Казақстандағы XX ғасырдың 80-90-шы жылдарындағы мәдени процесстер


Диссертациялық жұмыстың алдына қойған мақсаттары мен



бет3/10
Дата06.01.2022
өлшемі0,98 Mb.
#14743
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Дина Жақсыбаева мәдени тарих (1)

Диссертациялық жұмыстың алдына қойған мақсаттары мен міндеттері. Зерттеу жүмысымыздың алдына қойылған мақсаттары мен міндеттері тақырыптың өзектілігі және оның қамтитын хронологиялық мерзімінен туындайды. Тақырыптың жекелеген мәсслелерін шешу арқылы XX ғасырдың 80-90-шы жылдарындағы Қазақстандағы мәдени процестерге біртұтас көзқарастағы обьективтік баға беру; тоталитарлық жүйедегі мәдени даму үрдістері мен қазіргі Қазақстандағы жүріп жатқан әлеуметтік-мәдени процестерді кеңінен салыстыру, талдау және сараптау; өтпелі кезеңнің қиыншылықтары мен мәдени-ағарту саласындағы жаңа құбылыстарды ашып корсету; Қазақстан тарихының 80-90-шы жылдарын қамтитын бөлімдерінде мәдени процестерге қатысты назардан тыс қалған проблемаларды ашып корсету және тиісінше теориялық-методологиялық, ғылыми-практикалық мәні бар ұсыныстар енгізу; Кеңес тарихында үстемдік еткен "метрополиялық" тарихтың Қазақстанның мәдени дамуына қатысты көзқарасын әшкерелеу әрі оны қайта қарауға атсалысу. Осы мақсаттарға орай, төмендегідей міндеттерді шешпек ниеттеміз:

- деректемелік негіздегі түрлі бағыттардағы материалдарды қолдану арқылы Кеңес өкіметі мен тәуелсіз Қазақстандағы мәдени процестердің даму үрдістерін, атап айтқанда, ұлттық мәдениет пен жалпы Қазақстандық мәдени



5

дамуда орын алған қемшіліктер мен жетістікгерді бедерлеп, мәдени-ағарту ошақтары мен орталықтарындағы өзгерістерді сандық және сапалық тұрғыда талдау әрі мәдени процестерге байланысты Қазақстан тарихында Кеңес дәуірінде орын алған олқылықтардың бетін ашу, олардың қазіргі материалдық базалары мен қадрлармен қамтамасыз етілуіне қатысты ой-пікірлер мен нақты ұсыныстар айту;



- ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ зиялы қауымы мен олардың мәдени-шығармашылық мүраларының ақталуына орай, зерттеп отырған тақырыбымыздың аясында соны да, тың тарихи қөзқарастар қалыптастыруға ат салысу;

  • Қазақстан мәдениеті дамуындағы негізінен оң тұрғыдағы құбылыстар мен ірғелі өзгерістерді ашып көрсету; олардың қоғамды демократияландыру мен халықтың жалпы мәдени деңгейін көтеруге бағытталған бүгінгі қызметтерін зерттеу объектісіне айналдырып, оны жұмысымыздың аса бір маңызды бөлігі ретінде қарастыру;

  • Өткенді қайта қарау барысында бүгінгі мәдени ошақтардың ертеңгі болашағына қатысты тың ойларға жол беріп, өркениетті әлем тәжірибелерін қеңінен насихаттау және бұл орайда нақты прақтикалық мәні бар ұсыныстар мен ой-піқірлерге орын беру, ұлт зиялылары арасында орын алып отырған мәдени-психологиялық үрдістерді сараптау міндеттері.

Жұмыстың методологиялық негізі. Жұмыстың методологиялық негізін ой-пікірлері мен айтқан тұжырымдары бүгінде жалпы әлемдіқ қазыналылықтарға айналған классиктердің еңбектері мен соңғы жылдары жарық қөрген осы салаға қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстары құрайды.

Диссертациялық жүмыс авторы өз зерттеуінде плюрализмге, тарихи және логикалық байланыс пен бірлікке, тарих принципі мен тарихи обьективтілікке, нақты сараптамалар мен болжамдарға, көп қырлылық пен жүйелілікке және субъективтік факторлар мен объективтік жағдайлардың тепе-тендігіне ұдайы сүйеніп отыруға тырысты. Сонымен қоса ретроспективтік, институционалды және құқықтық жіктеу тәсілдері мен құрылымдық функционализм және зерттеу материалдарының мазмұндарына орай, саяси-әлеуметтік және хронологиялық талдауларға да жол берілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет