Казбеков Турлыбек Бельгибаевич Ержанова Салтанат Кулдасбаевна Жаксыбаев Куат Рахметоллаевич «Мемлекеттік менеджмент»


№6 Лекция тақырыбы. Мемлекеттік басқару принциптері



бет22/58
Дата04.11.2023
өлшемі240,11 Kb.
#121818
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   58

№6 Лекция тақырыбы. Мемлекеттік басқару принциптері


1 Мемлекеттік басқару негізі мен жіктелуі
2.Мемлекеттік басқарудың конституциялық (негізгі) принциптері
3. Мемлекеттік басқарудың салалық принциптері
4. Мемлекеттік органды құру принциптері

1. Мемлекеттік басқарудың негізі мен классификациялары (жіктелулері)
Басқару принциптері туралы мәселелер қоғамның әр түрлі салаларындағы басқару процестерінің ерекшеліктері мен негізін көрсетуші құқықтық санаттар мен ғылыми санаттар ретінде маңызды теориялық және практикалық мәнге ие.
Мемлекеттік басқарудың негізі мен классификациясы бір жағынан Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына негізделеді, ал екінші жағынан мемлекеттік-басқарушылық саладағы объективтік процестерге негізделеді.
Басқарудың құқықтық (міндетті) принциптері дегеніміз заңнамада жүзеге асырылған басшылыққа алу ережелері. Оны Қазақстан Республикасының Конституциясынан көреміз, онда 1-баптың 2-тармағында республика қызметтерінің негізін құрушы принциптері көрсетілген.
Сонымен қатар, принциптерді мемлекеттік басқару саласындағы негізгі құқықтармен бірлестіруге болмайды, себебі олар мемлекеттік-құқықтық басқарудың әр түрлі деңгейлерінде. Егер де принциптер мемлекеттің басқарудағы негізді және ішкі келісімді көрсететін борлса онда азаматтардың мемлекеттік басқарудағы негізгі құқықтары ретінде осы негізді көрсету болады.
Мемлекеттік басқару принциптерінің қызметтік рөлін мынандай негізгі принциптерде көрсетуге болады: принциптер ресми бағыттар ретінде болады немесе олар заңнамалық актілерде бекітілген және басқарушылық қатынастардың қатысушыларының мемлекеттік құрылыстың басшылыққа алынатын идеяларына сәйкес және мемлекеттік қызметті ұйымдастыруға сәйкес өзін-өзі ұстауын бағыттайды; принциптер басқарушылық қатынастарды құқықтық реттеудің негізі болады (бастапқы негізі).
2.Мемлекеттік басқарудың конституциялық (негізгі) принциптері
Мемлекеттік басқарудың конституциялық (негізгі) принциптері мыналар болып табылады: мемлекеттік билік пен басқарудың бірлігі; заңдылықтар; құқық басымдығы, азаматтардың мемлекет алдындағы еркіндігі және заңдылықтар; азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысудағы теңдігі; мемлекеттік басқарудағы қоғамдық көзқарасты есепке алу және ашықтылық; мемлекеттік басқарудағы аумақтық-салалық; мемлекеттік басқарудағы орталықтандыру мен қайта орталықтандырудың оңтайлы үйлесімдігі; халықаралық қызметтестік. Мемлекеттік басқарудағы аталған принциптер нақты мазмұндармен толықтырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет