Казбеков Турлыбек Бельгибаевич Ержанова Салтанат Кулдасбаевна Жаксыбаев Куат Рахметоллаевич «Мемлекеттік менеджмент»



бет36/58
Дата04.11.2023
өлшемі240,11 Kb.
#121818
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   58
Унитарлық мемлекет (фр. сөзі unitary, латын сөзі unites – бірлік, жалғыз деп аударылады) – бірыңғай орталықтандырылған өзін-өзі басқарушы бірліктерге бөлінбеген мемлекет. Қазіргі заманғы мемлекеттердің көпшілігі унитарлық болып табылады.
Мемлекеттік құрылымның унитарлық формасы келесі белгілермен ерекшеленеді:
1) бірыңғай территория, әкімгершілік бөлініс бар, алайда әкімгершілік бірліктердің саяси жекелігі жоқ, кей жағдайда кейбіреулеріне автономия статусы берілуі мүмкін;
2) елдің бүкіл территориясында шектеусіз жүзеге асыратын бірыңғай конституция, мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының бірыңғай жүйесі – парламент, мемлекет басшысы, үкімет, сот органдары;
3) құқықтың бірыңғай жүйесі мен сот жүйесі, бірыңғай азаматтық;
4) бірыңғай мемлекеттік бюджет, салықтық, валюталық жүйелер.
Унитарлық бүкіл мемлекеттік аппараттың орталықтандырылуын пайымдайды, жергілікті билік органдарына тікелей және жанама бақылауды пайымдайды.
Мысалы, Қазақстанда әкімшілік-аумақтық құрылысы 14 облыстан тұрады, оларды Президент тағайындаған әкімдер басқарады. Облыстар аудандарға, қалалық аудандарға, ауылдарға, селолар мен поселкілерге бөлінеді. Ал, жергілікті өкілді органдар мәслихат деп аталады, оған депутаттарды халық сайлайды. Жергілікті әкімшілік-аймақтық бөліністердің құқықтары тең.
Федеративтік мемлекет немесе федерация (латын сөзі federation – одақ, бірлестік) – бұл мемлекеттік құрылымда федерация субъектілері белгілі бір саяси және заңдық жекелікке ие болып табылады. Федерация – бұл салыстырмалы түрде жекеленген мемлекеттік құрылымдардан тұратын одақтық мемлекет. Құрама мемлекет – күрделі мемлекет, ол федерацияның мүшелерін біріктіреді. Мемлекеттік органдар екіге бөлінеді: жалпы федерацияның органдары және әрбір мүшесінің жеке органдары. Федерацияның субъектілері өз ішкі істерін өздері шешеді, ал федеративтік орталық органның қолында барлық ішкі-сыртқы билік болады. Федеративтік республика халықаралық құқықтың алдында тек бір мемлекет болуға тиіс. Федерацияда конституция, астана, азаматтық, заңдар, сот және қаржы жүйесі бәрі екіге бөлінеді.
Конфедерация – халықаралық келісімге қол қою арқылы құрылған мемлекетаралық одақ, оның мүшелері өзінің мемлекеттік егемендіктерін сақтайды. Конфедерацияны құрудағы басты мақсат жалпы қызығушылықтарға, мүдделерге (экономикалық, саяси, әскери) қол жеткізу болып табылады. Конфедерация – белгілі бір мақсатқа жету үшін бірнеше ерікті мемлекеттердің уақытша одағы. Конфедерацияда орталық биліктің шешімдері тек конфедерация субъектінің мемлекеттік органдарына жайылады да, жеке адамдарға және ұйымдарға жайылмайды. Конфедерацияның субъектілері халықаралық қарым-қатынастардың субъектілері болып қала береді. Конфедерациялар өте әлсіз және тұрақты емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет