Казбеков Турлыбек Бельгибаевич Ержанова Салтанат Кулдасбаевна Жаксыбаев Куат Рахметоллаевич «Мемлекеттік менеджмент»


Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Төрғасы Мұхамеджанов Орал Байғұсынұлы. ҚР Парламент Мәжілісінің қабылдау бөлімінің тел



бет56/58
Дата04.11.2023
өлшемі240,11 Kb.
#121818
түріЛекция
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Төрғасы Мұхамеджанов Орал Байғұсынұлы. ҚР Парламент Мәжілісінің қабылдау бөлімінің тел.: +7 (7172) 74 61 11 
Мәслихаттар
Мәслихаттар жергілікті өкілді органдар - мәслихаттар тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейді, олардың жүзеге асырылуын бақылайды. Мәслихаттардың қарауына мыналар жатады: аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту; өздерінің қарауына жатқызылған жергілікті әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу; заңмен мәслихат құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау;
Атқарушылық билік
Атқарушылық биліктің мәні оған мемлекеттік істі басқару тікелей жүктелген, ол үшін кең өкілеттілік ету қызметтері берілген. Атқарушылық билік ҚР Үкіметі жүктеген мемлекеттік органдардың өзара күрделі бағыныштылығы арқылы жүзеге асырылады (басқарушылық аппарат).
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі:

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі:


Үкімет қызметін ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшін дербес жауап береді;
Үкімет қаулыларына қол қояды;
Үкімет қызметінің негізгі бағыттары жөнінде және оның аса маңызды барлық шешімдері жөнінде Президентке және Парламентке баяндап отырады; Үкімет қызметін ұйымдастыруға және басшылық жасауға байланысты басқа да қызметтерді атқарады.
Қазақстан Республикасындағы Заң шығарушы билік
Бірегей мемлекеттегі басқаруды ұйымдастыру орталықтық және децентристік бастама негізінде құрылады. Қазақстанда соңғы уақытқа дейін биліктің негізгі уәкілеттілігі орталық деңгейінде шоғырланды алайда, орталықтың барлық мәселені шеше алмауы және жергілікті жерде қайта құруды бастау басқаруды қайта орталықтандырудың маңызды мәселелерін шешіп отыр. Оған Республиканың 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясы бағытталған ол Қазақстан Республикасы азаматтарына Жолдауда көрсетілген. Елді басқарудағы жаңа стратегия туралы айтып отырмыз, онда маңызды орынға аумақтар шығып отыр [1]. 7 қазан 1998 жылғы Конституцияға енгізілген өзгерістер Қазақстандағы билікті демократизациялауға бағытталған, көптеген мәселелерді шешуде Парламенттің рөлін арттыруға бағытталған. Менің пайымдауымша қолданыстағы заңдар тура осы тұрғыдан қайта мағыналануы керек [2].
Жергілікті уәкілетті органдардың басқа да мемлекеттік билікпен өзара әрекеттестіктері туралы мәселе ғалым заңгерлердің үнемі бақылауында болып отыр. Жергілікті уәкілетті (маслихаттар) органы жергілікті атқарушылық билікпен қоса (әкімдіктер) Қазақстан Республикасында жергілікті басқаруды жүзеге асырады. Олардың қызметі Қазақстан Республикасы Конституциясының VIII тарауымен реттеледі және 2001 жылы 23 қаңтарда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңымен реттеледі [3].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет