Казбеков Турлыбек Бельгибаевич Ержанова Салтанат Кулдасбаевна Жаксыбаев Куат Рахметоллаевич «Мемлекеттік менеджмент»


Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі



бет38/58
Дата04.11.2023
өлшемі240,11 Kb.
#121818
түріЛекция
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   58
Байланысты:
multi-88118 x993771891

1. Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі

2. Мемлекеттің нарықтық экономикадағы қызметі

3. Экономикалық теңдікті қамтамасыз етудегі мемлекеттің әрекеті



1. Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі


Жеке капиталистік өндіріс жеке капитал жинауға және өндірістік өнімді жеке иеленуге негізделген. Онда қоғамдық өндіріс пен жеке өндіріс арасында қарсылықтар қалыптасады. Оны шешу үшін капиталды жинақтауды басқаша қолданумен алмастыру қажет болады, ол бос капиталды акционерлік-капиталистік өндіріс ретінде мобилизациялау болып отыр, ал енді басқару нысаны жеке емес басқа біреудің капиталы болып табылады, ол жеке болмайды ол топтық ассоцацияланған, корпоративтік капитал болады, өндіріс өнімін жеке иелену оны тікелей ассоцацияланған акционерлердің иеленуіне ауысады. Топтақ кооперативтік формада қоғамдық иелену дамиды.
Бұл жерде иеленудегі бірінші кезекте қоғамдық өндіріс және иелену тұр. Акционерлер ұзақ уақыт бойы жеке капиталистер болады. Акционерлік-капиталистік өндіріс жеке капиталистердің мобилденуші еркін капиталына дамиды. Ол туралы біз бүгінгі күні жабық түрдегі акционерлік қоғамнан көре аламыз, олардың акциялары еркін сатылымға шықпайды, ол никті құрушылар арасында ғана сатылады. Бірінші кезеңде тұрғындар қаржысы әлі де болсын тартылмайды, себебі еркін капиталдың маңызды көзі ол жалданған жұмыскерлердің еңбекақысын ең төменге жұмыс күші бағасынан да төмендету болып табылады.
Жаңа кезеңде де жағдай өзгермейді, онда өндіріс концентрациясы монополия құруға алып келеді. Монополияның прогрессивтік рөлі айқын: егер де акционерлік қоғамда басқару нақты бір өндіріс шегінде жүзеге асырылатын болса, онда монополия әр түрлі өндірісті реттеуді жүзеге асыратын диверсификацияны дамытады. Осындай реттеудегі құрал ол қаржылық капитал болып табылады. Алайда, монополистік капиталдың артуы жалданушы жұмыскерлердің артуы арқылы жүзеге асырылады. Акцияны сатып алуға жоғары еңбекақы төленетін мамандар мен жұмысшылар тартылады (ақ жәшік деп аталады), олардың еңбекақылары олардың жұмыс күшінен жоғары тұрады. Осы санаттағы жалдамалы жұмыскерлердің жоғары еңбекақысын төлеу көзінің бірі колониядан түскен табыс болып отыр. Жалпы алғанда монополистік өндіріс жұмысшылар есебінен дамуын жалғастырып келеді және олардың экономикалық мүдделері мен қажеттіліктерін есепке алып отырған жоқ.
Осы жағдайда жаңа әлеуметтік-экономикалық қарсылықтар туындауда. Егер де бұрын қоғамдық өмірде экономикалық салада қарсылық болған болса, (онда жеке капиталистік өндірісте, қоғамдық өндіріс арасында және жеке иелену арасында қарсылық болды) оны шешу акционерлік және монополистік өндірісте шешу жолдары иеленуді қоғамдық етті. Алайда ол бір жағынан қоғамдық та болды,себебі жеке меншікті топтық иеленуге қатысумен шектелді. Экономикалық даму өндірісті қоғамдандырудағы мына кезеңдерді талап етті: жұмыскерлерді өндіріс құралдарына меншікке тарту, қоғамдық өндірісті басқару және жасалған өнімді иелену. Жалдамалы жұмыскерлердің өндірісті дамытуға қатысу жағдайы жұмыс күшін өндіруге жеткілікті болатындай еңбекақы арттыру болып табылады, ол табыстың бір бөлігін дамуға қолдануға мүмкіндік береді. Ол акция сатып алу арқылы мүмкін болады немесе банкке салым салу арқылы мүмкін болады, тұтыну болашағын қамтамасыз етеді. Осындай кардиналды жылжуды пайдалану өндіріс деңгейін арттыруға мүмкіндік берді және өнім көлемін арттыруға мүмкіндік берді.
Осының барлығы капиталистік экономиканың адамдар қажеттілігін қанағаттандыруға қарай бұрылуын қажет етті, әлеуметтік саланың дамуын жұмысшылар мен жұмысқа жарамсыздардың әлеуметтік саласын дамытуды қажет етті. Тек осылай ғана еңбек етуге қажетті сенімді стимул құруға болады ол әрі қарай экономикалық даму факторы ретінде болады.
Алайда қоғамдық дамудың кардиналды жаңа қажеттіліктері ғасырлар бойы қалыптасып отырған практикаға яғни жалдамалы жұмыскерлерді пайдалануды арттыру есебінен жүргізуге жолығып отыр, олардың еңбекақыларын төмендетуге және оларды әлеуметтік құқықтарынан айыруға әкеліп соқтырды. Осы жағдайда бірінші кезекке қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуындағы қарсылықтары шығып отыр ондағы негізгі қарсылық ол капиталистік өндірістің кері жағының қарсылықтары ол ішкі-экономикалық, жаңа қарсылық экономика сыртына шығып отыр және экономикалық және әлеуметтік саланы дамытудағы қоғам арасындағы қарсылық болып отыр.
Осы қарсылықтардың артуы қуатты қайта тұрақтандырушы фактор болып табылады. Алайда қоғамға жаңа қарсылықтарды тану керек болды және тұрғындардың өмір сүру негізін арттыра отырып және бірінші кезекте еңбек ақыны арттыру арқылы ұзақ жолдан жүріп өту керек. Осы жолда қоғамды жаңа өткір катаклизмдер күтіп тұрды.
Өндіріс пен қоғамды дамытудағы жаңа қажеттіліктерді прогрессивтік бизнесмендер қолданды, олар сапалы түрдегі жаңа перспективалық қадамдар жасады. Оған Генри Фордтың әрекетін мысалға ала аламыз. 1914 ж. ол корпорация кәсіпорындарында тіркелген күн сайынғы еңбекақы минимумын анықтады, ол 5 доллар көлемінде, бір мезетте жұмыс күнін 10 с 8 с, дейін кемітті, ал жұмыс аптасына 48 сағат 8 жылда"
Аталған идея мен практика капиталистік экономиканың қалыптасып қалған классикалық ережесін бұзды, кәсіпкерлер психологиясын және қоғамдық көзқарасты радикалды өзгерістерге дайындады. Алайда қоғамдық таңқалыс болуы мүмкін еді. Ғасырлар бойы капиталистік құрылыстың дамуындағы қалыптасқан ережелер өзгерді, олар негізінен еңбек етушілерді пайдалануды арттырумен байланысты болды, сонымен қатар еңбекақыны төмендетумен байланысты болды. 1929-1933 жж экономикалық дағдарыс осылай болды (\"Ұлы дағдарыс\"), ол бұзушы күш болды, ол арқылы классикалық капитализмнің канондарын сақтап қалу, оның қалған түсініктерін сындырушы ретінде оның иілуіне қатты әсер етті.
Қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамудағы қарсылықтарын сезінуі дағдарыстың бұзушылық салдарынан ғана емес, сонымен қатар түбегейлі өзгерісті қажет етеуден де болды, ол негізінен экономиканы тұрақтандырып қоғамдық өмірді тұрақтандыру үшін қажет болды және болашақта осыған ұқсас көлемде апатты болдырмау үшін қажет болды.
Экономикалық тұрақтылықты қажет ету экономиканың негізгі субъектілеріне ие болады, олар - монополия, акционерлік қоғам, жеке капиталисттер, шағын тауар өндірушілер, жалдамалы жұмысшылар, олардың экономикалық мүдделері салыстырылады. Өндірісті сақтау мен оның қалыпты түрде қызмет етуін сақтап қалу қажеттілігі қоғамдық санаға енеді, ол жалпы мүддеге айналады және қоғамдық қажеттілікке айналады.
Мына мәселе күн тәртібіне шығып отыр: тұрақтылық негізін не құрайды, экономикалық апатты көрсетпетін қарсылықтарды және оны шешу жолдарын анықтау.
"Ұлы дағдарыстың» басты себебін экономикалық ғылым капиталистік экономиканың өсіп келе жатқан өндірістік мүмкіндіктері мен тұрғындардың сатып алу мүмкіндіктерінің арасындағы алшақтық деп анықтады. Демек, осы қарсылықты жою өндірістік күштің артуын шектеу арқылы іздеуге болмайды. Қоғам экономикалық өмірлік басқа бір факторына шоғырланып отыр, ол тұрғындардың төлем қабілеттілігі. Капиталистік экономиканың дағдарыс жағдайынан шығуы тура осы фактормен байланыстырылады. Ол барлық басқа да қайта құрулардың негізгі бастамасы болуы керек. Ал тұрғындардың негізгі қадамдық сұранысы ол еңбекақы болды. Қоғам еңбекақыны арттыру қажеттілігін сезіне бастады, ол оның әрі қарай даму көзі болды, оның экономиканы тұрақтандырудағы басты шарты болды.
Еңбекақыны көтеру кейінгі өзгерістердің басты звеносы болды, ол сатып алушылық ептіліктерді тудырушы. Ол жалдамалы жұмыскерлердің өз еңбегінің нәтижесіне қызығушылығын арттырды, еңбек өнімділігінің артуына ықпал етті, материалды үнемдеуге қызығушылықты арттырды, өндіріс көлемін арттырды, соның арқасында өндіріс шығындары кеміді. Осы арқылы еңбекақыны арттыру өзін ақтап шықты. Осыған байланысты еңбекақыны арттыру кәсіпкерлердің қызығушылықтарына сәйкес келді.
Еңбекақыны арттырудың тағы бір салдары бірлескен сұраныс құрылымындағы өзгерістер болды. Олар тұтыну мен қызмет үлесінің артуында туындады. Бірінші бірлескен ұсыныс құрылымы өзгерді, онда өндіріс құралымен салыстырғанда тұтыну үлесі артты. Алайда өндіріс құралының өзгеруі мен тұтыну құралы арасындағы өзгеріспен шектеліп қалған жоқ тұрғындардың қаржылық табысы да тұтынуды толық қанағаттандыруға ықпал етеді. Қанағаттанған қажеттілік жаңа әрі жоғары қажеттілікті тудырады ("Қажеттіліктер иерархиясы" А.Маслов). Демек, табыстың артуы адамдар қажеттілігін арттыруға ықпал етеді. Сатып алушылар тұтыну құралдары сапасына талаптар қояды, оның жалпы қабылданған стандарттарға сәйкестігін, сән үлгісіне сәйкестігін талап етеді. Осыған сәйкес өндірушілер де өндіріске деген көзқарастарын өзгертеді. Олар бұрын коммерциялық шаралардан бұрын өндірісті толық жүктеумен айналысқан болса енді өндірілгенді сатып алушыларға өткізуді ойлады. Енді сатып алушының қажеттілігін толық зерттеушілер ғана ұтып кетеді яғни маркетингілік зерттеулер жүргізушілер ұтатын болды, олар сұраныс талаптарын қанағаттандырумен айналысты.
Сонымен түбегейлі өзгерістер экономиканың бастапқы қарсылықтарымен шектеліп қалған жоқ, еңбекақыны төмендету мен оны арттырумен шектеліп қалған жоқ. Ол қарсылықтың басқа да жағына қатысты болды: өндіріс адамға және оның қажеттіліктеріне көңіл аударып тұрғанда енді өндіріс көлемін арттыру оңай емес, керісінше тұтынушыны нақты қанағаттандыратын ғана тауар көлемі артады.
Мысалы еңбекақының артуы адамның қажеттілігінің артуын көрсетеді және оның өндіруші ретінде еңбек нәтижесіне қызығушылығының артуын көрсетеді, ол қажеттілікті қанағаттандыруға мүдделі ол өндіруші ретіндегі адамның психологиясын өзгертеді және оны тұтынушы ретіндегі қажеттілігін қарастырады. Сонымен, қарсыластықтың екі жағы да бір бағытта адам маңайында «шоғырланады». Оның нәтижесі жұмысшы күшінің қалыпты өндірістілігін қалыптастыру болып табылады, оны қанағаттандырудағы қаржы арттыруды және артып келе жатқан қаржы сұранысын қанағаттандыруды көрсетеді, жалдамалы жұмыскерлердің табысы еңбекақымен шектеліп қалмайды, сонымен қатар оған дивидендтер мен пайыздар және т.б. кіреді. Еңбек күшін өндіру туралы ғана айтып отырған жоқпыз, сонымен қатар жалпы қоғамның қанағаттануы тұрғындардың барлық мүшелерінің жұмысшылардың, сонымен қатар жұмыссыздардың да қанағаттануы туралы айтып отырмыз. Тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі ақырындап қалыптасып отыр.
Еңбекақының арту қарқыны қоғамдағы тұрақтылыққа алып келеді. Еңбек етушілер мен кәсіпкерлер арасындағы экономикалық мүдденің антагонизмі айырмашылықтары жойылады, олардың жалпы экономикалық мүддесі тұрақты қоғамдық жағдайды дамыту оны сақтап қалу болып табылады.
Сонымен капиталистік экономикада жаңа қоғамдық қызмет қалыптасып отыр. Ол экономика мен әлеуметтік саланы реттеп тұрғындардың еңбек ақысын арттыру арқылы тұрақтылықты қамтамасыз етті. Осы жаңа қоғамдық қажеттілік автоматты түрде жүзеге аса алмайды. Қоғамның осы қажеттілікті сезінуі ол нақты болуы үшін әлі де болса жеткіліксіз. Қоғамдық сананың деңгейі ол жылдамдатушы фактор немесе туындап келе жатқан қажеттілікті кешеуілдетуші фактор болып табылады.
Капиталистік экономиканың реттеушісі ұзақ уақыт бойы нарық болғаны белгілі. Алайда ол жаңа қоғамдық қажеттілікті жүзеге асыруға епті. Оның механизмі еңбекақыны арттыруға қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар, сонымен қатар керісінше оны төмендетуге де «жұмыс істейді». Себебі соғыстан кейінгі жылдары (1945-1955 жж) жұмыссыздық созылмалы сипатта болды. Тауар көбейген кезде «жұмысшы күш» сұраныстан артып еңбекақы еріксіз төмендейді.
Жаңа қоғамдық қажеттілікті жүзеге асыру оны саналы түрде реттеуді көрсетеді. Оған дейін ұлттық экономика нарықпен реттелген болатын, яғни ол оқыстан реттеліп отырған болатын. Енді реттеу экономикалық саланың сыртына шығып кетті, сонымен қатар ол әлеуметтік өмірді де қамтып отыр. Осы салалардың қалыпты өзара әрекеттестігі нақты бір әлеуметтік-экономикалық саясат мазмұнын көрсетеді. Ол мына қажеттіліктерге жауап береді:
- саяси ғана емес, сонымен қатар басқа да субъектілермен өзара әрекеттесетін экономикалық субъект болу;
- оның қызметі аумақтық немесе салалық деңгеймен шектеліп қана қалмауы керек, ол ұлттық өндіріс пен нарықты да қамту керек;
- экономикалық қатынастарды реттеуде нақты бір тәжірибесі болуы керек ол ұлттық көлемде болуы керек;
- қоғамдық қатынастарды реттеуде ұлттық көлемде тәжірибесі болуы керек
Елеулі деген экономикалық субъектілердің бірі де - монополия, акционерлік қоғам және жеке шағын тауар өндірушілер және жалдамалы жұмысшылар да осы талаптарды қанағаттандырған жоқ. Жаңа экономикалық субъект қалыптасу керек болатын, ол мүлдем жаға бола алмады, ол осы уақыт аралығында қоғамдық қатынастарды реттеуде жеткілікті тәжірибе жинақтау керек болатын, ол экономикалық деңгейде ұлттық көлемде болуы керек болатын. Ондай субъект қоғамдық институттар жүйесінде болған еді. Ол мемлекет болатын.
Нақты бір жағдайда мемлекет жаңа экономикалық субъектінің қоғамдық қажеттіліктеріне жауап бере алатын. Мемлекеттің қызметі ұлттық деңгейде жүзеге асырылды. Экономикалық мәселелер мемлекет үшін жаңалық емес ол үнемі болатын бірінші кезекте салық салу арқылы және жиналған салықты жұмсау арқылы, екіншіден сыртқы экономикалық қызметті реттеу арқылы көрінетін. Мемлекет ұлттық деңгейде де реттеу жұмыстарын жүргізуде, сонымен қатар басқа да қоғамдық қатынастарды реттеуде де тәжірибесі болды, бірінші кезекте ол саяси түрдегі реттеулер болды.
Экономикалық субъектіге айналған мемлекет басқа да экономикалық субъектілерден айырмашылығы болды. Соңғының өзіндік жеке экономикалық мүддесі болды және оны бәсекелестік күресте ізіне түсті. Бірімен бірі қарсылықта болатын жеке мүдделер, сондай-ақ экономикалық қатынастарға түсетін жалпы мүдде де қарсы болды, ол қарсылықтар біріне бірі қажет ол қарама-қарсы тараптардың болуын қажет етті. Экономикалық субъектілер ұзақ уақыт бойы өз мүдделерін сезінбеді немесе оған қарсы тұрды жалпы мүддені қолдады.
Қуатты экономикалық қақтығыстар жеке экономикалық мүддесі барларды жалпы экономикалық мүддеге зәру екенін сездіргенде ғана және мемлекетке экономикалық қызмет бергенде, яғни оған әрбір жеке экономикалық мүддені жүзеге асыруды қамтамасыз етуге мәжбүрлегенде ғана (басқаға зиян келтірмей) жеке экономикалық мүдделер арасында теңдікті қолдауға қол жеткізілді.
Сонымен, мемлекет экономикалық субъект ретінде жалпы мүддені қорғаушы болып табылады және оны жүзеге асырады ал басқа экономикалық субъектілер жеке экономикалық мүддені көрсетушілер болып табылады.
Мемлекеттің экономикалық субъектісі ретіндегі басқа бір мүддесі ол алдыңғыдан шығады, ол басқа да экономикалық субъектілер өндірістің қандайда бір факторының жеке меншік иесі болып табылатынынан шығады және қызмет мақсаттарын табыс алу деп санайды. Мемлекеттің экономикалық субъекті ретіндегі басты міндеті жеке меншіктен табыс алу емес, керісінше басқа да экономикалық субъектілердің қатынастарын реттеу болып табылады. Осы реттеу ол мемлекеттің экономикалық қызметін көрсетеді. Осы қызметті орындау үшін мемлекет өзі ғана меншік иесі болуы міндетті емес. Сонымен қатар мемлекетте жеке меншік болмағанда ол экономикалық және әлеуметтік реттеу барысында сенімді, еркін және әділ реттеуге мүмкіндік алады. Ол туралы АҚШ оң тәжірибе мысал бола алады онда мемлекеттік меншік неғұрлым көп дамыған. Батыс еуропа елдеріндегі мемлекеттік меншіктің көп дамуының өзіндік себептері бар: ол кейінгі жылдардағы американдық монополияның шабуылына қарсы тұру, сонымен қатар тұрғындардың әлеуметтік талаптары. Осы елдердегі әлеуметтік меншік мемлекеттік реттеудегі қосымша көмекші құрал болып табылады.
Сонымен мынандай қорытынды жасауға болады. Өз қызметінде меншікке сүйенетін басқа да экономикалық субъектілерге қарағанда мемлекет өзінің құқықтарын барлық экономикалық субъектілерден шеттетеді.
Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттігін теориялық түрде негіздеген Дж Кейнс болды. Егер де буржуазиялық саяси экономия ол бәсекелестіктің және кәсіпкерліктің еркіндігі болса, ал Кейнс жаңа қоғамдық қажеттілікті анықтады. Ол мемлекеттің қызметіндегі капиталды тұрақтандыру үшін, жұмыспен қамтуды арттырудың негізгі факторы еңбекақыны төмендету деп санаған классикалық буржуазиялық саяси экономикаға қарағанда толық жұмыспен қамту қажеттігін негіздеді, Кейнс қаржылық еңбек ақыны сақтау қажеттілігін толығымен дәлелдеді. Кейнстің ойынша жұмыспен қамту деңгейін арттырудың негізгі факторы инвестицияны арттыру деп санады және ол инвестицияны реттеу құралдарын атады:
1. Мемлекеттің қаржылық-кредиттік саясаты: Кейнс ұзақ мерзімдік төмен пайызды мемлекеттік қолдауды қолдады және мемлекеттің осы саладағы басқа да шараларын қолдады;
2. Мемлекеттің бюджеттік саясаты, яғни мемлекеттің бюджет пен инвестициядан алатын шығындарын арттыру.
Сонымен, мемлекет бірнеше экономикалық қызметтерді атқарады. Бірінші кезекте ол экономиканың пропорционалды дамуын қолдайды, сол арқылы дағдарысқа қарсы реттеуді жүзеге асырады. Табысты қайта бөлу механизмі арқылы мемлекет жұмысқа жарамсыздарға және уақытша жұмыс істемейтіндерге қолдау көрсетеді, яғни әлеуметтік реттеуді жүзеге асырады. Сонымен бірнеше шаралар арқылы бірінші кезекте экономикалық өмірді құқықтық реттеу арқылы экономиканың тиімділігін арттырады демек, тұрақтылықты, әділдікті, тиімділікті қамтамасыз етеді.
Украина экономикасындағы экономиканы реттеудегі маңызды фактор ол тотальдық мемлекеттік меншік экономикасынан өндіріс құралына өту болып табылады. Осы жағдайда мемлекеттік кәсіпорындар ұзақ уақыт бойы сақталып қалады және мемлекеттің Қазақстандағыэкономикалық процестерге әсер етуі де сақталып қалады.
Қазіргі уақытта тұрғындар мен кәсіпкерлерде нарықтық мәдениет, нарықтық көзқарас, психология өркениетті бизнес этикасы, кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершіліктері енді ғана қалыптасып келеді. Дамыған елдерде ол факторлар адамдардың экономикалық қатынастарын реттеу маңызды мәнге ие. Аталған факторлар жүйесі болмағанда экономикалық қатынастарды реттеу мемлекеттік заң шығару, атқарушылық және сот органдарына жүктеледі.
Сонымен, нарықтық экономиканы әлеуметтік бағыттау негізді болмақ. Онда мемлекет принципиальды жаңа модельге ие болады.
Әр уақытты мемлекеттің елдегі шаруашылықтық өмірдегі экономикалық рөлі өзгерді. Нарықтық экономикада мемлекеттің рөлі әр түрлі: мемлекет экономикалық процессте бәсекелестік жағдайын туғызады, ол өнімді сатып алушы ретінде болады, ол қаржылық шығын шығаратын субъект ретінде болады нарықтық механизмнен бас тарту себептерін жояды.
Бәсекелестік жағдайын тудыру көптеген тауар мен қызмет өндіруші жүздеген кәсіпорындар қаржының, құнды қағаздардың, ақпараттың, білімнің қозғалысымен толықтырылады, ол тек қана тиісті сәйкес келетін заң болғанда тиісті нормативтік құжаттар мен құралдар болғанда ғана мүмкін болады. Адам Смит айтқандай "нарықтың көрінбейтін қолы» тек «заңның қатал қолы» көрініп тұрғанда ғана жақсы қызмет етеді.
Осыдан келіп мемлекет нарықтық экономиканың заңды институционалдық негіздерін құрады:
- жеке меншік құқытарын қорғау (ҚР Конституциясының 41);
- монопольияға қарсы заңнама ( ҚР Конституциясының 42);
- тұрғындарды әлеуметтік қорғау ( ҚР Конституциясының 46);
-сатып алушыларды қорғау ( ҚР Конституциясының 42)
Осы заңдық институционалдық негіздерге сәйкес мемлекет заңдар шығарады, оны бұзу нарықтық баға құруды ауытқуын тудырады және нарық заңдарының әрекетін бұзуды тудырады.
Өнімді сатып алушы ретінде мемлекет атынан үкімет сөйлейді, ол қару сатып алады, пошта, көлік қызметтерін және т.б. сатып алады.
Субъект ретінде қаржылық шығын шығарады, мемлекет табысты қайта бөлу барысында агент ретінде болады. Ондай шығындар трансферттік деп аталады және әлеуметтік қамтамасыз ету болып табылады (велфер). Трансферлік төлемдер ІЖӨ ештеме қоспайды. Олар табысты қоғам арасында қажет етушілерге бөлудегі үкіметтік рөлін көрсетеді.
Нарықтық механизмнен бас тарту себептерін жою үкіметтің нарықтық бәсекелестікті айналып өту арқылы оны реттеу арқылы араласуы арқылы қол жеткізіледі. Ондай араласу реттеу деп аталады.
Нарықтық механизмдегі ауытқулардың басты себебін мына төрт топқа біріктіруге болады: сыртқы экономикалық тиімділіктер, қоғамдық игіліктер; бөлінбеушілік фактісі; монополизм.
Сыртқы экономикалық тиімділіктер - ол өндіріске қатысушылар үшін сыртқы болып табылатын шығындар, олар тауар үшін төленген қаржы. Оны мына мысал арқылы түсіндіруге болады. Кәсіпорын металл өндіріп өзенге өндірістік қалдықты төгеді, ауаға өндірістік улы бу шығарады. Нәтижесінде экологиялық орта ластанады, ол тұрғындардың ауруларын тудырады. Металл бағасын анықтау барысында шикізат шығыны, төлемдер, амортизациялық төлемдер, электроэнергиясын төлеу, су төлемдері есепке алынады, олар өндіріс үшін ішкі төлемдер болып табылады. Егер де осы кәсіпорынға қатысты еш шара қолданылмайтын болса, ол ауаны және суды ластауын жалғастыра береді. Оның алдын алу үшін мемлекет ластау шектері көрсетілген арнайы заң шығарады. Ол заңның бірнеше варианттары болады: ауа мен суды улауға толығымен тыйым салу, қоршаған ортаны ластау үшін салынатын айыппұлды анықтау. Ол қоршаған ортаның ластануына жол бермейді.
Қоғамдық игілікті қоғамның барлық мүшелері пайдаланады. Оған қорғаныс, қоғамдық тәртіпті сақтау, мемлекеттік басқару, энергетикалық жүйе және т.б. жатады. Оны барлық қоғам мүшелері пайдаланады, оған адам қаржы төлесе де төлемесе де пайдаланады. Қоғамдағы игіліктер табысты немесе шығынды болады. Себебі қоғамдық тәртіпті қорғау жеке нарықтық бастамадан жүзеге асырылуын елестету қиын. Сонымен, қоғамдық қажеттілікті жүзеге асыру үшін үкімет барлық тұрғындарды қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет