Казбеков Турлыбек Бельгибаевич Ержанова Салтанат Кулдасбаевна Жаксыбаев Куат Рахметоллаевич «Мемлекеттік менеджмент»



бет41/58
Дата04.11.2023
өлшемі240,11 Kb.
#121818
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   58

1 Ашық нарықтағы операциялар


Мемлекеттік облигацияларды сату және сатып алу. Осы қадамның салдары төменде берілген:
- мемлекеттік облигацияларды сату
- банктардың резервтерін кеміту
- қаржы мен кредит ұсыныстарын кеміту
- ақшаның қымбаттауы, проценттік ставканы арттыру
- инвестицияны кеміту
- өндіріс көлемін, жұмыспен қамту көлемін, табыс көлемін, бірлескен сұраныс көлемін қысқарту.
Егер де банк резервін арттыру мақсатты деп саналған болса онда үкімет нарықтан мемлекеттік облигацияларды векселдер мен басқа да құнды қағаздарды сатып алады. Ақша банктерге түседі және резервті толықтырады және оның тиісті салдары болады;

2 Пайыздық мөлшерлеменің өзгеруі


Ұлттық банк қарапайым банктарға қарыз береді және олардан пайыз алады, оны есептік мөлшерлеме деп атайды. Егер де ол өсетін болса, онда банктардың резерві қысқарады.
Мемлекеттің инвестициялық саясаты қаржылық және кредиттік саясатпен тығыз ұштасып жататыны алдында да көрсетілген болатын, ол механизмдер арқылы жүзеге асырылады. Алайда инвестициялық саясаттың жеке механизмі де бар ол амортизациямен байланысты.
Басқа да шығындар мен өндіріске қарағанда материалдық және еңбекақы көлеміне қарағанда ол нарықпен реттеледі, еңбек құралы шығындарын әдетте мемлекет реттейді. Сонымен, мемлекет ғылыми-техникалық прогресс қарқынына әсер етеді. Сонымен қатар ол таза табысты жасырып қалуға кедергі болады, оны амортизациялық төлемдерге жатқызады. Ғылым мен техниканың дамуын жеделдету үшін өндірісті жаңарту керек, мемлекет амортизациялық төлем мөлшерлемесін арттырады, сол арқылы өндірісті модернизациялай отырып негізгі капиталдың бағасының қайтып келуін жылдамдатады. Осы даму құралының мәні туралы амортизацияны реформалау АҚШ басты шараларының бірі болды. Сол уақытта өндірістік машиналар мен құралдардың амортизация мерзімі 12,7-ден 5, өндірістік ғимараттар 37-ден 15 жыл болды. Жалпы алғанда амортизация мерзімі 40 пайызға жылдамдады.
Қаржы саясаты бірінші кезекте айналыстағы қағаз ақшаны реттеу арқылы жүзеге асырылады. Екінші дүние жүзілік соғысқа дейін яғни нарық аяқ астынан құлдырап қалғанда алтын ақша да аяқ астынан қолданып отырды. Алайда соңғы мерзімде алтын нақты айналыстан жоғалып кетті, нарықта қағаз ақша бедел ала бастады. Алтын ақшаға қарағанда қағаз ақшаны шығарудағы монополиялық құқық мемлекетке тиесілі болды. Демек, оның негізгі қызметі ол қағаз ақшаның нақты айналыс қажеттілігіне сәйкестігін бақылау болды. Алайды, оның көлемі қажеттіліктен артып кетті, сол арқылы инфляция тудырды. Объективтік күш мемлекетке қажетінен де көп ақша шығаруға мәжбүрледі?
Мемлекет сала аралық пропорцияларды реттеу арқылы барлық ауыл шаруашылығын дамытатын салаларды қолдайды. Ол үшін айналысқа қосымша қаржы сомасын шығарады, ол негізгі салаларға бағытталады. Бағаның өсуі нәтижесінде екінші кезектегі салалар нақты қаржы жинақтау мүмкіндіктері болмайды. Осы салалардағы өндіріс қысқарады, ал басымдықты өндірістерде өндіріс артады. Сонымен инфляциялық механизм салалар арасында және кәсіпкерліктер арасында қаржыны қайта бөледі. Сол арқылы жалпы экономиканың тиімділігін арттырады.
Осындай механизм мемлекеттің экономикалық күші үлкен болғанда ғана мүмкін болады. Ал дамыған елдерде осындай жағдай жоқ. Біз сала аралық пропорцияны реттеу механизмін қарастырдық оны қазіргі заман жағдайында жүзеге асыру мемлекетке ғана тәуелді емес. Ол процестер мемлекет қаржы эмиссиясына монополия болса да болады.
Бюджеттік шығындардың үшінші тобы әлеуметтік реттеумен байланысты оның мүмкіндіктері арқылы жеке түрде қарастырылатын болады. Ал енді мемлекеттік қызметтің үшінші әдісін сараптаймыз, ол құқықтық реттеу.
Құқықтық реттеу негізі ол мынада мемлекет экономикалық қызметтің құқықтық негіздерін құрады яғни «экономикалық ойын ережелерін» анықтайды, оған фирмалар, тұтынушылар және мемлекеттің өзі қатысады. Құқықтық негіздер тек экономикамен ғана шектеліп қалмайды. Сонымен қатар олар құқықтар мен меншік иесі формаларын анықтайды, кәсіпорын қызметінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын, әкімшілік пен кәсіподақтың өзара қатынастарын анықтайды.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Государственная служба Германии // 12-й Международный конгресс. М., 1993. С. 35.
2. Вильсон В. Государство. Прошлое и настоящее конституционных учреждений. М, 1905. С. 508.
3. Зверев А.Ф. Теория бюрократии от М. Вебера к Л. фон Мизесу //Советское го­сударство и право. 1992. № 1. С. 90—91.
4. Мескон М.Х., Альберт М., Хедоури Ф. Основы менеджмента: Пер. с англ. М.: Дело, 1993. С. 66—67.

9 лекция тақырыбы. Әлеуметтік жүйе мемлекеттік реттеу нысаны ретінде


1. Адам әлеуметтік жүйенің негізгі элементі ретінде
2. Азаматтарды біріктірудің ұйымдастырушылық-құқықтық формалары
3. Тұрғындарды аумақтық принциптері бойынша бөлу
4. Тұрғындарды өндірістік принцип бойынша бөлу
5. мемлекеттік басқарудағы салалық және қызметтік бастамалары
6. мемлекеттік басқарудағы субъекті мен объектінің өзара байланыстары
7. мемлекеттік басқару жүйесіндегі «Сыртқы орта»




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет