Казбеков Турлыбек Бельгибаевич Ержанова Салтанат Кулдасбаевна Жаксыбаев Куат Рахметоллаевич «Мемлекеттік менеджмент»


Басқару әлеуметтік институт ретінде



бет19/58
Дата04.11.2023
өлшемі240,11 Kb.
#121818
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   58
1. Басқару әлеуметтік институт ретінде
Әлеуметтік саланы басқару (білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, спорт, туризм, әлеуметтік қамтамасыз ету) бірегей кешен құрады, олар нысандық негізде топтастырылған. Әлеуметтік саланың жалпылығы ол рухани (материалдық емес) сипаты жағынан мазмұны мен идеологиялық бағыты жағынан жалпы профиль мен форма жағынан мекеме, ұйым, кәсіпорын формасы жағынан әр түрлі. Ол қызмет рухани құндылықтар құру мен оны тарату арқылы көрінеді, адамды тәрбиелеу, әлеуметтік-мәдени және басқа да мұраны тарату арқылы көрінеді. Осының барлығы әлеуметтік саланы басқарудағы ерекше ұйымдастыруды көрсетеді, арнайы әдістерді қолдануды және әлеуметтік профильдегі басқарушылық қызмет формаларын көрсетеді.
Қоғам — күрделі әлеуметтік организм, онда экономикалық және әлеуметтік факторлар өзара әрекеттеседі. Осы жағдайда басқару маңызды әлеуметтік институт болып табылады, ол ұйымдастыруды, реттілікті, қоғамның өзін өзі сақтауын қамтамасыз етеді. Басқарудың негізін түсіндіру оның әлеуетін мүмкіндігін пайдалану адамдардың мақсатты және қайта құру қызметтері, қоғамды дамытудағы өмірлік маңызы бар мәселелерді жетістікпен шешу болып табылады.
Сонымен, әлеуметтік институт ретіндегі басқарудағы маңызды белгілер: а) басқару дегеніміз қоғамдық қажетті қызмет, жалпы сипатта және адамдардың ұжымдық (бірлескен) қызметі жүзеге асатын орында; б) басқару дегеніміз адамдардың саналы түрдегі, ерікті қызметтері ол басқарушылық шешімдерін қабылдаумен оны тәжірибе түрінде жүзеге асырумен байланысты; в) басқарушылық әсер ету басқарудың негізгі күші болып табылады, ол қоғамдық жүйеге, оның құрамдық бөлігіне, адамдардың өзін-өзі ұстауына жан-жақты әсер етеді; мақсатқа ие, ұйымдастырушылық және реттеуші қасиеттері бар; г) билікке ие болу басқарудың ажырамас белгісі, нысанға адамдардың өзін өзі ұстауына басқарушылық түрде әсер етудің қажетті жағдайы) басқарудың ұйымдастырушылық (әкімшіліктік) ресімделуі, ол құрылымдарды құруды қамтамасыз етеді және әлеуметтік басқару жүйесінің, оның құрылымдық бөлімдерінің адамдар ұжымының (ассоциациялардың) қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік басқарудың бөлініп алынған белгілерін есепке ала отырып мына анықтамаларды құруға болады: басқару дегеніміз әлеуметтік жүйеге оның құрамдық бөлігіне, ұжымға арнап (ассоциация) оны қоғамда әрекет ететін және қорғалатын әлеуметтік нормативтер негізінде жаңа жағдайға келтіру үшін арнап арнайы құрылған әкімшіліктік (басқару нысаны) басқару аппаратының билікті-ұйымдастырушылық және реттеуші әсерлері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет