Қазақстан Республикасы Блім және ғылым министрлігі Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Баяндама
Тақырыбы: Қазақстандағы ғылымның дамуына үлес қосқан ғалым Манаш Қозыбаев
Дайындаған: ГИ-41 тобының студенті Қалдыбаев А.
Тексерген: Кенжина К. Д.
Қарағанды 2021
Жоспар:
Кіріспе бөлім
Манаш Қозыбаевтың өмірбаяны Негізгі бөлім
Ғылыми шығармашылығы
Ғылыми атақтары
Мемлекеттік марапаттары
Қортынды бөлім
Ел ішінде қаларлық, құрметті ғалым ретінде
Пайдаланылған әдебиеттер мен дерек көздері
М.Қ.Қозыбаев 1931 жылы 16 қараша қазіргі Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Тазкөл басындағы ауылда шаруа отбасында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы жылдары жасөспірім бала кезінен колхозда еңбекке араласқан. 1947 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Мендіқара педагогикалық училищесін үздік бітіріп, бір жыл Үлгілі жеті жылдық мектебінде мұғалім болып қызмет етеді. Болашақ ғалымның тәрбиесіне ата-анасымен қатар кейін көрнекті қайраткер болып танылған ағасы Қозыбаев Оразалы Әбілұлы айтарлықтай ықпал жасады.
1953 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеінің тарих факультетін үздік бітіріп, Қостанай педагогикалық институтында ғылыми-педагогикалық жұмысымен айналысады.
Талантты жас ғалым 1958 жылы сол кездегі Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті жанындағы Партия тарихы институтына қызметке шақырылып,онда аға ғылыми қызметкерден тарих ғылымының докторы (1969), профессор (1970), танымал ғалым дәрежесіне дейінгі жолдан өтті. 1961-1970 ж. М.Қ. Қозыбаев осы институттың ғылыми хатшысы, онан соң Қазақстандағы партия құрылысы тарихы бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті. 1974-1980 жылдары ол Алматы малдәрігерлік институтында, кейіннен С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың жанындағы Қоғамдық ғылымдар пәндері оқытушыларының біліктілігін жетілдіру институтында кафедра меңгерушісі болды.
М.Қ.Қозыбаев 1980 жылдан Қазақ совет энциклопедиясының бас редакциясын басқарды. Оның басшылығымен сол кезеңде орыс және қазақ тілдерінде 4 томдық «Қазақ ССР» энциклопедиясы, «Алматы», «Қарағанды облысы» энциклопедиялары, Ш.Ш.Уәлихановтың 5 томдық толықтырылып,өңделген шығармалар жинағы және тағы да басқа іргелі еңбектер басылып шықты.
Осы кезеңдерде М.Қ.Қозыбаевтың Қазақстанның, сондай-ақ жалпы КСРО-ның шығыс аймақтарының тарихы мен тарихнамасы және Ұлы Отан соғысы тарихы бойынша зерттеулері республикада,әрі одақ көлемінде жоғары бағаға ие болды. Оның «Казахстан-арсенал фронта» (1970), «Компартия Казахстана в период Великой Отечественной войны»(1964), «Ұлы ерлік» (1980) және басқа монографиялары мен Ұлы жеңіске қосқан үлесі туралы басқа да зерттеулері бүкіл Одақтық қауымға танылды. М.Қ.Қозыбаев зерттеулеріндегі КСРО-ның соғыс кезіндегі әскери-экономикасының құрамдас бөлігі ретінде өндіргіш күштерді елдің шығыс аудандарына, оның ішінде Қазақстанға көшіру, табиғат ресурстарын Отан қорғау мүддесіне тиімді пайдалану шаралары, КСРО халықтарының екінші дүниежүзілік соғыс майдандарына қатысуы, соғыс жылдарындағы елдегі қоғамдық –саяси өмір мен мәдениет сияқты күрделі мәселелер өзінің терең де жан-жақты ашылуымен сиппаталады.
Сол кезде Одақ көлеміндегі Ұлы Отан соғысы тарихын зерттеуші жетекші маман ретінде М.Қ.Қозыбаев «Союз нерушимый» (М.,1982), «Во главе защиты Советской Родины» (М.,1984), «Советский тыл в первый период Великой Отечественной войны» (М.,1988), «История рабочего класса СССР» (Т.3.М.,1989) атты іргелі еңбектерді және осылар сияқты Москва, Баку, Новосибирск, тағы басқа қалаларда шыққан бірқатар кітаптарды жазуға қатынасты.
1986 жылдың наурызынан М.Қ.Қозыбаев. Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтында қызмет етіп, тарихнама және деректану бөлімінің меңгерушісі болды. 1988 жылы маусымда бірауыздан осы институт директоры болып сайланған ол сол уақыттан бері қызметін атқарады.
1980-жылдардың соңы мен 1990-жылдардың бас кезінде ұлттық сана-сезімнің күшеюі, кеңестік мемлекеттік жүйе мен коммунистік идеологияның күйреуі және тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің жариялануы мен қалыптасуы тарих ғылымының қоғамдағы орнына түбегейлі өзгеріс еңгізгені аян. Осы кезден бастап академик М.Қ.Қозыбаев басқарған Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Қазақстан тарихының өзекті мәселелерін зерттеуге орасан зор үлес қосып келеді.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің алғышарттары пайда болған 1980 жылдардың соңынан бергі уақыт ішінде Қазақстан тарихшылары академик М.Қ.Қозыбаевтың басшылығымен тарихи зерттеулер методологиясының мәселесі, жинақталған тарихи білімдерді қайта пайымдау, қазақ халқының шығу тегі мен этникалық тарихы, ұлттық мемлекеттілік пен ұлттық қауіпсіздік проблемалары, Қазақстанның саяси-әлеуметтік және экономикалық даму тарихының, Қазақстанның жалпы тарих тұрғысынан әлемдік қауымдастықтағы, оның ішінде ең алдымен Ресей және ТМД елдерімен, Қытаймен, алыс шетелдермен қарымқатынасына байланысты өзекті мәселелер отандық тарих ғылымының басым бағыттарына айналды.
Академик М.Қ.Қозыбаевтың өзі ғылыми зерттеу ісіне тікелей ұйтқы болып, қатынасып келеді. Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру науқаны кезінде Қазақстанда орыналған зұлмат трагедиясы бүгінгі таңда барша әлемге аян. 1988 жылғы қарашада М.Қ.
Қозыбаевтың инициативасы бойынша Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында осы мәселеге арналған Бүкілодақтық ғылыми конференция шақырылған еді. Осы конференцияда Қазақстан мен Орта Азия республикаларында ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру тарихы жан-жақты талқыланып,ақиқатқа жол ашылды. Осының нәтижесінде М.Қ.Қозыбаев және басқа ғалымдар 1989 ж. Москвадағы «Вопросы истории» журналында жариялаған мақаладан Қазақстандағы ашаршылық нәубетінің көлемі мен зардаптары әлемге тұңғыш рет аян болды.
1991 ж. қарашада Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі құрған Парламенттік арнайы комиссия сол кезде халық депутаты болған М.Қ.Қозыбаевтың басшылығымен бір жыл жұмыс істеп, 1920-1930 ж.ж. Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін және 1931-1933 ж.ж. жаппай ашаршылықтың себептері мен зардаптарын арнайы сараптаудан өткізді. Бұл комиссия жұмысының қорытындысы бүгінде барша жұртшылыққа белгілі.
1980-жылдардың екінші жартысынан бері академик М.Қ.Қозыбаев 30-40-жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің құрбандарын анықтау және оларды ақтау жолында жалпы мемлекеттік маңызы бар көлемді де жүйелі жұмыстар жүргізді.
1980-жылдардың соңы мен 1990-жылдардың бас кезі отандық тарих ғылымында ұлтазаттық қозғалыс тарихына байланысты, соның ішінде Кенесары Қасымов,Жанқожа Нұрмұхамедов,Әбдіғаппар Жанбосынов бастаған ұлт-азаттық қозғалыстары және Алаш қозғалысы мен Алашорда автономиясына қатысты тыңғылықты зерттеулер жүргізілуімен, сөйтіп объективті шындықты қалпына келтіруде елеулі жұмыстар атқарылуымен ерекшеленді. Сонымен қатар осы кезеңнен бері Қазақ хандығының тарихы жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақ халқының Отан соғысы, Абылай ханның өмірі мен қызметі туралы және тарихымыздың басқа да өзекті проблемаларына байланысты ауқымды зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Соңғы он жыл ішінде осындай күрделі де аса қиын ізденістер мен зерттеулердің барысында М.Қ.Қозыбаев «История и современность», «Ақтандақтар ақиқаты», «Жауға шаптым ту байлап», «Тарих зердесі»(2 томдық), «Проблемы отечественной истории: методология,историография, и источники» (2 томдық), «Труд во имя победы» және тағы да басқа еңбектері дүниеге келді.
Отан тарихы мен тарихнамасын зерттеудің жаңа концептуальдық тұжырымдарын айқындау және жинақталған материалдарды жаңа тұрғыдан зерделу нәтижесінде М.Қ.
Қозыбаев басқарған институт 1993 және 1995 жылдары орыс және қазақ тілдерінде көне заманнан бүгінге дейінгі «Қазақ тарихының очерктерін» шығарды. Содан кейін М.Қ. Қозыбаевтың басшылығымен көне заманнан бүгінгі дейінгі «Қазақстан тарихының» 5 томдық академиялық басылымы шығарылды. Бұл ТМД мемлекеттерінің ішінде тұңғыш басылым болды.
Мұндағы ең бастысы Қазақстан тарихының күрделі де өзекті мәселелерін зерттеуде идея берушісі де, ұйымдастырушысы да әрдайым М.Қ.Қозыбаевтың өзі екенін айтқан жөн.
Академик М.Қ.Қозыбаев тарих ғылымында алғаш рет Еуразия кеңістігіндегі дала өркениетінің дамуы туралы тұжырымының негізін жасады.
Академиялық ғылымының білім саласымен дәстүрлі байланыстарын дамыта отырып, М.Қ.Қозыбаев орта мектептер мен жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын шығарды.(«Қазақстан тарихы»IX сынып оқулығы.А.,1991-2001; «Қазақстан тарихының хрестоматиясы».А.,1994: Соңғы алты жылда оның басшылығымен Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар туралы 60 томнан асатын «Зерде кітабы»,саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы 5 томдық «Азалы кітап», мектеп оқушылары мен көпшілік қауымға арналған «Иллюстрированная история Казахстана» басылып шықты. М.Қ.Қозыбаевтың көптеген еңбектері ТМД елдері халықтарының тілдеріне аударылған, сонымен бірге АҚШ-та, Ресейде, Қытайда, Болгарияда, Германияда, Украинада, Америкада, Молдавия-да,Жапонияда, Иранда және т.б. елдерде жарық көрді.
М.Қ.Қозыбаев басқарған институт Ресейдің, АҚШ-тың, Қытайдың, Жапонияның, Ұлыбританияның, Германияның, Түркияның және басқа да елдердің ғылыми орталығымен тұрақты ғылыми байланыс жасап келеді. 1995 жылы М.Қ.Қозыбаевтың басшылығымен Қазақстанда тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы әзірленіп,оны Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат туралы Ұлттық кеңес бекіткен болатын. М.Қ.Қозыбаев ірі ғалым болуымен бірге ғылыми-педагогикалық жұмыстарға да көп назар аударған. Ол талантты ғалымдардың тұтас бір шоғырын тәрбиелеп шығарды. Оның жетекшілік етуімен 86 ғылым кандидаттары мен докторлары әзірленді.
1970-1980 жж. М.Қ.Қозыбаев профессор ретінде Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-де дәріс беріп, аспиранттар мен докторлардың ғылыми жұмыстарына жетекшілік етті.
Сөйтіп М.Қ.Қозыбаев тәуелсіз Қазақстан тарихының өзекті мәселелерін зерттейтін ғылыми мектептің негізін құрды.
Академик М.Қ.Қозыбаев көп жылдан бері Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты жанындағы докторлық диссертация қорғайтын Ғылыми Кеңестің төрағасы, тарих ғылымдары саласындағы проблемалық ғылыми-үйлестіру Кеңесінің төрағасы, Мемлекеттік ономастикалық коммисия мүшесі қызметерін атқарды.
1998 жылдан бері М.Қ.Қозыбаевтың басшылығымен қазір Қазақстанға ғана емес, шетелдік ғылыми қауымға да кеңінен таңылған арнайы ғылыми басылым «Отан тарихы» журналы шығарылып келеді. Академик М.Қозыбаев үн қатпаған тарих және қазіргі заманға қатысты қандай да болмасын өткір қоғамдық-саяси мәселе жоқ сияқты. Оның мерзімді баспасөз бен бұқаралық ақпарат құралдарындағы өзекті ғылыми және публицистикалық мақалалары мен сөйлеген сөздері кеңінен танылып, жұртшылықтың шынайы ілтипатына бөленді.
Осылайша тәуелсіздік жылдарында М.Қ.Қозыбаев елімізде тарихи сананы қалыптастыруға, рухани өмірдің жаңғыруы мен дамуына ұлтаралық жарасым мен халықтар бірлігін нығайтуға зор үлес қосты. Ол қазақ мемлекеттілігі тарихының, отаршылдық және кеңестік тоталитаризм жағдайындағы Қазақстан тарихының жаңа концептуалдық бағыттарын қалыптастырудың, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтаудың бастау көзінде тұрды. Соңғы жылдары ол Қазақстан Республикасы Президентінің «1997 жылы жалпы ұлттық келісім және жапай саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу Жылы деп жариялау туралы», «1998 жылы халық бірлігі мен сабақтастығы Жылы деп жариялау туралы» Мемлекеттік комиссияның мүшесі ретінде де қыруар жұмыстар атқарды.
М.Қ.Қозыбаев ғылыми, ғылыми-ұйымдастырушылық және педагогикалық қызметтерімен қатар мемлекеттік және қоғамдық өмірге де белсенді араласып келе жатқан көрнекті қайраткер. Ол 1989 жылы Ұлттық Ғылым Академиясының толық мүшесі-академик болып сайланды. 1990-1993 жылдары ҚР Жоғары Кеңесінің депутаты болып, егеменді Қазақстан мемлекетінің Конституциясын, заңдары мен актілерін қабылдауда орасан зорқайраткерлік танытты. М.Қ.Қозыбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі болды. 1993 жылдан М.Қ.Қозыбаев Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық Кенестің және Адам құқығы бойынша Мемлекеттік комиссияның мүшесі болды.
М.Қ.Қозыбаев 800-ден астам ғылыми және ғылыми-көпшілік еңбектердің, соның ішінде 30 монографияның (олардың 18-і бірлескен авторлықпен), 50-ден астам ұжымдық еңбектердің, оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Оның еңбектері басым көпшілігі Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында жарық көргенін атап айтқан жөн.
М.Қ.Қозыбаевтың тек соңғы 10 жыл ішіндегі еңбектері мен зерттеулері және мақалалары мен ғылыми конференцияларда жасаған баяндамалары 9 томдық құрайды (История и современость».1991;, «Ақтандықтар ақиқаты».1992;, «Жауға шаптым ту байлап».1994; «Труд во имя победы».1995; «Тарих зердесі»1,2 кітап,1999; «Казахстан на рубеже веков: размышление и поиски. Т.1-2.2001; «Дала өркениеті және қазақ халқы».-2001).
Тарихшы-ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері ретінде М.Қ.Қозыбаев қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің орнығуына, мемлекеттілік идеологиясының, Қазақстан Республикасының этнотерриториялық тұтастығының нығаюына үнемі назар аударған.
Мұны М.Қ.Қозыбаевтың еңбектерінің мазмұнынан айқын көруге болады.
Академик М.Қ.Қозыбаев еңбектерінің негізгі мазмұны жалпыұлттық татулық пен Қазақстан халықтарының бірлігін нығайтуға, өскелең ұрпаққа рухани және патриоттық тәрбие беру.
М.Қ.Қозыбаевтың отандық тарих ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі жемісті мемлекеттік және қоғамдық қызметі жоғары мемлекеттік наградалармен атап өтілген.
«Қазақстан-майдан арсеналы» монографиясы үшін оған 1970 ж. Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты атағы берілді. 1995 ж. Қазақстан тарихының өзекті проблемаларына арналған бір топ зерттеулері үшін ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағына ие болды. Белсенді әрі жемісті мемлекеттік және қоғамдық сыйлығы үшін 1997 жылы ол Президенттің «Бейбітшілік рухани келісім» сыйлығының иегері атанды. Оған 1986 жылы «Қазақстанның ғылымға еңбек сіңірген Кеңесінің Құрмет грамоталарымен, Қазақстан Республикасының және КСРО медалдарыменмарапатталған. М.Қ.Қозыбаев Шәкәрім атындағы «Семей» мемлекеттік университетінің (1998 ж.) Қарағанды мемлекеттік медицина академиясынын (1999 ж.), А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің, «ҚазГОР» Академиясының құрметті профессоры болып сайланған. Ол Қостанай қаласының және Мендіқара ауданының құрметті азаматы. Манаш Қабашұлының жансерік жолдасы Сара Пішенбайқызы-танымал педагог, ұстаз інісі Сағынбай Қозыбаев, баласы Ілияс-тарих ғылымдарының докторлары, профессорлар, қызы Гүлшат тарих ғылымдарының кандидаты.
30 мамырда Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен оны мәңгі есте қалдыру үшін Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетіне академик Қозыбаев есімі берілді, ғалымның ескерткіші ашылды.
Достарыңызбен бөлісу: |