейханов, X. Досмұхамедұлы, М. Дулатов, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, Ш. Құдайбердиев, С. Садуақасов, М. Тынышпаев, М. Шоқаев /8/ сияқты көрнекті түлғалардың өздерінің еңбектері де көптеп басыла бастады. 30-шы жылдардағы қазақ халқының басына қасірет пен нәубет әкелғен ашаршылық пен жагшай репрессия яки 50-ші жылдардың басындағы зиялы қауым — интеллигенцияға қысым корсету мен сол жылдардағы "тың жерлерді көтереміз" деген желеумен республиканың демографиялық "картасын" мүлдем өзгертіп жіберген асыра сілтеу, волюнтаризмнің арқасында жүзеге асырылған талай "жобалардың" шын-мәніндегі бет-перделері ашылды. Қазақстанның тәуелсіздік алуына орай, көптеген саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, тіл мәселесі, экологиялық-демографиялық және т. б. проблемалар да зерттеуші ғалымдардың назарына ілікті. Ж.М.Әбділдин мен Ә. Н. Нысанбаевтың, Р. Б. Әбсаттаровтың, Қ. Әбуовтің, К. Есмағамбетовтың, F. Есімовтың, М. Қ. Қозыбаевтың, М. Тәтімовтың, Д. Слиньконың, шетелдік автор М. Б. Олкоттың, Ю. Шокамановтың және т. б. еңбектерінде аталмыш проблемалар эр қырынан өз көрінісін табады /9/.

4

Мәдени процестердің даму үрдістерінде, оны зерттеуде де үлкен өзгерістер басталды. Халықтың төл және тума салт-дәстүрлері мен таза этномәдени тәлім-тәрбиенің тарихи қайнар көздері ашылды. Ең бастысы — тарихшылар мен мәдениеттанушылардың уақыты.

* Алики рет 1927 ж. басылған, ал кеңестср тұсында басуға тиым салынған. - Г. О талабына сай, жаңа ғылыми еңбектеріне жол салынды. Белгілі қазақстандық тарихшы, академик М. Қ. Қозыбаевтың айтқанындай: "Ең алдымен мәдениетке қатысты халықтық мұраны догматикалық, схоластикалық тұрғыда қараудан бас тарту керек. Мәдениет тарихын келте түсініп, оны сауатсыздықты жою, бастауыш орысша білім алу, жоғары білім беру, интеллигенция аясында ғана қарауды қою керек. Мәдениеттің сан-саласын дүниежүзілік ғылымның жетістіктері тұрғысынан зерттейтін күн туды" /10/. Қазақстандық ғалымдар X. Абжановтың, М. Балтабаевтың, Л. Гуревичтің, Т. Ғабитовтың, Ө. Жәнібековтың, К. Қалышеваның, В. Тимошиновтың /11/ және жас зерттеушілер К. Атымтаевтың, Г. Сауырбаеваның, Б. Қилыбаеваның диссертациялық /12/ жұмыстарында біздің зерттеу тақырыбымыздың кейбір аспектілерімен жанасатын түстар да жоқ емес. Бүл зерттеулердің хронологиялық түрғыда басқа мерзімдерді қамтығаны немесе мақсаттарды көздегеніне қарамастан белгілі бір методологиялық жүйелер бойынша елеулі көмек болғандығын атап өткен жөн. Сонымен бірге бұқаралық ақпарат құралдары материалдары /13/ мен соңғы жылдары қазақ және орыс тілдеріне аударылған шетелдік авторлардың еңбектері /14/ де назардан тыс қалмады. Әйтсе де тақырыптың зерттелу деңгейінің қомақтылығына қарамастан тарихи өзгерістерге өте бай XX ғасырдың соңғы онжылдықтарындағы еліміздегі мәдени процестерге ғылыми-методологиялық негізде жан-жақты талдама берілген арнайы еңбектің жоқтығын атап өту – біздің міндетіміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет