Ашықтық қоғамды мемлекеттік орган қызметі туралы үнемі баспа беттерінде ақпараттандырып отыруды көрсетеді.
Мемлекеттік басқарудың құрылымдық негізгі мемлекеттік басқаруы аумақтық-салалық принциптен көрінеді. Ол принциптің негізі ол басқару органдарындағы аумақтық және салалық бастаманың көрінісі.
Орталықтандыру мен қайта орталықтандыру оңтайлы үйлестігі барлық деңгейдегі және мемлекеттік басқарудың барлық аппараттарының басқару органдарының қызметтері мен уәкілеттіктерінің негізі болып табылады. Құрылымдық аспектіден басқа бұл жерде мына мәселелер алға шығады орталық және жергілікті басқару органдарының, мемлекет пен қоғамдық бірлестіктердің құзыретінің шектелуі. Қарастырылып отырған принцип бірегей орталықтандырылған басшылық етудегі жалпы республикалық аумақ көлемінде қандайда болмасын салада демократиялық формаларды қолдана отырып мемлекеттік мәселелерді шешу барысындағы органикалық бірігуін болжайды және әрбір мемлекеттік органның және лауазымды тұлғаның өз әрекеттері үшін жауапкершілігін көрсетеді және қоғамдық бірлестікпен өзара әрекеттестіктерін көрсетеді. Қарастырылып отырған принцип мемлекеттік аппараттың қызмет етуін құрылу ретін әдістері мен нормаларын көрсетеді. Халықаралық қызметтестік-принцип, Қазақстан Республикасының сыртқы саяси міндеттерінен туындайтын қызметінен шығады. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес (8 бап) Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың принциптері мен нормаларын құрметтейді, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-қатынас жасау, олардың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізеді, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тартады.
Халықаралық қызметтестік принципіне сәйкес Қазақстан Республикасының сыртқы саяси, экономикалық және мәдени байланыстары кеңейіп келеді.
3.Мемлекеттік басқарудың салалық принциптері Мемлекеттік басқарудың Конституциялық (негізгі) принциптері салалықтармен толықтырылады. Қызметтік принциптердің қызметтік рөлі олар басқарудың бір саласын бір саланы басқаруды шектеуге арналған негіз болады. Басқарудың заңдылығының кең танымал құрылымы нысанның мақсатқа, субъектіге және басқару принциптеріне қатысы екені туралы ғылыми ереже. Осыған байланысты салалық принциптер жүйесін құру саланың басқару нысаны ретіндегі сапалық ерекшеліктеріне байланысты.
Жалпы сипаттағы және кең қолданылатын конституциялық принциптерге қарағанда салалық экономиканың жекелеген салаларындағы, әлеуметтік саладағы және әкімшіліктік саяси құрылысты мемлекеттік басқарудың өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді. Басқарудың салалық принциптері заңнамалық актілерде тіркеледі, олар қоғамдық қатынастардың тиісті салаларын реттейді.
Мемлекеттік басқарудың салалық принциптері әкімшіліктік саяси салада ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ұзақ мерзімдік басымдықтарға негізделеді, саяси ішілік тұрақтылыққа, сыртқы саяси міндеттерді жетістікпен шешуге негізделеді.